Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Менің кішкентай күнім

Көтеріп сені батырып, көтеріп сені шығарам,
Кішкентай күнім, сенсіз мен өмір де сүріп шыдаман.
Кішкентай күнім, сені мен арқалап жүріп айығам,
Табанға кірген шегеден, миына қаққан сынадан.

Қондырам - дағы ұяңа, отырам өзім күзетіп,
Әлдекімдерден қызғанып, әлсіреп жүрек дыз етіп;
Керімсал түннің кей - кейде кетеді маған сызы өтіп,
Отыра берем сонда да өмірдің кілтін түзетіп.

Қара аспанымнан, кей - кейде қара нөсерлер боратса,
Самалдатқаным мен сені, қапырық болып баратса.
Кішкентай күнім, кеш мені, барлығы - дағы сен үшін,
Иілмес емендерге мен, иілсем кейде садақша?

Бата ғой, күнім, дөңгелеп, шыға ғой, күнім дөңгелеп
Тірліксіз болмау үшін де, титімдей күнім, сен керек!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бір күніммен қоштастым

Бір күніммен қоштастым

Тағы, міне, қоштастым бір күніммен, Қош айтыстым бір күнгі тірлігіммен. Тоқтатып кер толассыз қозғалысты, Түссең-дағы тәңірдің кіндігінен....
Бір баяулап келемін, бір қарқындап

Бір баяулап келемін, бір қарқындап

Бір баяулап келемін, бір қарқындап, Қолым жетер жерлерде тұрды алтын бақ. Асулардан екпіндеп асты арманым, Менің жігіт күнім боп бір жарқылдап....
Қайсарлы қызы ем Қазақтың

Қайсарлы қызы ем Қазақтың

Сығалай берме, жақсылығыма көз тігіп Кеткенсің ауып, қарайламастан ескі үміт! Енді ғана, тани бастадым пендені Енді ғана, тани бастадым ес кіріп......
Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап

Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап

Сен жыладың, жігітім, Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын, Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым....
Мұқағали Мақатаев “Бүгін менің туған күнім” (электронды оқулық)

Мұқағали Мақатаев “Бүгін менің туған күнім” (электронды оқулық)

Мұқағали Мақатаев "Бүгін менің туған күнім" (электронды оқулық). Ерлан Шарапиев Өзбекстан Қарақалпақстан Республикасы, Мойнақ ауданы №18орта...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет

Барлық тегтерді көрсету