Сайтқа кіру Тіркелу

Махамбет "Жұмыр қылыш"

Махамбет Жұмыр қылыш (4 класс)
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Махамбет өмірімен және оның « Жұмыр қылыш» күйімен таныстыру.
ә) Тәрбиелік: Оқушыға Махамбет күйлері арқылы ұлттық сезімін оятып, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Елін, жерін сүюге, Отан алдындағы өз парызын айқын сезіне білетін ұрпақ тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Оқушыға аспапты дұрыс меңгертіп, сол аспапта ойнау шеберлігін арттыру
Күйді талдай отырып, нақышына келтіре орындап, күйді түсініп тарту.
Көрнекілігі: Домбыра аспабы, сөзжұмбақ, үнтаспа, автор портреті, батырлық туралы, музыка туралы қанатты сөздер, күй жинақтары.

Сабақтың өтілу барысы: 1. Ұйымдастыру
а) Оқушымен амандасып, сабаққа кіргізу.
ә) Сабаққа қажетті құрал – жабдықтарды алып, оқушыны сабаққа дайындау.
б) Аспаптың құлақ күйін келтіріп, оқушыға беріп, дұрыс отырғызу.

2. Үй тапсырмасын тексеру
а) Мәди «Үш қара» жатқа сұрау.
Қате жерлері болса түзеп және динамикалық белгілерімен қайта тарттыру.
Осы шығарманы күйсандықтың сүйемелдеуімен оқушыға санатып, бөліп-бөліп ойнату.
ә) Өткен сабақты қайталау
Ә. Желдібаев « Ерке сылқым»
Бұл күйді де өз нақышына келтіре орындап беруін сұраймын. Тартып болған соң күйдің
екінші дауысына өзім қосылып, арасын үзбей тарту.

3. Жаңа сабақты меңгерту
Жаңа сабақты Махамбеттің мына өлеңімен бастауды жөн көрдім.
«Мен, мен, мен едім»
Олай болса қазір сөзжұмбақ шешейік, арнайы торкөздерде бүгінгі өтетін күйіміздің авторының есімі берілген.
1. И. С. Бах шығармасы
2. Құрманғазының күйі
3. «Келіншек», «Кеңес» күйлерін шығарушы
4. Қазанғаптың күйі
5. М. Қоқымбаевтың күйі
6. Динаның күйі
7. Халық күйі
8. С. Тұрысбековтің күйі

Мұғалім: Тілекина. Ш.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мұхтар Шахановтың «Нарынқұм зауалы» поэмасы

Мұхтар Шахановтың «Нарынқұм зауалы» поэмасы

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: М. Шахановтың өмірі мен еңбектеріне сипаттама бере отырып, поэманың негізгі мәнін ұғындыру, батыр бабамыз Махамбеттің...
Дина «Тойбастар»

Дина «Тойбастар»

Дина Нұрпейісова 1861 жылы Орал облысы Жаңақала ауданында дүниеге келген. Қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, күйші - композитор....
Махамбет өлеңдерінің ерекшеліктері, мәні

Махамбет өлеңдерінің ерекшеліктері, мәні

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Ә. Молдағұлова атындағы орта мектептің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жубанова Амангул Ермековна...
М. Өтемісұлының

М. Өтемісұлының "Соғыс" өлеңі

Сабақтың мақсаты: білімділік - өлеңнің авторы туралы мәлімет беріп, өлеңнің айтайын деген ойын, Исатай - Махамбет бастаған көтерілістің мақсатын,...
Махамбеттің ақындық, азаматтық бейнесі

Махамбеттің ақындық, азаматтық бейнесі

Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп- гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каримова Гульмира Сафиуллиевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×