Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Білесің бе?

БІЛЕСІҢ БЕ?!
СВЕТЛАНА КЕНБАЙҚЫЗЫ

Білесің бе?! Өкінбеймін өткенге,
Сезімге ыстық қолым енді жеткенде
Тәңірдің тартқан тәтті сыйы
Ащы мұңға айналарын білгем бе?!

Әлі есімде көгілдір өткір көздерің,
Әлі есімде мені өзіңе ғашық еткен кездерің.
Жалғыз сен деп соққан жүрек лүпілін,
Бір өзіңе арналған жан жылуын сезбедің.

Білесің бе?! Өкінбеймін өткенге!
Барлық адам арманына жеткен бе?!
Жүрекке сүйген қосылу жазбаса да
Жоқ менің бұл өмірге өкпем де.

Сенсіз бақыт табу мүмкін екен бе,
Амал бар ма тағдыр деген шіркінге?!
Өзім еккен пәк сезімнің, ақ гүлдің
Күлтелерін жұлудамын біртіндеп.

Толы еді күлтелері ақ гүлдің
Сағынышқа, қайталанбас ән – жырға.
Бірі айналған орындалмас арманға,
Бірі толы ешкім сезбес сыр – мұңға.

Күлтелері ақ гүлдің көк аспанға ұшқанда
Қимас көзбен ұзақ – ұзақ қарады.
«Жалғызым» деп соққан жүрек лүпілі
Күлтелермен келмеске ұшып барады...
Кері қайту
Ілмек сөздер: махаббат туралы өлең
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Ана, сенің жүрегіңдей жүрек жоқ

Ана, сенің жүрегіңдей жүрек жоқ

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Н.К.Крупская атындағы орта мектептің экономика мұғалімі Сауытбаева Гүлжазира Серікбайқызы...
Табиғатқа қамқорлық

Табиғатқа қамқорлық

Мақсаты: Балалардың “табиғат”, “қамқорлық” құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту Міндеттері: - Табиғат пен адам үйлесімділігі, оның адам...
Достық - татулықтан басталады

Достық - татулықтан басталады

Атырау облысы Исатай ауданы, Жанбай селосы Х.Наубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Инкабаева Аян Тобаниязқызы Достық - татулықтан...
Есіңе мені алғайсың

Есіңе мені алғайсың

Жезқазған қаласы № 10 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Казангапова Венера Орынбековна...
Еңбек ардагерлері және ардақты аналар кеші!

Еңбек ардагерлері және ардақты аналар кеші!

Жамбыл обл. Жуалы ауданы.Б.Момышұлы ауылы №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп - гимназия Информатика пәні мұғалімі Андабекова Құралай Елепбайқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету