Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Витаминдер

8 сынып
Сабақтың тақырыбы: $ 51 Витаминдер
Мақсаты:
1. Білімділік. Витаминдер, олардың ашылу тарихы, витаминдердің түрлері, олардың ағзадағы маңызы, олар жетіспегенде және ағзада көп болғанда туындайтын аурулар туралы түсінік беру
2. Тәрбиелік Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты азамат болып өсуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық. Балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып дүниетанымдық көзқарастарын дамыту, өзінің ойын, пікірін еркін жеткізе алатын тұлға болып қалыптасуына ықпал ету, оны дамыту.
Пәнаралық байланыс: Биология - ағылшын - орыс тілі – медицина
Сабақ түрі: Баспасөз конференция
Көрнекілігі: Н. И. Лунин фото суреті, витаминдер муляжы, электрондық оқулық, флипчарт
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
Тақтадағы тағамдарды жинау. Тағамдардың артында 1 сұрақ жасырылған соған жауап бергенде ғана жинай алады.
1. Зат алмасуды ғылыми түрде қалай атайды? (метаболизм)
2. Заттар мен энергияның алмасуы неше сатыдан тұрады? (2)
3. Энергетикалық алмасу дегеніміз не? (органикалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінетін реакциялар жиынтығы )
4. Энергияны өлшеу бірлігі (джоуль)
5. Энергетикалық алмасу неше кезеңнен тұрады? (3)
6. Энергетикалық алмасудың кезеңдерін ата (дайындық, оттексіз, оттекті)
7. Дайындық кезеңіндегі энергия қайда жұмсалады (жылу түрінде бөлінеді)
8. Оттексіз кезең қайда жүреді (цитоплазмада)
9. Анаэробты дегеніміз не? (оттексіз)
9. Оттекті алмасу қайда жүреді (митохондрияда)
10. 1 г. Май ыдыраған кезде қанша энергия бөлінеді? (39, 1кДж)
3. Жаңа тақырып
(Бір апта бұрын төрт оқушыға арнайы тапсырма берілді. Әр оқушы өзіне берілген тапсырмаға сәйкес сабаққа әзірлікпен келеді).
Пән мұғалімі: Балалар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз ерекше тақырып. Ол витаминдер деп аталады. Витаминдер және олардың маңызын түсіндіру үшін еліміздің үлкен қызметте істейтін адамдарын шақырып отырмыз.
Олар: ҚР Президенті
ҚР Денсаулық сақтау министрі
ҚР Тамақтану академиясының президенті
ҚР Тамақтану академиясының вице президенті
(Аты аталған оқушылар арнайы әзірленген орынға жайғасады)
Балалар, сонымен бірге бүгінгі біздің сабағымызға шетелдің және еліміздің тілшілері қатысып отыр.
Олар: «Нью-Йорк таймс» газетінің тілшісі -
Ресейдің « Караван» газетінің тілшісі -
«Денсаулық» журналының бас редакторы -
«Отбасы және денсаулық» журналының тілшісі -
Пән мұғалімі: Витаминдер ерекше органикалық заттар. Адам олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Ал витаминсіз біздің ағзамыз қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Витамин латын тілінен шыққан («Вита» өмір, «амин» азот қосындысы.)
Витаминдерді 1880 жылы орыс дәрігері Николай Иванович Лунин (1853 - 1957) тапты. 1880 жылы Лунин тышқандарға тәжірибе жасаған. Тышқандардың бір тобын сүтпен, екінші тобын сүтте болатын қоректік заттардың жасанды қоспасымен тамақтандырды. Біраз уақыттан кейін бірінші тобы - ауырмайды, екінші тобы ауруға шалдыққан. Сондай – ақ қабығынан тазартылған күрішті пайдаланған елдерде бери-бери ауруы етек алған.
Ал күріш қабығынан бөлініп алған кристалдық заттың кішкене мөлшері ауруды жазған. Мұны 1911 жылы К. Функ дәлелдеген. 1922 жылы орыс дәріге Н. А. Бессонов қарағай бұтағы мен лимоннан аскорбин қышқылын (С) бөліп алды.
Қазіргі кезде витаминдердің 30 - ға жуық түрі бар. Витаминдер, әсіресе балалар мен жасөспірімдер өсуі, дамуы үшін қажет. Ағзаның түрлері ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Витаминдер өсімдіктерді және жануартекті тағамдар құрамында кездеседі. Адамға тәулігіне 180 - 200мг витаминдер керек.
Витамин жетіспесе - авитаминоз
Витамин шектен тыс көп болса - гипервитаминоз
Витаминдердің топтары

Майда еритін Суда еритін
А, Д, Е, К С, РР, В топтары
Витаминдерді суда және майда ерігіштігіне байланысты 2 - ге жіктейді.
1. майда еритін витаминдер
2. суда еритін витаминдер.
Витаминдерді латынның бас әріптерімен белгілейді. Мысалы: A, B, C, D т. б (электрондық оқулық арқылы )
1. Майда еритін дәрумендер туралы ҚР Тамақтану академиясының вице президенті әңгімелейді.
Майда еритін витаминдер( A, D, E, K)
А витаминдер ретинол - ағзаның өсуіне, дамуына әсер етеді. Түрлі ауруға қарсы тұру қабілетін арттырады. Көздің көргіштігін жақсартады. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылады, адам түнде, іңірде «ақшам соқыр» деп аталатын ауруға шалдығады. Ол сүтте, бауырда, қызанақта, өрікте, асқабақта болады. Оның ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 2, 5 - 10, 5мг.
Д витаминдер кальциферол - адамның терісінде күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен пайда болады. Жәнеде ұлпаның мықтылығына әсер етеді. Бұл витамин жетіспегенде жас сәбилерде мешел ауруы п. б. Бұндай сәбилерде қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен сынып кетеді. Баланы бұл ауруға шалдықтырмау үшін күн сәулесіне шығару қажет. Ол балықтың уылдырығында, құс етінде, жұмыртқада болады. Тәулігіне қажетті мөлшері 2, 5мг.
Е витаминдер токоферол – ағзаның зат алмасу процесіне және көбеюіне әсер етеді. Эротроциттер қабықшасының бұзылуынан сақтайды. Ол жетіспегенде – қаңқа бұлшық етінің бұзылуына, жыныс бездерінің әлсізденуіне әкеліп соқтырады. Ол өсімдік майында, жұмыртқада, көкөніс, ас жапырақтарында болады. Оның ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 10 - 20мг.
К витамині филлохинон – қанның дұрыс ұюына әсер етеді. Ол жетіспегенде қан ұйымайды. Ол ішекте болатын микроорганизмдерде түзеді. Ол қырыққабатта, қызанақта, бауырда, томатта кездеседі. Оның ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 0, 2 - 0, 3мг К витамині қажет.
2. Енді суда еритін витаминдер жайлы ҚР Тамақтану академиясының президенті әңгімелейді.
Суда еритін витаминдер:
С витамині ( аскорбин қышқылы )- ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Сүйекке, тіске беріктік қасиет береді. Ол биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол жетіспесе адам құрқұлақ ауруына ұшырайды, тіс түбі қанайды. Ол бұрышта, аскөкте, көкжуа, қызанақ, қырыққабат, картоп, лимон, құлпынай, итмұрында болады. Тәуліктік мөлшер 60 - 100мг
В витамині (тиамин)- зат алмасуға қатысады. Ас қорыту мүшелерінің сөл бөлуін арттырады. Жүректің жұмысын жақсартады. Ол жетіспесе бери - бери ауруына ұшырайды. Соның әсерінен жүрек, асқазан жұмысы бұзылады. Ол бауырда, бүйректе, етте, сүтте болады.
В2 витамині (рибофлавин )- ұрықтың және баланың өсуіне, дамуына әсерін тигізеді. Ол жетпесе көздің мөлдір қабықшасы қабынып, катаракта ауруы п. б. Ол бауырда, етте, сүтте, жұмыртқада, бұршақта болады.
В5 витамині (пантотен) май қышқылдарын, бүйрек безінің гормондарын түзу үшін қажет. Ол жетіспегенде адам әлсізденіп, тез шаршайды, басы айналады, терісі жырылады. Ауыздың шырышты қабықшасы бұзылып, жүйке ауруына ұшырайды. Ол бидайда, бұршақта, картоп, бауыр, жұмыртқа, теңіз балықтарында болады.
В6 витамині (пиридоксин) нәруыздың алмасуына, ферменттердің түзілуіне қатысады. Аминқышқылдарының алмасуын реттейді. Ол жетіспегенде қояншық, селкілдеуік, қаназдық ауруы п. б. Ол бидайда, бұршақта, сырда, сиыр етінде, бауырда, теңіз балықтарында болады. Тәуліктік мөлшері 2, 3мг.
В12 витамині (цианкобаламин) қанның түзілуі үшін қажет. Жүйке ұлпасының өсуін реттеуге қатысады. Ол жетіспесе қаназдық ауруына шалдығады. Ол бауырда, бүйректе болады. Тәуліктік мөлшері 2 - 3мг.
РРвитамині (никотин қышқылы) ішек - қарын қызметіне әсер етеді. Ол жетіспесе адам өзін дәрменсіз сезінеді. РР витамині жасушаның тыныс алуына, бауырдың қызметіне әсер етеді. Теріде көпіршіктер мен дақтар п. б. Адам пеллагра ауруына шалдығады. РРвитамині бауырда, жұмыртқада, қара нанда, жаңғақта болады. Тәуліктік мөлшері 15 - 25мг.
Тамақтарда витаминнің сақталуы және авитаминоз, гипервитаминоз аурулары туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі әңгімелейді
Тамақты сақтағанда және өңдегенде витаминдер бұзылады. С витамині бұзылмай сақталуы үшін – жемістер мен көкөністердің қабығы өте жұқа етіп аршу қажет. Витаминдер ағзада жетіспегенде авитаминоз ауруы п. б. Авитаминоз кезінде ағзада зат алмасу бұзылады. Витаминдерді шектен тыс пайдалану ағзаға өте зиян. Бұл кезде ағзада улану п. б. Бұл улануды гипервитаминоз д. а. Сондықтан витаминдермен егілу немесе ішу тек дәрігердің кеңесімен ғана пайдалану қажет. «Ас жүрген жерде ауру жүрмейді» дейді халық. Сондықтан да адам ішкен тамағына көп көңіл бөлуі қажет. Сонымен витаминдер нәр десе нәр, жан десе жан беретін дәнекерлер.
ҚР Президенті халықтың әл - ауқатын және денсаулығы жайлы әңгімелейді.
Қымбатты Қазақстандықтар!
Қазіргі таңдағы менің Елбасы ретінде алға қойған басты мақсатым – халықтың әл - ауқатын арттыру.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметтеріне қарағанда адамның денсаулық жағдайы оның өмір салтымен тамақтануға 70%- ға тәуелді екен. «Ас адамның арқауы» - дейді халық. Атап айтсақ, тәнге күш – қуат тек тамақ арқылы келеді. Сәби күнінде дұрыс тамақтанбаған адамның денсаулығы да оншалықты болмайды. «Дені сау ұлт болу» үшін алдыменен азық - түліктің құрамы мен сапасына көңіл бөлген жөн.
Азық - түлік өнімдері қашанда еліміздің алтын қоры, ұлттық жетістіктері екені белгілі. Шет елден әкелінген және республикамызда шығарылатын азық - түлік өнімдері Мемлекеттік санэпидқадағалау органдарының нормативті құжаттарының талабына сай болып, олардың сапа кепілдемесі болуы шарт.
Қазіргі таңда біздің стратегиямыздың маңызды мәселесі - қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің: балалардың, аналардың, аға - ұрпақтың өмірін лайықты қамтамасыз ету. Мемлекет бұл мәселелерді шешу үшін қаражатын аямайтын болады. Балалар мен аналарға мемлекет үлкен көңіл бөліп отыр. Олар тегін темірі бар, иоды бар препараттар және биологиялық белсенді заттармен қамтамасыз етіліп отыр. Әл - Фарабидің тамаша ұлағатты сөзі бар екен: « Адам денесінің жетілуі – денсаулығы: егер дені сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек». Сондықтан Қазақстан бәсекеге қабілетті ел болу үшін, онда тұратын азаматтарының дені сау, білімді, салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар болуы тиіс.
Тілшілердің қонақтарға сұрағы:
1. Сұрақ: Мен,............., «Нью-Йорк Таймс» газетінің тілшісімін.(Сұрағын ағылшын тілінде қояды, аудармашы қазақшаға аударып тұрады). Менің ата - бабам Қазақстанда туған, қазақтың салт - дәстүрін жақсы білген. Менің сұрағым Тағамтану академиясының президентіне:
- Қазақ халқы бауырсақ, қуырдақ сияқты қуырылған тамақтарға өш. Қуырылған тамақ дүниежүзі бойынша жақсы деп саналмайды. Қазақ халқы неліктен осы әдеттен арылмайды?
Жауап:- Бауырсақ пен қуырдақ қазақ халқының ұлттық тағамдары болып саналады. Сондықтан бұл тағамдарды ағзаға зиян деп халық пайдаланбайды деп айта алмаймын.
Екінші сұрағым ҚР Президентіне:
- Президент мырза! Нан жасауға қажетті ұнды техникалық қайта өңдеу кезінде кебекпен бірге ең қажетті витаминдердің 90% жоғалып кетеді. Сондықтан Англияда, Америкада ұнды витаминдермен, темірмен байытады. Биологиялық белсенді қоспалармен байыған ұн ағзаға өте қажет. Қазақстанда осындай әдіс бар ма?

Жауап:- Сұрағыңыз үшін алдын - ала рахмет айтамын. Өте құнды сұрақ. Бұл әдіс Қазақстанда 2002 жылдан бастап іске аса бастады. Қазір Қазақстанда витаминдермен, темір және мырышпен байытылған жоғары және бірінші сұрыпты бидай ұны өндіріледі. Болашақта да іске аса береді деп ойлаймын.
2. Сұрақ: Мен,............., Ресесйдің «Караван» газетінің тілшісімін.(Сұрағын орыс тілінде қояды, аудармашы қазақшаға аударып тұрады).
Сұрағым вице - президентке:
- Қазақ халқы тамақтану дәстүрінде кездесетін кейбір кемшіліктерден арыла алмай келеді. Олар бәрі майлы тағамды, майлы етті жақсы көреді. Май ағзада холестеринді көбейтеді. Осыған не айтасыз?
Жауап: - Қазақ халқы баяғы көшпенді кездерінде қыстың ызғарлы аязына төтеп беру үшін кілең майлы тағамдар ішкен. Отырықшылыққа айналғаннан кейін де бұл әдет қалмай келеді. Қазақта мынадай мақал бар: «Ауру қалса да, әдет қалмайды». Сіздің сұрағыңызға осылай жауап беруге тура келді.
3. Сұрақ: Мен,............., «Денсаулық» журналының бас редакторымын. Сұрағым тағамтану академиясының президентіне:
- Түрлі ситуациялық мәліметке сүйенсек, бұдан 50 - 100жыл бұрынғы көкөністерде, етте, тағы басқа азық – түлік түрлерінде болатын заттардың құнарлылығы бүгінде кем. Ол неліктен?
Жауап: - менің ойымша, ол экологияның әсері деп білемін. Топырақ, ауа, су химиялық заттармен уланған. Соның әсері деп ойлаймын.
4. Сұрақ: Мен,............., Ресейдің «Комсомольская правда» газетінің тілшісімін.(Сұрағын орыс тілінде қояды, аудармашы қазақшаға аударып тұрады). Сұрағым ҚР Президентіне:
- Президент - мырза! Қазақ халқы егіншілікпен және мал шаруашылығымен ғана айналысқан. Бау - бақша, көкөніс өсірмеген. Бірақ сонда да авитаминоз ауруымен ауырмаған. Осы неліктен, қалай?
- Қазақ халқы жеміс - жидек, бау - бақша өсірмесе де, ет және сүт өнімдерін үздіксіз пайдаланған. Ол тағамдардың құрамы С, В12, Д, А, К, т. б. дәрумендерге өте бай. Сондықтан олар авитаминозбен ауырмаған.
Сұрақ: Мен,............., «Отбасы және денсаулық» журналының тілшісімін. Менің сұрағым ҚР Денсаулық сақтау министріне:
- Авитаминоз болдырмау үшін не істеу қажет деп ойлайсыз?
Жауап: - Авитаминоз болдырмау үшін адам үнемі тамақ рационын өзгертіп отыру қажет. Көкөністер мен жеміс - жидектерді көбірек пайдалану керек.
Пән мұғалімі: Балалар, бүгін біздер көкейімізде жүрген көптеген сұрақтарымызға жауап алдық деп ойлаймын. Сондықтан болашақта күнделікті ішіп жүрген тағамымыздың құрамына назар аударайық, халқымыз « басты байлық – денсаулық» деп текке айтпаған. Дені сау, білімді адам үлкен биіктерді бағындыратыны бәрімізге аян.
Кестені толтырыңдар:
Витамин түрі Қорек көзі Адам организміндегі маңызы Тәуліктік мөлшері Жетіспегенде туындайтын аурулар
А
Д
С
В
К
Е
РР
"Құпия сан" ойыны. 3 минут
Ойын шарты: тақтаға дайын алты сөз ілінеді. Мұғалімнің қойған сұрақтарына оқушылар кестедегі жауапты қоюлары қажет.
1. Авитаминоз
2. Токоферол Е
3. Тиамин В1
4. Гипервитаминоз
5. Никотин қышқылы РР
6. Кальциферол Д
1. Витаминдерді шамадан тыс көп қабылдау - 4
2. Д витаминінің атауы - 6
3. РР витаминінің атауы - 5
4. Е витаминінің атауы - 2
5. Витаминнің жетіспеушілігі - 1
6. В1 витаминінің атауы - 3
Сабақты бекіту:
1) Витаминдер деген не? Олардың түрлері.
2) Витамин жетіспегенде немесе көп пайдаланғанда туындайтын аурулар қандай?
Сабақта баланы бақылау.
Үйге тапсырма беру:$51 Витаминдер(оқып келу) Е витамині туралы мәліметтер әкелу

Қарағанды қаласы, №6 ЖББОМ
биология мұғалімі Бекбауова А. Т
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету