Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Мектепте не үйренеміз?

Мектепте не үйренеміз?
ҰОІӘ: Драма
ББС: Қатынас
Мақсаты: Балалардың бойында білімге деген қызығушылықтарын арттыру. Оқу құралдары туралы түсінік беру. Оқу құралдарын күтіп, таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрсету ойын.
Көрнекіліктер: Оқу құралдарының суреттері, интерактивті тақта, слайд.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Мынау менің жүрегім, Барлығы осыдан басталар.
Мынау менің басым, Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым, Мынау менің сол қолым.
Барлық істі атқарған, Бәріміз тату болайық.

Амандасып алайық, Сәлеметсіздер ме, апайлар?
Бүгінгі сабағымызды бастайық.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, отыра қойыңдар. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайыншы, тауып көріңіздер.
Жұмбақ:
Біліміне мол сый - асы,
Балдырғанның ұясы. Бұл не? (Мектеп)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Олай болса осы мектеп туралы не білесіңдер?
Мектепте біз не үйренеміз?
- Мектепте біз оқу - жазуды, сурет салуды, үйренеміз.
- Мектебіміз жайлы не айтасыңдар балалар?
- Қане біріміз айтайық: Біз Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінде оқимыз. Мектебіміз үлкен, әдемі.....
- Мектебіміз сендерге ұнайды ма?
- Олай болса мектебіміз туралы ТАҚПАҚ БІЛЕСІҢДЕР МЕ?

1. Сәлем саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу білім, тәрбие,
Ой санама еккенің.
2. Мектебің мынау класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай боп кіресің,
Таудай болып шығасың.

3. Біз балдырған тең басқан.
Дос құшағын елге ашқан.
Бір қалада тұрамыз,
Бір мектепке барамыз.

4. Мектебім айтар әнім,
Сан рет қайталадым.
Өзіңнен алғанымды,
Өзіңе қайтарамын.
Жарайсыңдар, балалар! Сендер мектепке келерде өздеріңмен бірге не ала келесіңдер?
Дұрыс айтасыңдар, сол оқу құралдарына нелер жатады?
Балалар, ендеше сендерге мен оқу құралдары жайлы ертегі айтып берейін:
Ертегі: «Оқу құралдары хикаясы (ертегі)»
Биыл Жанатбек бірінші сыныпқа барады. Анасы оған оқу құралдарын сатып әперді. Жаңа сөмке, қызыл қапты әдемі қаламсауыты болды. Дәптерді әкелген күні - ақ шимайлап сурет салып тастады. Анасы оған ұрысып еді, атасы:
- Жанатжан әлі кішкентай ғой, қайдан білсін?- деді қорғаштап.
- Түн болды, бәрі ұйқыға кетті. Оқу құралдары үстел үстінде қалды. Қалам шимайланған. Дәптерді мазақ етіп күлді. Дәптер жылап қоя берді.
- Қаламсауыт: Біздің иеміз оған сурет салды ма?
- Салды!- деді бәрі хормен.
- Салса, немен салды?- деді Қаламсауыт.
- Қаламмен!- деді қалам.
- Ендеше дәптердің жауы сенсің!- деді қаламсауыт
- Қарындаш пен қалам қаламсауытта жатады. Қаламсауыт болмаса қарындаш пен қалам жоғалады. Мен оларды өшіремін,- деді өшіргіш.
- Мен болмасам, сен де жоғаласың,- деді қаламсауыт.
- Сенің досың - кітап. Ал, иеміз оны алған жоқ. Сондықтан сенің өзіңді жақтайтын жанашыр жоқ,- деді қалам. Сөйтіп, дәптерге бәрі үстемдік көрсетті.
Таң атты. Бүгін Жанатбек мектепке барады. Ол өте қуанышты еді. Жанатбек киініп, оқу құралдарын салған сөмкесін алып, атасымен мектепке келді. Мұғалімдермен танысты. Мұғалім балаларға кітап таратты. Жанатбек кітаптарды сөмкесіне салды. Кітаптар қаламсауытты басып қалды. Дәптер оған күлді. Кітап: Дәптер, неге күлесің?
Дәптер кешегі оқиғаны баяндап берді. Кітап өзінің олардан ақылдылығын көрсетіп: сендер бәрің бір адамның затысыңдар. Біріңмен бірің байланыстасыңдар. Дәптерге жазу - сызу үшін қалам, қарындаш керек. Керек емес сызықты өшіруге өшіргіш керек Біз барлығымыз оқу құралдарымыз. Иеміздің жақсы оқушы болуына бірлесіп көмек берейік,- деді. Кітаптың ақылын бәрі мақұлдап, енді бір - бірін тыңдап, тату болуға келісті.
«Бірлік болмай, тірлік болмайды.» деген осы балалар.

Ертегі сендерге ұнады ма, балалар? Олай болса балалар оқулығымыздағы суретке қарап, менің сұрақтарыма жауап беріп көріңдерші?
- Жанатбек биыл қайда барады?
- Анасы ұлына қандай оқу құралдарын сатып әперді?
Жанатбек дәптерді қалай былғады?
Қалам, дәптерлер неге ренжісті?
Атасы немересін қайда апарды?
Мұғалім Жанатбекке не берді?
Жанатбек кітаптарды қайда салды?
Кітап достарына қандай ақыл айтты?
Кітаптың айтқаны дұрыс па?
Сендер қалай ойлайсыңдар, Жанатбектің жасағаны дұрыс па?
«Бірлік болмай, тірлік болмас»- деп бәрі қайталайды.
Жарайсыңдар, балалар! Бұл біздің драма сабағымыз болғандықтан, енді осы ертегімізді сахналап көрейікші:
Ертегіні сахналау:
Сергіту сәті:
Біз мектепке барамыз,
Қолға қалам аламыз.
Кітапты да оқимыз,
Суретті де саламыз.(қимылмен көрсету)
Жарайсыңдар! Ендеше жұмбақ жасырайын қане тауып көріңдер:

Ұшымен қазық, торкөзді жазық,
Үстінен өттім асыл сөз жазып. (дәптер)

Қабат - қабат қаптама,
Ақылың болса аттама(кітап)

Ақыл ойдың шырағы,
Зәулім көктей шынары.
Биігіне бойлаған,
Қанбайды адам құмары. (Білім)

Жарайсыңдар! Ендеше осы сөздердегі дыбыстарды дұрыс айтып жаттығайық:
Ме - ме - ме - мектеп.
Ді - ді - ді - дәптер.
Кі - кі - кі - кітап.
Бі - бі - бі - білім.

(2 сөзді буынға бөлгізу, дыбыстық талдау жасату)
Интерактивті тақтаға қарап жасау. Жақсы, балалар, енді осы сөздерге сөйлем құрап көрейік.
Ал, ендеше осы сөздерімізді үш тілде айтып үйренейік:
Мектеп - школа - school
Дәптер - тетрадь - Notebook
Кітап - книга - book

Ой, жарайсыңдар!
Балалар, ендеше «Сөмкеге не саласың?» деген ойын ойнап көрейік. Ол үшін алдарыңдағы қағазда берілген суретке қарап отырып, сөмкемізге қажетті заттарды саламыз. Яғни сызықпен қосамыз.
Ал, енді балалар, болсаңдар, айтыңдаршы, сөмкеге не салу керек?
Ал, қалған заттарды неге салмадық?
Жарайсыңдар, балалар, енді көршімізбен бірігіп, жұп болып, мына суреттерге қарай отырып, суреттегі кейіпкерлердің бейнесіне еніп, өзара диалог құрастырып көрейікші.
Олар не жайында әңгімелесуі мүмкін?
Балалар, суреттегі кейіпкерлерді сомдайды.

Қорытынды:
Сонымен балалар, бүгінгі сабақта біздер нелер туралы айттық?
Оқу құралдарымызды қалай ұстауымыз керек?
Мектепте оқыған сендерге ұнайды ма?
Жарайсыңдар, балалар, ал бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?
Олай болса, бүгінгі сабақ алаған көңіл - күйімізді «Бағдаршам» арқылы бағалап жіберейік. Бағдаршамның жасыл түсі - «өте жақсы», қызыл түсі - «орташа», сары түсі - «онша емес» дегенді білдіреді.
- Жарайсыңдар, балалар! Олай болса біз,

Кітап керек білім таңдап аларға,
Білім керек іске жақсы қараға
Кітап - шырақ қара түнді ашатын,
Білім - жарық нұрын саған шашатын,- деп сабағымызды аяқтаймыз.

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы
Қандыағаш қалалық №2 орта мектебі
0 «В» мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі
Утегенова Майра
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету