Сайтқа кіру Тіркелу

Соғыс

Әскер жиып аттандық,
Бекетай еді тұрағым.
Айғайлап жауға тигенде
«Ағатай беріш!» ұраным.

Толғау

Еменнің түбі сары бал,
Еріскен көңіл бәрі бал.
Жоғарыдан төмен төгейін,
Керегіңді теріп ал.

Уа, Нарын

Абайламай айрылдым
Аржақтағы елімнен -
Анау Нарын деген жерімнен.
Тірі кеттім демеймін -
Кем болмады өлімнен.

Ұл туса

Күн қақты ердің астында
Көп жүгіретін күлік бар.
Көн садақтың ішінде
Көбе бұзар жебе бар.

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі

Туған жердің тарихын, соның ішінде Махамбет пен Исатай бастаған көтерілістің себеп - салдары, қозғаушы күші, нәтижесі, Тастөбе түбіндегі шайқас оның тарихи маңызын Махамбет пен Исатайдың өмірі мен шығармашылығына тоқталу.

Махамбет "Жұмыр қылыш"

Махамбет күйлері арқылы ұлттық сезімін оятып, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу. Елін, жерін сүюге, Отан алдындағы өз парызын айқын сезіне білетін ұрпақ тәрбиелеу.

Махамбет Өтемісұлы. Өмірі мен шығармашылығы

Оқушыларға ақынның кім екендігін, оның шығармаларының тақырыбын, мақсатын, тарихын аша отырып, ақынды тағы да жаңа қырынан таныту
Оқулық пен қосымша деректерді пайдалануға, өз ойларын еркін айтуға, өз пікірлерін қорғап, ақын поэзиясын насихаттап, әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру

Махамбет Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлеңі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
Жанқожа батыр атындағы № 70 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қаржаубаева Жанар Молдабайқызы


Әдебиет (5 - сынып )
Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік.М.Өтемісұлының ақындық шеберлігін таныту,оқушылардың танымдық біліктілігін арттыру.
Дамытушылық.Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын оқу мен жазу арқылы дамыту.
Тәрбиелік. Оқушылардың елін,жерін, Отанын шексіз сүюге, қорғауға тәрбиелей отырып, Махамбет бойындағы ерлікті,ақындықты оқушы санасына ұялату.
Сабақтың әдісі: RWST («Ой шақыру», «Венн диаграммасы», «Кубизм», «INSERT», «5 жол өлең») т.б.
Артқа 1 2 Алға
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×