Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Өсімдік, жеміс, көкөніс, дәнді дақылдар туралы жұмбақтар

Бір шар бар кіріп шығар есігі жоқ,
Су ішер, нан жемейді, тамағы тоқ.
Ішінде көп балапан етер мекен,
Ас қылып сойып жесең балдай екен. (Қарбыз)

Құдая, құдіретіңнің панасынан,
Таңым бар мен құдайдың бар күшіне,
Анасы туады екен баласынан. (Қауын)

Ұзын - ұзын әулие,
Онан да ұзын әулие.
Тораңғылдың түбінде,
Теңкиіп жатқан әулие. (Асқабақ)

Ояғы тау, бұяғы тау,
Ортасында бұжыр тау. (Жаңғақ)

Алма дерсің, түсіне қарап,
Жүгері дерсің, ішіне қарап,
Татсаң тәтті, бал шәрбәтті. (Анар)

Үлкендігі алмадай,
Сырты жанған қызыл от,
Ішін жарып қарасаң –
Майда, майда қызыл шоқ. (Анар)

Өзі қызыл, өзі қызық,
Ортасында бір сызық. (Шабдалы)

Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызғылт дәу жатыр. (Қызылша)

Үлпершекке қан құйып,
Үріп талға байладым. (Бүлдірген)

Ирек - ирек әкесі бар,
Желбіреген шешесі бар,
Тәттібике деген қызы бар. (Шие)

Бұты, бұты ұзын,
Бұтынан да қолы ұзын. (Жүзім)

Қыста - мазар,
Жазда - базар. (Жүзім)

Азар, азар кетті,
Әкесі мазар кетті,
Баласы базар кетті. (Жүзім)

Аспай піскен,
Қайнамай түскен. (Жеміс)

Отырған мекен етіп жапан дала,
Бір талай мақұлыққа болған ана.
Мезгілі жеткен шақта жүкті болып,
Алты айда табады екен сансыз бала. (Алма ағашы)

Түсі бар ақты, көкті, қызыл ала,
Пайдасы адамзатқа тиген жаңа.
Қойыпты ортасына қазық қағып,
Сүйкімді көреді екен бала - шаға. (Алма ағашы)

Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты. (Алма)

Гүлсіз миуа піседі,
Көп жесең тіл жарады.
Ай сияқты дөңгелек,
Бұны кім табады? (Әнжір)

Сырты қызыл, іші ақ,
Ортасында бір таяқ. (Жиде)

Қар астында қыстағаны,
Жасыл бөрік тыстағаны. (Күздің егіні)

Жасынан тәрбиелеп бала бақтым,
Өсіріп ол баланы жұртқа жақтым.
Күніне екі - үш рет көрмей тұрсам,
Болмайды бұл дүниеде менің нақтым. (Егін, ішкен тамақ)

Алтын аяқты,
Алтын десем - азығы жоқ,
Ол жоқ болса - алуы жоқ.
Дүние толған адамның
Баршасы да теп - тегіс,
Біріне бірі қарауы жоқ. (Астық пен аштық)

Мысық мұртты,
Өрмек басты. (Бидай)

Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында наны бар. (Бидай)

Екі жағы бүртік,
Ортасы сызық. (Бидай)

Аласа ғана бойы бар,
Қойнына тыққан наны бар. (Бидай)

Өзі қызық,
Бауырында бар
Жалғыз сызық,
Бұған жұрттың бәрі де ынтық. (Бидай)

Бек тұрған,
Белін буып,
Тек тұрған. (Бау бидай)
Желі басында бес бие,
Бесеуі де жас бие.
Құлындары құла ала,
Құлақтары сары ала. (Масақ)

Аласа терек,
Алпыс бұтақ,
Бұтақ сайын ұя,
Ұя сайын жұмыртқа. (Масақ)

Бойы бір қарыс,
Сақалы екі қарыс. (Жүгері)

Жерден шығар көгеріп,
Беліне қылыш байланып. (Жүгері)

Қол басындай ағашта
Сансыз адам байлаулы,
Санасаң саны бар,
Аяғында жаны бар. (Жүгері)
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық сабақ жоспары, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету