Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Семей қаласы

Сабақтың тақырыбы: Семей қаласы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Семей қаласы туралы жан-жақты мағлұмат беру, көмекші есімдерге байланысты білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: жаңа сөздермен, көмекші есімдермен сөз тіркестерін, сөйлем құрастыруға дағдыландыру,өз ойларын еркін, әрі жүйелі түрде жеткізуге машықтандыру.
Тәрбиелік: оқушыларды мемлекеттік тілге құрмет пен Отанымызға, қаламызға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: топтық, сұрақ-жауап, іздендіру, ой шақыру, көрнекілік әдістері, талдау, салыстыру.
Технологиясы: Блум жүйесі, модульдік оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологияларының элементтері, интерактивтік оқыту, СТО жобасы
Техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих, әдебиет, музыка, математика

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Міндеті: оқушыларды сабаққа дайындау
Мазмұны: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
Сабақтың мақсаты: Балалар, біз өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық? Ия, біз өткен тақырыпта Астана қаласы туралы әңгімелеп, әдемі, үлкен ғимараттармен, көмекші есімдермен, жаңа сөздермен таныстық.
Ал бүгінгі сабағымызда «Семей қаласы» тақырыбымен танысып, көмекші есімдерді қайталаймыз. Енді бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын дәптерлеріңе жазыңдар.
Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы Семей қаласы болса, қалай ойлайсыңдар, сабақтың мақсаты қандай? Біз бүгін нені білеміз, нені үйренеміз?
ІІ. Жаңа сабақ
Сынып 3 топқа бөлінеді.
І топ – Тұлпар
ІІ топ – Сұңқар
ІІІ топ – Қыран
Топ басшылары сайланып, топ басшыларына бағалау парағы беріледі, сабақ соңында топ басшылары топ мүшелерін бағалайды.
Сабақ блум жүйесі негізінде жүреді.
І. Білім
- Ой шақыру

Оқушыларға Семей қаласы туралы мәлімет жинап келу берілген.Оқушылар слайдтар негізінде Семей қаласы туралы баяндайды.(Слайдтар негізінде №6-25)
Семей – Шығыс Қазақстан облысының ірі қалаларының бірі. 1718 жылы Семипалатная қамалы ретінде негізі қаланды. 1782 жылы қала мәртебесін иеленді. 1783 жылы Семипалатинск деп аталды. 1851 жылы қала гербі бекітілді: «Қалқанның көкшіл бетінде алтын тиелген түйе, оның үстінде күміс ай мен бесбұрышты жұлдыз. Қалқанның жоғары жағында қаланың алтын тәжі бейнеленген»
ХҮІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысында өткен сауда торабы. ХІХ ғасырда саяси жер аудару мекені болды.
1997 жылы Шығыс Қазақстан облысының құрамына кіргізілді.
2007 жылғы Елбасы жарлығымен қала Семей атын иеленді.
Семей 2781 мың га жерді алып жатыр, халқы 300 мың адам.
«Семей» деген сөздің өзі көне түркі тілінде «рухани орта» дегенді білдіреді.

Семей қаласы Ертіс өзені бойында орналасқан. Ертіс өзеніндегі жаңа аспалы көпір қала көркіне, мақтанышына, символына айналды. Жүздеген шақырымға созылған қарағайлы орман бар. Қалада орталық саябақ, балалар саябағы, балалар биологиялық орталығы, су бағы, жеңіс саябағы бар.
Қала аумағында бірнеше мұражай: тарихи-өлкетану мұражайы, Абайдың қорық мұражайы, Ф.М. Достоевскийдің мұражайы, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайлары қызмет етеді.

Кинотеатрлар, кітапханалар, мәдениет үйлері, Жастар сарайы есігі көрермендерге айқара ашық. Қазақ және орыс театрлары жұмыс істейді.
Қалада 9 мешіт, 2 православие шіркеуі, тағы басқа діни орындар жұмыс істейді.
Еуразия құрлығының кіндігі болып табылатын Абайдың, Мұхтардың туған жері – Шыңғыстау. Онда Абайдың мұражай үйі, «Еңлік-Кебек» зираты, Еуразия кіндігі ескерткіші, Абай-Шәкәрім кесенелері бар.

Семей қаласында 20 жоғарғы оқу орны,14 колледж, 5 кәсіптік-техникалық мектеп, 82 жалпы білім беретін мектеп бар. Қалада Шәкәрім, Қабанбай батыр, Абай, Мұхтар Әуезов ескерткіштері, Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерге, ядролық сынақтардың құрбандарына арналған ескерткіштер бар.
Қазақ халқының көптеген ғалымдары мен өнер қайраткерлері Семей қаласында дүниеге келген. Ұлы ақын Абай Құнанбаев, ақын-философ Шәкәрім Құдайбердіұлы, академик-жазушы Мұхтар Әуезов. Өнер жұлдыздары, әнші Б.Төлегенова, Р.Рымбаева, ғалым Қ.Мұхаметқанов, жазушы Р.Сейсенбав, сазгер Б.Алибасов, айтыскер ақындарымыз С.Тоқтамысова, Р.Зайтовтардың Семейден шыққанын мақтан етеміз!

ІІ. Түсіну (слайд №25)
- Бес жол өлең (сэнкуэн): Семей
1. Зат есім (1)
2. Сын есім (2)
3. Етістік (3)
4. Мақал-мәтел немесе сөйлем (1)
5. Синоним (1)
ІІІ. Қолдану (слайд №27)
- «Кім жылдам?» (схемамен жұмыс)

І. с
І. Топ: театр
ІІ. Топ: мұражай
ІІІ. Топ: автобус
Схема негізінде осы сөздерді қатыстыра отырып бірнеше сөйлем құрайды.
- «Сөздер жарысы» ойыны (слайд №28)
Есім. Осы сөздің әр дыбысына көмекші есімді сөз тіркесін құрастыр.
Е -
С -
І -
М –
Сөз құрау, көмекші есімдерді қатыстырып сөз тіркесін құрау, сөз тіркесі негізінде сөйлемдер құрау.
ІҮ. Талдау
- Математикалық тәсілмен фонетикалық талдау
Мұражай, ескерткіш, ғимарат
Ү. Салыстыру: Ввен диаграммасы (слайд № 31)

ҮІ. Жинақтау
-Ой толғау
Көмекші есімдерді қатыстыра отырып «Болашақтағы менің қалам» атты тақырыпта шығарма жазу.
- Кубизм стратегиясы: Семей, көмекші есімдер
1. Суреттеңіз
2. Салыстырыңыз
3. Зерттеңіз
4. Қолданыңыз
5. Атаңыз
6. Бағалаңыз
ҮІІ. Бағалау.
Топ басшылары бағалайды
І ІІ ІІІ ІҮ Ү ҮІ ҮІІ Баға

ІІІ. Үй тапсырмасын беру (слайд №33)
Әдеби кітаптардан көмекші есімдері бар 5 сөйлем теріп жазып келу.
Үлгі:
ІҮ. Қоштасу. «Менің қалам –Семейім» атты ән орындалады.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету