Әскер жиып аттандық,
Бекетай еді тұрағым.
Айғайлап жауға тигенде
«Ағатай беріш!» ұраным.
Бекетай құмға ел қонып,
Байбақты Жүніс аттанды,
Қосылуға дем болып.
Құдайлады хан ұлы,
Іздеген жауы біз болып.
Жау қарасы көрінді,
Жиылған әскер бүлінді.
Исатай - басшы, мен - қосшы
Исатайдың сол күнде
Ақтабан аты астында,
Дулығасы басында.
Зығырданы қайнайды,
Астына мінген ақтабан
Ақ бөкендей ойнайды.
Қасына ерген көп әскер
Маңыраған қойдай шулайды.
Артымыздан келіп қол жетті
Аз жетпеді, мол жетті.
Жеткен жерін айтайын -
Бекетай құмның басында,
Ағаш үйдің қасында...
Түніменен түйіндік,
Таң атқанша тарандық.
Таң ағарып атқан соң
Төңірек жаққа қарандық.
Қарап тұрсақ, әр жерден
Жау бір өрттей қайнайды,
Қайнағанмен қоймайды -
Мылтығын қардай боратып,
Жетіп келді қамалға -
Қамалды бұзып аларға.
Әскердің алды бөгелді,
Қырдан ойға төгілді,
Орыс добын үш атты...
Доптың үні шыққанда,
Сонда батыр жөнелді.
Жөнелмей батыр неғылсын? -
Ерсары менен Қалдыбай -
Екі арыстан тең өлді...
Жетім-жесір көп қалды,
Хан әскері кенелді...
Қызғыштай болған есіл ер
Қайран да жұрттан не көрді?!
Соғыс
- ramuk_b
- 16 қараша 2018
- 2043
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Соғыс өлеңі, соғыс туралы өлең, Махамбет Өтемісұлы, Махамбет Өтемісұлының өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Есіл ер
Алдияр тақсыр ханымыз! Исатай батыр кеткелі Кеміді біздің сәніміз. Тілімді алсаң, тақсыр-ай,...Зілді бұйрық
«Верныйден» жандаралдар бұйрық қылды, Құйрығы бұйрығының тіпті зілді. «Отыз бір - он тоғызды алад» деген Суық хабар халықты бұлқындырды....Қобыланды батыр жыры
Кешегі өткен заманда, Дін мұсылман аманда, Қарақыпшақ Қобланды, Атасы мұның Тоқтарбай Халықтан асқан болды бай....М. Өтемісұлының "Соғыс" өлеңі
Сабақтың мақсаты: білімділік - өлеңнің авторы туралы мәлімет беріп, өлеңнің айтайын деген ойын, Исатай - Махамбет бастаған көтерілістің мақсатын,...Махамбет Өтемісұлы "Соғыс"
Атырау облысы,Исатай ауданы, Нарын селосы, жалпы білім беретін Нарын орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бөбек Есмағанбетова...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.