Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Аясаңшы, қараша

Аясаңшы, қараша
Есік қақты Қараша Қазан кетіп,
Тұнжыраймын тағы да мазам кетіп.
Жетімсіреп қалыпты - ау айдын көлім,
Аққу, үйрек, тырна мен қаздар кетіп.

Сарғайыпты бөктерде сары дала,
(Мұңайғанға әмәнда - бәрі нала)
Сылқым жырға бір барып қайтпақ едім,
Суық күндер қырын тұр әлі маған...

Келмесімді сылқым жыр білген болар,
Сары бақта сарғайып жүрген болар.
Жыршының да қадірін жабыққанда
Санасына мықтап ол ілген болар.

Табиғаттың құбылды қылықтары,
Сезімдердің есігін құлыптадым.
Сағындырып кеп тұрып қараша - күз,
Салқын жүзін неге бір жылытпады...

Тәуекелге бел буып шығып келсем,
Толыса ма жырға ада жырық кесем.
Алтын күзге жазар ем тәуір өлең,
Ыңғайыма Қараша ырық берсе.
Биғали Шоман
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету