Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Тәуелсіздіктің 27 жылдығына арналған құттықтау, тілектер

Тәуелсіздіктің 27 жылдығына
Тәуелсіздіктің 27 жылдығына Ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығы құтты болсын! Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі, Мықты болсын елімнің керегесі. Тату - тәтті халқымызға бақ қонып, Кетпесін туған жердің берекесі.

Қуан, жұртым Елдігіңді шет елдер мойындады,
Сан армандар іске асты ойыңдағы.
Терезесі тең елдер қатарында
Салтанатпен өтуде тойың - дағы.

Ұланың бар, ұрпағың, іргең берік,
Тағдырыңды тапсырған тізгін беріп,
Азаматтар ақтады сеніміңді
Талай істе танытты кемеңгерлік.

Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 27 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!
***
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.
***
Дәулетіміз шалқып, береке - бірлігіміз жараса берсін!
***
Сізді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сізге игілік пен бақыт, бақ - дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болсын!
***
Егемен еліміз 16 желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтеді.
Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата - бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!
***
Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!
***
Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл...... жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп - көркеюі жолында аянбай етіп жүрген қазақстандықтарды Ұлттық мерекемізбен құттықтағым келеді.
Сіздерге денсаулықтарыңыз мықты, еңбектеріңіз табысты болсын деп тілеймін.
***
Бүгін біз жерінің асты ырғын байлыққа, жерінің үсті парасатты халыққа толы Қазақстан елі Тәуелсіздігінің 27 жылдығын зор салтанатпен атап отырмыз. Көк туын желбіреткен, Әнұранын шалықтатқан еліміздің барша азаматтарына береке - бірлік, жасампаз еңбек, толағай табыстар тілейміз.
***
Сізге Тәуелсіздік күніне орай өз құттықтауымды жолдаймын. Шын жүректен одан әрі ілгерілеу мен өркендеу тілеймін.
***
Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай беруіне деген ыстық ықыласымды жеткіземін.
***
Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріңіз табысты болсын!
***
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шын жүректен шыққан ыстық ықыласымды қабыл алыңыз.
Бұл күн – ата - бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілеймін.
***
Сіздерге игілік, барлық бастамаларда сәттілік, ертеңге сенімділік тілеймін.
***
Сізге ашық аспан аясында егемен еліміздің игілігі жолындағы ісіңізге мол табыс, жанұяңызға береке - бірлік, деніңізге саулық тілеймін.
***
Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Еліміз алып, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды. Дәйім осы биіктен көріне беруге жазсын.
***
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілейміз.
***
Сізді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Өзіңізге берекелі ғұмыр, бейбіт аспан, мықты денсаулық тілейміз. Барша бастама - талпыныстарыңыз жемісті болып, туған Жеріміз, Еліміз – Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін!
***
Әр отбасына татулық пен ырыс - береке, Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілеймін.
***
Баршаңызға аспандарыңыз ашық, көңілдеріңіз шат, еңбектеріңіз жемісті болуын тілеймін. Әрқайсымыздың қажырлы еңбегіңізбен сүйікті Отанымыз – Қазақстан гүлдене көркейіп, нығая берсін!
***
Еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!
***
Ата - бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!

Қуан, қазақ, күн туды қуанатын!

Ендіктерді аралап еркін дүбір,
Алаулатты керемет көркіңді нұр.
Алақайлап аспанға атып тұрып,
Берекелі бастағы бөркіңді бір...
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Қазақ елі азат,
Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат,
Бұдан нұрлы шақ бар ма?
Бұдан асар бақ бар ма?
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Әдіптеді арманды әуелгі үміт,
Кекете алмас қазақты жау ел күліп...
Тәуелсіздік туындай биік еңсең,
Кетті бүгін келмеске тәуелділік...
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Қазақ елі азат,
Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат,
Бұдан нұрлы шақ бар ма?
Бұдан асар бақ бар ма?!
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Төрт түліктен майысып арқа, белдер,
Тойлап жатыр ой, қырда дарқан ерлер...
Танып жатыр, мойындап Қазақ Елін
Танығысы келмейтін тарпаң елдер...
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Қазақ елі азат,
Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат,
Бұдан нұрлы шақ бар ма?!
Бұдан асар бақ бар ма?!
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!
(Базарбай Исаев)

Тәуелсіздік күніне арналған өлеңдер:

Желтоқсанның қанды суық ызғары

Тәуелсіздік – тірегім

Еркіндігім қасиетім

Тәуелсіздік таңы атсын елімде

Желтоқсан. Тәуелсіздік

Ата-бабам аңсаған тәуелсіздік

Тәуелсіздік

Тәуелсіздік

Тағы да құттықтау, тілектер:

Ұстаз, мұғалім күні мерекесімен құттықтау тілек

1 желтоқсан тұңғыш президент күні құттықтау - тілектер

Жаңа жылға арналған тілектер, құттықтау

Тұсаукесер тойына арналған тілек, құттықтаулар

Туған күн құттықтау, тілек айту, досқа тілек

Туған күнге тілек (аға, көке, тәте)

Құттықтау - тілек: Туған күнге (Жолдас, дос, құрбы, жан дос)

Досқа арналған өлең шумақтары

Туған күнге арналған тілектер

Туған күнге тілектер, құттықтаулар
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздік – елдігімнің тұмары, ерлігімнің шынары

Тәуелсіздік – елдігімнің тұмары, ерлігімнің шынары

Өз елін, өзінің кіндік қаны тамған туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін түсінбейтін адам жоқ. Біздің туған еліміз – Қазақстан! Даласы қараса...
Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным! атты іс - шара

Жайнай бер, жасай бер, менің Қазақстаным! атты іс - шара

Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы айту арқылы студенттер бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру...
Дара және күрделі етістік

Дара және күрделі етістік

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы, №241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Искакова Анар...
Тілім барда білмеймін мен қайғыны

Тілім барда білмеймін мен қайғыны

Атырау қаласы №35 мектеп-гимназиясының мұғалімі Құбиева Нұргүл Паңгерейқызы...
Тәуелсіздік туы желбіре...!

Тәуелсіздік туы желбіре...!

І жүргізуші – Айшуаков Мерлан ІІ жүргізуші – Чеснакова Aня І жүргізуші: Қазақстан – байтақ ел, нұр мекенім Қазақстан – айым менен күнім менің....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет

Барлық тегтерді көрсету