Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Атадан қалған асыл сөз

«Атадан қалған асыл сөз»
Мақсаты: Халқымыздың сандаған ғасырлар бойы жинақтаған баға жетпес қазынасы, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу, тілдерін дамыту.
Сабақтың түрі: сахналау.
Көрнекіліктер: үш бидің суреті, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар.
1. Көп жасаған қария
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі - сопақ, өзі нәр.
2. Ата салты - ардақты,
Әрбір сөзі - салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.
Жоспары:
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
2. Сұрақ - жауап /мұғалім - оқушы/
3. Досбол бидің шешендік сөзі.
4. Билердің отырысы/сұрақ - жауап оқушылар арасында/
5. көрініс «Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім.»
6. айтыс «Біржан мен қыз»
7. Көрініс «Қожанасырдың май сатып алуы»
8. Ертегілер еліне саяхат «Алтын балта»
9. Ескірмейтін сөздер/тиым, ырымдар/
10. Мақал - мәтел жарысы
11. Тәуелсіздік тұмары /билердің сөзі./
Барысы:
Біздің ата - бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлықтай тамаша тәлім - тәрбие берерліктей өсиет сөздер көп.
Біз сөйлеу мәдениеті, ана тілі сабағында халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстық. Кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен билерден, ақын – жыраулар мен сал - серілерден мұра - мирас болып қалған шығармаларды оқыдық.
- Халық шығармаларының түрлерін кім айтады?
- ертегілер, аңыздар, шешендік сөздер, мақал - мәтелдер, батырлар жыры.
- жырлардың қандай түрлерін білесіңдер?
- Төрт түлік туралы, батырлар жыры т. б.
- Жырау деп кімді айтамыз?
- Жыршы деген кім?
- Жырды шығаратын адамды жырау деп атайды.
- Жыршы деп сол жырды халыққа таратушы адамды айтады.
- Шешендік сөздердің қандай түрлері болады?
- шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау.
- Балалар сендер қандай шешендік сөздерді білесіңдер?
/бірнеше оқушы жатқа шешендік сөздер айтады/
- шешендік сөздердің мақал – мәтелге ұқсастығы бар ма?
Айырмашылығы ше?
- Балалар, шешендік сөздердің ерекшелігі бір оқиғаға байланысты болады. Белгілі бір адамдардың атынан айтылады. Ұқсастығы қысқа, әрі нұсқа болады.
Шешеннің бағалы қасиеті - қиядан жол, қиыннан сөз табу.
/Досбол бидің шешендік сөзі. 1 - оқушы/
- Қандай белгілі шешендерді білесіңдер? Олар кімдер?
- Қазбек би, Төле би, Әйтеке би, Жиренше шешен, Сырым батыр, Аяз би т. б.

- Ал, қазір, ортаға шешендік өнерді бағалап, оқыған білгендерін көкейге тоқып жүрген оқушыларды ортаға шақырайық.
/ортаға Қазбек би, Төле би, Әйтеке би болып киінген оқушылар шығады/
Қазбек биге қойылатын сұрақтар: Дүниеде не қымбат? Дүниеде не жақын? Дүниде не қиын?
- Кім жақын? - деген сұраққа Қазбек би былай жауап береді.
- Тату болса – ағайын жақын,
- Ақылшы болса - апайың жақын.
- Бауырмал болса - інің жақын,
- Инабатты болса – келінің жақын.
- Алдыңа тартқан адал асың,
- Қимас жақын қарындасың.
- Не қымбат? – деген сұраққа Қазбек би былай жауап береді.
- Алтын ұяң - Отан қымбат,
- Құт берекең атаң қымбат.
- Аймалайтын - анаң қымбат,
- Мейрімді – апаң қымбат.
- Асқар тауың - әкең қымбат,
- Бәрінен де ар мен ұят қымбат.
- Не қиын?- деген сұраққа Қазбек би былай жауап береді.
- Арадан шыққан - жау қиын,
- Таусылмайтын - дау қиын.
- Шанышқылаған - сөз қиын,
- Жазылмаса - дерт қиын.
- Іске аспаған - серт қиын,
- Ақылыңнан - адасып.
- Өзің түскен - өрт қиын
- Не істеріңді біле алмай,
- Ашиды сонда бас миың.
- Төле биге қойылатын сұрақтар:
- Төле бидің төрелігі
- Төле бидің билігі.
- Төле бидің шешендік сөздерінің бірін жатқа айтуы керек.
Әйтеке биге қойылатын сұрақтардың түрлері.
- Жігіттің жақсысы қандай болады?
- Бала Әйтекенің билігін айтыңыз.
- Әйтеке бидің кең тараған кең тараған шешендік сөздерін айтып беріңіз.
«билер» кезек - кезек оқушылардың сұрағына жауап берген соң
көрініс қойылады.
« Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім»
Мұғалім: айтыс деген не, кім айтады?
- Айтыс өлең түрінде болады. Оны айтысқа түсетін ақындар қолма - қол ойдан шығарып айтады.
- Айтыстың мақсаты - өзімен айтысушының қапысын тауып, қисынды сөзбен ұту, жеңіп шығу.
- Ал біздер айтыс білеміз бе?
Ұл бала мен қыз бала «Біржан мен қыз» айтысын орындап береді.
Келесі жұп «Оқушылар айтысын» айтып береді.
Мұғалім:- Ал, аңыздар деген не екен?
- Аңыздардан бізге кімдердің есімі белгілі?
- Қожанасыр, Алдар көсе, Тазша бала.
Оқушылардың орындауында « Қожанасырың май сатып алуы»
- Ал, балалар, ертегілердің қандай түрлерін білесіңдер?
- Қиял - ғажайып ертегілер, хайуанаттар туралы ертегілер, шыншыл ертегілер.
« Алтын балта» ертегісінен көрініс.
Мұғалім: күнделікті өмірде ата - әжелерің, ата - аналарың айтып отыратын тыйым сөздер жарысын өткіземіз, кәне кім көп біледі?
- Жағыңды таянба, құдыққа түкірме, босағаға тұрма, ақты төкпе т. б. /балалар жарысып айта береді/

Үш би тәуелсіздік тұмарына айналған өсиет сөздерін айтады.
Төле би: « Атаға бөлінгендер адыра қалады,
Көпті қорлаған көмусіз қалады.
Хан азса, халқын сатады,
Халық азса хандыққа таласады.»
Қазбек би: « Қазақ деген халық мал баққан елміз,
Жерімізді жау баспасын деп,
Елімізден құт қашпасын деп,
Найзамызға үкі таққан елміз»
Әйтеке би: « Жүрген жерлеріңнің бәрі жазық болсын
Ар мен абырой өмірлеріңе азық болсын.
Бірің ту ұстаған қолбасшы,
Бірің сөз ұстаған би басшы болыңдар,
қанаттарым!
Бердім батамды!
Аллауакбар!»

Міне, балалар, сендер тәлім - тәрбие аларлықтай «Атадан қалған асыл сөздер» өте көп екен. Сондықтан да үлкендердің әр сөзін зер сала тыңдап, ұғып, әр сөздің астарына үңілу керек.
- Ал, балалар, осы сабақтан сендер өздеріңе не алдыңдар?
- Тәрбие сағаты ұнады ма?
- Қай жері ұнаған жоқ?
- Әсіресе, оқушылардың рольдері қалай шықты?
- Осы тәрбие сағатының тақырыбын тағы басқаша қалай атауға болады? Неліктен?
- Үш арсызды талдайық.
- Неге ұйқыны, күлкіні, тамақты арсыз дейміз? Қалай ойлайсыңдар?
- Балалар сабақ сендерге ұнаса алдағы уақытта не істеулерің керек?
- Шешендік сөздерді оқып, жаттап, үлкендерді тыңдаймыз, көп оқып, билер сияқты шешен болуға тырысамыз, ырым - тыйымдарды еске сақтап, салт - дәстүрді қадірлейтін боламыз.

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы,
Бірлік орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сангожина Шолпан Советовна
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету