Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Төртбұрыштардың аудандарына есептер шығару

Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Шаховское орта мектебі
математика пәні мұғалімі
Касенова Мариям Нұржанқызы

Сабақтың тақырыбы: Төртбұрыштардың аудандары тақырыбына есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың «Төртбұрыштардың аудандары» тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау,бекіту.Аудандарға берілген есептерді шығару ептіліктерін арттыру.
Есеп шығару барысында ережелерді, формулаларды дұрыс пайдалана отырып есте сақтау,логикалық ойлау және талдай білу қасиеттерін дамыту.
Өз ойларын қорытып,математикалық тілде дұрыс жеткізе білуге,ұқыптылыққа,нақтылыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Компьютер, интерактивті тақта,сабаққа қолдану үшін әзірленген слайдтар, деңгейлік тапсырмалар жазылған үлестірме қағаздар.
Сабақтың түрі: білімдерін жүйелеп,жалпылау сабағы.
Кім көп біледі, сол ұтады.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.сабақтың мақсатымен, жоспарымен таныстыру.
Үй жұмысын тексеру.
Слайдтар арқылы формулаларды қайталау.
Аудандар тақырыбына есептер шығару
Үлестірме қағаздар бойынша деңгейлік тапсырмалар орындау.(өзіндік жұмыс)

4. №1.(ауызша есепте) Бір қабырғасы екіншісінен 2 есе ұзын, ал ауданы 32 см2 болатын тіктөртбұрыштың қабырғаларын тап.
№ 2. (ауызша есепте ) Қабырғасы 16 см , ал бұрыштарының біреуі 300 болатын ромбтың ауданын табыңдар,
№ 3.(ауызша есепте) Параллелограмның үш бұрышының қосындысы 2800. Барлық бұрыштарын табыңдар.
№ 4. (ауызша есепте) Тең бүйірлі трапецияның диагоналі бүйір қабырғасымен 1200 бұрыш жасайды.Бүйір қабырғасы кіші табанына тең болатын трапецияның бұрыштарын табыңдар.
№ 5 -№ 8 есептерді тақтада шығару арқылы оқушылардың есеп шығара білу ептілігін дамыту.
№ 5
АВСД параллелограмы берілген.АВ және ВС қабырғалары тең.<ДАВ=300-қа тең. S АВСД-?
№6
АВСД – тең бүйірлі трапеция.АВ=6 см,<АВС =1200, S = 60см2 .PАВСД =?
№ 7.
АВСД –параллелограмм. АВ =10 см, АД = 12см, <АВС=1500. SАВСД-?
№ 8.
АВСД- тең бүйірлі трапеция.АВ= 13 см, АД = 17 см,ВС= 7 см, SАВСД= ?
Деңгейлік тапсырмалар: (өзіндік жұмыс)
1 деңгей.
АВСД –кез келген трапеция.СД= 20 см, ВС =12 см,< ВСД=1500. SАВСД=?
2 деңгей
Берілгені: АВСД=параллелограмм.ВМ-биіктік,
АД=3ВМ. S АВСД=48 см2 . АД-?

3 деңгей.
«тырнақша » өрнегіне қажетті өлшеу жұмыстарын жасап, осы фигураның ауданын табыңдар.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: №227,251.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету