Жапырақтар сарғайғанда
1. Таныстыру
2. Күз тақырыбына көркем сөз оқу
3. «Білгенге - маржан» сұрақ - жауап
4. Өнер сайысы
5. Ұй тапсырмасы
6. Сән үлгісі
7. Қорытынды
1 - жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Жапырақтар сарғайғанда» ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Армысыздар ұлағатты ұстаздар!
Бармысыздар жадыраған жас достар!
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық!
1 - жүргізуші: Ендеше ортаға сайысқа қатысушы үміткерлерімізді шақырайық.
/Сайыскерлер ортаға шығады
2 - жүргізуші: Сайысымыздың жоспары мен әділқазыларымен таныстыралық.
1 - бөлім:
1 - жүргізуші: Күз келіп, хан мен ханшайым
Өткізді күзгі бұл айын
Ханшайым тапқыр қыз болды,
Ағызар сөйлеп сөз майын.
Ал ханымыз ақылды,
Барша жұртты шақырды,
Би де билеп, ән айтты.
Қуаныштан шалқыды.
Ендеше, сайысымызды бастайық /Сайыскерлер өздерін таныстырады/
2 - бөлім:
2 - жүргізуші: Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді.
Ерлікті, ерікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді,- деп Қ. Мырза әлі ағамыз жырлағандай бүгінгі күзгі балл мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік. Сайысымыздың екінші бөлімі - күз тақырыбына көркем сөз оқу
3 - бөлім:
1 - жүргізуші: Білім аққан сел дейді,
Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп,
Ақыл ойға кел дейді.
Білім - ой мен арымыз,
Рухани ол нәріміз
Сайыскерлер сіздерге
Қол соғамыз бәріміз!
Бұл бөліміміз «Білгенге маржан» деп аталады. /Жасырынған сұрақтарға жауап беру/
1 - сұрақ:
1. Саумалық деген не? /Жаңа сауған саумал сүтін айтқан/
2. Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін
Қайта туып өмірге қайта келдім,- деген өлең жолдарының авторы кім? /Ж. М/
3. Қай жылы, қай күні Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды? /16/12/1991/
2 - сұрақ:
1/ Жерді қоршап тұрған су қабаты /гидросфера/
2/ Қытай астансы /Бейжің
3/Қазақтың тұңғыш ғарышкері /Т. Ә/
3 - сұрақ: 1/Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай - деген өлеңнің авторы кім? /М. Ө/
2/Қазақстандағы ғарышжайдың аты. /Байқоңыр/
3/Маңғыстаудағы басты мал азығын құрайтын шөп. /Жусан/
4 - бөлім:
1 - жүргізуші: Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалып айтпас,
Әрқашанда нанымды.
Өнерімен танысайық,
Тілекші болып көңілден - деп бұл бөлімімізде сайыскерлер өз өнерлерін көрсетеді.
5 - бөлім:
2 - жүргізуші: Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
О заманда ашқан қазақ өнер сырын,
«Өнер жастан» жаныңдар, шақырған сайыстарға бірі - бірін.
Өнерпаздар - дарындар, көрейік тамашалап, көрермендер,
Көрсетсін сайыскерлер өздері дайындаған қолөнерін - дей келе сайыскерлер үй тапсырмасы бойынша қолөнерлерін көрсетеді.
6 - бөлім:
1 - жүргізуші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз тәнімен.
Өз қолынан шығарған киім үлгісімен,
Сіздерге көрсетеді өз сәнімен. Келесі кезекті сән үлгісіне береміз. / Әділқазылар жеңімпаздарды анықтайды/
2 - жүргізуші: Білім теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз дейміз.
Әдебі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір - күрес, жеткізе ме мұратына.
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге.
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей отырып, «Жапырақтар сарғайғанда» ашық тәрбие сағатын аяқтаймыз.
Тақырыбы: «Көктем аруы»
Мақсаты: Қыз балаларды ұлттық тәрбие негіздері мен салт - дәстүрлерді білуге, халықтың әдеп пен өнерді дәріптеуге үйрету, Ана тілінде таза сөйлей білу дағдыларын дамыту. Инабаттылық пен талғам қалыптастыру.
1 - жүргізуші: Жиналыппыз сәтті күні бәріміз,
Үлкен - кіші жасымыз бен кәріміз.
Төрлетіңдер қадірменді қонақтар,
Гүл жайнаған мына біздің төріміз.
2 - жүргізуші: Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой!
1 - жүргізуші: Армысыздар жиналған қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Алтындай ардақты, айнадай таза, сәуледей жарқыраған апайлар, тотыдай таранған, жібектей созылған, қарылғаштың қанатындай қиғаш қасты, құралайдың көзіндей мөлдіреген сымбатты арулар сұлу көктеммен келіп жеткен төл мерекелеріңіз құтты болсын!
2 - жүргізуші: Қазақ халқы қызды әрқашан қадір тұтқан. «Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе жердің көркі»демекші, «Көктем аруына» қатысатын сайыскерлерімізді қол соғып, қошеметтеп ортаға шақыралық.
/Үкілі кәмшат/ өлеңі жіберіледі.
1 - жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылармен таныстырып өтелік.
Той деп бүгін көңіл шіркін тасады,
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Мектептегі бүгін болар сайыстың,
Әнші шығып, әнмен бетін ашады - дей келе кезекті тамаша әнге береміз.
1 - жүргізуші: Адам баласына тек жақсылық тілеу - ертеден қалыптасқан дәстүр. «Жауынмен жер көгерер, батамен ел көгерер»- дегендей кішкентай аруларымызға аналық ақ тілегін арнай келген әжемізден бата сұралық.
Бақ сынап кеште жарысар,
Білікті көппен табысар.
Әр қызымыз бір дастан,
Ерекше келіп танысар
2 - жүргізуші: сырт көз сыншы болып келеді. Қазылар алқасын таныстырып өтелік.
1 - жүргізуші: Сайыскерлерге байқау шарттарын таныстырып кетелік
1 - Таныстыру
2 - Сен салт - дәстүрді білесің бе?
3 - Өнер алды қызыл тіл
4 - Жеңешеммен біргемін
5 - Көктемгі сән үлгісі
6 - Әжемнің ақ сандығы
1 - жүргізуші: Өнер қуып арулар өтер деймін,
Бір басынан өнері жетер деймін.
Бәсеке түсіп бір сыныптың арулары
Таныстырып өздерін өтер деймін.
«Жеті атасын білмеген жетесіз» дейді, сол себепті де өздерін таныстыру сайыстың алғашқы шарты бол саналады. Әділқазылар бағаларын шығарғанша, жанкүйерлер арасынан ұлдарымыз көктемге арнап өлең - тақпақтарын оқыды.
2 - жүргізуші: Сен салт - дәстүрді білесің бе?
Ал қыздар жарыста тек жеңімпаз ғана болады, ал жеңімпаз болу үшін біз сайыстың екінші шартына көшелік. Екінші шарт бойынша сіздер алдарыңызда тұрған мына суретте арнайы жасырылған сауалдарға жауап берулеріңіз керек.
Шешеңнің шешесі саған кім болады?
Жеті атаңды ата
Әкеңнің шешесі саған кім болады?
Уыз деген не?
Ұлттық ойындарды ата.
Нағашы деген кім?
Жиен деп кімді айтамыз?
Сен әкеңнің әкесіне кім боласың?
Үш биді ата
Сүттен алынатын өнімдерді ата
1 - жүргізуші: Тамаша әнді қабыл алыңыздар. «Әкешім - анашым»
«Өнер алды қызыл тіл» бөлімі
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Өлең оқып, ал біреуі ән салады.
Бүгінгі сайысымызда бәйге алуға,
Арулар ойланбай - ақ жан салады.
2 - жүргізуші: Өнерлінің өрісі кең. Өнер десе асын жерге қоятын қазақ жеті өнерді де аз көрген. Сол себепті де қыздарымыз бұл сайыстың шарты бойынша әуелі өнерлерін көрсетеді, содан соң көктем туралы мақал - мәтел айтудан алдына жан салмауға тырысады.
1 - жүргізуші: Жеңешеммен біргемін бөлімі/ дастархан мәзірі/
Жақсы асын сақтайтын қонақтарға,
Қашан келер, кім келер болжам бар ма?
Ақ дәмін, ақ ниетін жайып салған,
Кім жетер пейілі кең қазақтарға! Ас мәзірін анасының, жеңешесінің қасында жүріп үйреніп жүретін қыздарымыздың дайындаған қазақтың ұлттық тағамдарына кезек берелік.
Ортада «Қызғалдақ» бишілер тобы.
2 - жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі: «Көктемгі сән үлгісі»
Қыз әдемі көрінер көркіменен,
Сән үлгісі өзіне жарасады.
Фантазия үлгідегі тамашаны,
Үміт күтер елімнің болашағы. Ортаға көктем аруларын шақырамыз.
2 - жүргізуші: Әжемнің ақ сандығы. /Қолөнер сайысы/
Қол өнерді көрейік,
Шеберлер жүн иіріп, кесте тоқып.
Жаңылмаған ата - баба жолынан,
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін соңынан. «Шебердің қолы алтын» дейді қазақ. Сөзге де шебер, іске де ұста халқымыздың зор мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтардың бірі - оның қолөнері. Әжелердің сүйікті немересін анықтап алайық, қазылар алқасы бағасын беріңіздер.
1 - жүргізуші: Кімдер жүйрік өнерін білейікші,
Аруы деп мектептің жүрейікші.
Әділ қазылар берсінші әділдікті,
Аруларға сәттілік тілейікші.
2 - жүргізуші: Қызды қыз деп, әсем сұлу деп жасынан табиғаттың заңымен тәрбиелеу ұлттық дәстүрді сақтау қыздарды нәзіктікке, саналылыққа, адамгершілікке тәрбиелейді деп білеміз.
Жапырақтар сарғайғанда
- ramuk_b
- 28 наурыз 2014
- 22923
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Алтын күзге арналған кеш, алтын күз
Ұқсас жаңалықтар:
Аяулы күз, алтын күз!
Көк аспаным мөлдіреп, Шуақты көзім елжіреп Асыр салып жүретін Сары көйлегім желбіреп, Айтшы Нұртуған Бұл қай мезгілдің келгені....Қазақтың келіндері- ай (келіндер сайысы)
Мақсаты: Жанұядағы ата – ене, келін, қайын сіңлі, қайын арасындағы қарым - қатынасты нығайту....Көктем аруы
Құрметті әріптестер, ақ жаулықты аналар, кішкентай бүлдіршіндер бүгінгі «Көктем аруы!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Бүгін үлкен мереке....8 наурыз қыздар сайысы
Мақсаты: Балаларды аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі...Наурызым – асыл айым
Ақтөбе қаласы, №40 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Күзенбаева Гүлжанар Дүйсенбайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.