Сайтқа кіру Тіркелу

Кел, Жаңа жыл ортаға! (жаңа жылдық сценарий)

Музыка: Сахнаға 2 жүргізуші шығады.

1 жүргізуші:
Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті
Уа, халайық той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін
Қарсы алайық Доңыз жылын
Ұзатып сап Тышқанды

2 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Біз сіздерді Жаңа 2023 қоян жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз.
Балалар енді Жаңа жыл мейрамын бастайық.

Ұқыпсыз: Мен Ұқыпсыз адаммын. Абай көшесінен үлкен тапсырма ала келдім. Бірақ мен басқа жерге келген сияқтымын. Мен қайдамын?
(Айналасына қарайды) Мына жер маған таныс емес. Бірақ, бұл маңызды емес. Мен бұл жерге бір маңызды тапсырма ала келдім ғой, ал қалғаны
маңызды емес. Неге келіп едім? А иә! Жаңа жыл мерекесінің өтуі маған тәуелді. Маған Жаңа жылды білдіретін сандар теруім және сөздерді айту керек. (Телефоннан нөмір тере бастайды. Осы кезде 2 адам шығады.)

1. Сайқымазақ:
Қане біздің қонақтар!
Басқаға мойын бұрмаңдар!
Бізге қарай жақындап
Қызық күлкі тыңдаңыздар!
2. Сайқымазақ:
Барлығыңыз білетіндей шыршада
Өте қызық болатынын.
Өлең айтып, би билеп
Сіздерді достар, құттықтап
Барлығы: Жаңа жылдарыңызбен!!!
(Ұқыпсызға көңіл аударады.)
1 Сайқымазақ: (Ұқыпсызға) Сен қайдан келдің? Аспаннан түстің бе?

Ұқыпсыз: Мен бір нәрсені шатастырып тұрған секілдімін. Маған екеуміздің біреуіміз шатасып, басқа жерге келіп тұрған секілдіміз.

2 Сайқымазақ: Біз мерекеге келдік, халық бізбен көңіл көтереді мен білмеймін, сен кімсің өзің?
Ұқыпсыз: Мен Ұқыпсыз адаммын. Родник көшесінен келдім. Жаңа жылға асығып келдім. Енді міне қайда келгенімді білмей тұрмын.
1 Сайқымазақ: Қайда асықсаң, сонда келдің. Қарашы айналаңа адамдарда мереке, барлығы көңілді, бақытты Жаңа жылды қарсылауда!
2 Сайқымазақ: Қане қараңыздаршы, қандай тамаша шырша халық сол мерекені қанекей бізбен бірге қалып көңіл көтеріп бәріміз билейік.
(Би биленіп, өлең оқылады.)
(Ортаға Чебурашка мен Гена баянмен шығады.)
Чебурашка: Мәссаған, Гена қарашы, қаншама халық келген. Мен осыншама үлкендермен балаларды ешқашан көрген емеспін.
Гена: Ал мен көрдім. Зоопаркте жұмыс жасасаң бұдан да көп адам көресің.
Чебурашка: Барлығыңыз амансыз ба? Жаңа жылдарыңызбен! Мені білесіңдер ме?
Мен әлемге белгісіз жануармын. Ал менің атым...
Барлығы: Чебурашка.
Гена: Ал менің – менің атым кім?
Барлығы: Крокодил Гена!
Гена: Мәссаған - қандай ақылды балалар! Ал енді Чебурашка, біздің жаңа әнімізді
айтсақ қайтеді.
Чебурашка: Айтсақ айтайық.
Пусть белеют тропинки
И летают снежинки
И заводит пурга хоровод -
Сразу ясно прохожим,
На сосулки похожим,
Что наступит вот - вот Новый год...
Гена: Я ж играю на горможке
У прохожих на виду...
Чебурашка: К сожелению, Новый год -
Он тоже раз в году...
Чебурашка: Сөздері енді аздап келіспейді. Мен мына жерде өнер көрсетіп кеткен сияқтымын. Ал барлық халық Аяз ата мен Ақшақарды көргісі келіп тұрған секілді. Олардың да келетін уақыты болған секілді. Біз жеделхатты алғанымызға көп болды ғой. Ал енді біздер осы жерге бір би билеп сосын аяз атаны шақырайық.
(Би биленеді.)
Аяз атамен Ақшақарды шақырайық:
Аяз ата, Ақшақар. Аяз ата, Ақшақар

Аяз ата: Уа, жұртым, жиналған.
Көңілдерің дүр маржан
Айналайын ұлдардан
Айналайын қыздардан
Аяз ата, Ақшақар
Жетті жолдан қиналған
Ештеңе емес барлығы,
Алдымыздан күлді арман
Мықтылығым мәлім ғой.
Өтіп кеткен жылдардан
Ақшақар: Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын. Қоян жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін. Тарихи жыл болсын.
Аяз ата: Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын.
Ақшақар: Мен сендермен жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын. Сіздер маған бір өнер көрсетіп бересіңдер ме?
(Би биленеді.)
Аяз ата: Ойбай, жаңа жылдық мерекеңізге қанша балалар келген. Кім тақпақ айтса, кім өлең айтса, ал кім билесе, бәріне де сыйлығым бар. Қане, қайдасыңдар?
Ақшақар маған көмектеседі.
(Би, тақпақ айтылады.)
Ақшақар: Аяз ата, ал мен ең жақсы киінген және өнер көрсеткен сынып жетекшісіне конкурс жариялағым келіп отыр. Ал қане кім бар күшті.
Ақшақар: Жарайсыңдар барлығыңда. Жеңген --------- сынып жетекшісі.
(Аяз ата барлығына дәмді нәрселер береді.)

1 - жүргізуші: О, халайық, жараңдар.
Қилы - қилы заман бар.
Доңыз жылы әне жылыстап,
Кетіп барады қараңдар.
О, халайық, халайық.
Қош айтысып қалайық!

2 - жүргізуші: Құрметті достар! Бізге жақсылықтарымен толы болған. Барыс жылын шығарып салайық.
Мешін: Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2023 жылы қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.!
Келесі жыл бастауын Қоянға беремін. (Сахнаға Қоян шығады.)

2 - жүргізуші: Ар бол, Жаңа жыл!
Бар бол, Жаңа жыл.
Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.
Құт - береке жылы бол, Жаңа жыл.
Қоян: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім. Кешігем деп қатты қорықтым. Менің ең жақсы қасиетім – шапшаңдығым.
Барыс: Мен дағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақ ниет.
Сіздерге мың рахмет.
Барлығы: Қош бол, Барыс жылы, Қош бол!
Ақшақар: Қош келдің Жаңа жыл.
Аяз ата: - Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат. Он екі ай бойы бағып - қақ. Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!
- Ал енді Ақшақар біз кетпестен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік.
(Көріністер кетеді)
(Хормен шыршаны айнала « Шырша жыры» әні орындалады )
- Жаңа жылдарыңмен достар! Шанамызға мінейік Ақшақар. Алда барар ауыл бар, Жыл қуантсын баршаны.
Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.
Барлығы: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!
(Хормен шыршаны айнала «Шырша жыры» әні орындалады )

1 - жүргізуші: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымыз
бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!...

БҚО, Тасқала ауданы,
«Ақбөпе» балабақшасының топ тәрбиешісі
Айшуакова Райса Адиловна
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қош келдің Жаңа жыл

Қош келдің Жаңа жыл

1 жүргізуші: Уа, халайық жараңдар, Айналаға қараңдар! Жаңа жылдық бұл тойды, Салтанатқа санаңдар Қызық көріп, шат болып, Шаттық күліп тараңдар,...
Жаңа Жыл - Жаңа Жыр

Жаңа Жыл - Жаңа Жыр

Жаңа Жыл - Жаңа Жыр 1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар. 2 - жүргізуші: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын....
«Қош келдің, Жаңа жыл» 2024 жылдың балаларға арналған ертеңгілігі

«Қош келдің, Жаңа жыл» 2024 жылдың балаларға арналған ертеңгілігі

Барлық жандар бір білікке қосқан үн Бақытты боп бастады жыл дастанын Қуанышпен келді той деп жаңа жыл Құтты болсын жаңа бақыт достарым...
Жаңа жылдық сценарий 2024 жыл

Жаңа жылдық сценарий 2024 жыл

Келді, міне, сағындырып далама Келді, міне, Жаңа жыл қалама Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып. Кәне, кәне келіңіздер Би билеп ән салып беріңіздер!...
Қош келдің жаңа жыл!

Қош келдің жаңа жыл!

Тақырыбы: Қош келдің жаңа жыл! Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×