Сайтқа кіру Тіркелу

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға туған жердің тарихын, соның ішінде Махамбет пен Исатай бастаған көтерілістің себеп - салдары, қозғаушы күші, нәтижесі, Тастөбе түбіндегі шайқас оның тарихи маңызын Махамбет пен Исатайдың өмірі мен шығармашылығына тоқталу.
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттыра отырып, ойлау, сөйлеу, танымдық, өздігінен жұмыс істеуге дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Өз елінің тарихын құрметтеу, ел қорғаған бабалардың ерліктеріне тағзым етуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту.
Сабақтың әдісі: Интерактивті, түсіндірмелі, сұрақ - жауап, тірек - сызба, семантикалық карта, тарихи диктант, тест тапсырмасы.
Көрнекілігі: Исатай мен Махамбеттің суреттері, Қазақстан картасы, кесте, слайд, суреттер, АКТ - ны қолдану, оқушы шығармашылығы, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сыныпқа ену, оқушылармен амандасу.
ә) сынып тазалығына назар аудару, оқушыларды түгелдеп, журналға белгілеу.
1. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Сұрақ - жауап арқылы тексеру.
1. Бөкей хандығы қай жылы құрылды?
2. Негізін қалаған кім?
3. Бөкей Ордасының территориясы:
4. Бөкей сұлтан Ресей императорының атына қай жылы хат жазды?
5. Ішкі орданы құру туралы жарлыққа қол қойған орыс патшасы кім?
6. Бөкей сұлтанға хан лауазымы қашан берілді?
7. Ішкі Орда қай жылы Бөкей хандығы деген атқа ие болды?
8. Бөкей хандығының негізін қалаған Бөкей хан қай жылы қайтыс болды?
9. Жәңгір хан кәмелеттік жасқа толғанша хандықты кім биледі?
10. Жәңгір ер жетіп, кәмелеттік жасқа толғанша кімнен тәрбие алды?
11. Жәңгір қай жылы хан болып жарияланды, қанша жыл хандықты басқарды?
12. Жәңгір ханды ағартушы деп санауға болама?
13. Ағарту саласында қандай іс - әрекеттер жасады?
14. Денсаулық саласындағы жетістіктері қандай?
15. Жер мәселесінде қандай өзгерістер болды?
16. Жәңгір хан қайтыс болғаннан кейін Бөкей Ордасында қандай өзгерістер орын алды?

ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:
1. Көтерілістің шығу себептері.
2. Көтерілістің барысы.
3. Көтерілісшілердің хан ордасын қамауға алуы.
4. Тастөбе түбіндегі шайқас.
5. Көтерілісшілердің күшін біріктіру
6. Көтерілістің жеңіліске ұшырауының себептері мен салдары.
7. Көтерілістің тарихи маңызы

1. Қызығушылығын ояту. М. Өтемісұлының өлеңімен оқушылардың зейінін сабаққа аудару, ой бөлісу.
Бұл кімнің өлеңі?
Махамбет өлеңдерінде нені жырлады?
Махамбет ақын ұлт - азаттық көтерілісте кімге серік болды?
Ендеше, оқушылар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық - азаттық көтерілісі
Сабақ алдында жаңа сабаққа қатысы бар өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады:
- Кіші жүз қазақтары қатысқан қандай көтерілістерді білесіңдер?

Оқушылар шығармашылығы. Слайд.
1. Махамбеттің өмірі мен шығармашылығы
2. Исатайдың өмірі мен тұлғалық бейнесіне тоқталу

Көтерілістің кезеңдері.
1833 - 1836 ж. ж І кезеңі - көтерілістің алғышарттарының қалыптасуы
1837 жыл ІІ кезеңі - көтерілістің етек алған кезеңі, патша үкіметі әскерлерімен қақтығыстар.
1838 жылғы шілдеге дейін ІІІ - кезеңі – көтерілісшілер күшінің әлсіреп жеңілуі.

ІҮ. Білімді бекіту.
1-тапсырма. Не? Қайда? Қашан? кестесі
2-тапсырма. Тест тапсырмасы.
1. 1836 - 1838 жылдары көтеріліске түрткі болған жағдай
А) Бөкей ордасына Жәңгір ханның тағайындалуы
В) Патша үкіметінің салықты өсіруі
С) Жәңгірдің қайын атасы Қарауылқожаның Каспий өңіріндегі руларға билеуші болып тағайындалуы
2. 1836 - 1838 жылдары Бөкей Ордасында болған көтерілістің басты қозғаушы күші
А) шаруалар
В) сұлтандар
С) қолөнершілер
3. Бөкей Ордасында болған көтерілістің мақсаты айқын көрінеді:
А) Махамбеттің өлеңдерінде
В) Исатайдың старшындар съезінде сөйлеген сөзінде
С) Көтерілісшілердің патшаға жазған үндеуінде
4. 1837 жылы хан сарайын қоршауға алғандағы көтерілісшілердің саны
А) 10 мың
В) 5 мың
С) 2 мың
5. 1837 жылы қазанның 15 де Исатай мен Махамбет бастаған қол Теректіқұмда кімнің ауылын ойрандады
А) Баймағамбет сұлтанның
В) Жәңгір ханның
С) Балқы бидің

3-тапсырма. Тарихи диктант
……………….. жылдары Ішкі Ордада ……………………………………бастаған көтеріліс болды. Көтерілістің басты қозғаушы күшi -…………………………………. Көтерiлiс………. кезеңге бөлінді. Исатайды тiрiдей ұстағандарға ………. сом, басын әкелгендерге ……………. сом тiгiлдi. Махамбет ……………………қапыда қаза болған.

Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма. Махамбет пен Исатай жайлы «Елімнің дара тұлғалары» атты ой толғаныс жазып келу.

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы,
Е. Ш. Орақбаев атындағы мектептің
тарих пәні мұғалімі Т.А. Дюсегалиева

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Махамбет Өтемісұлы. Өмірі мен шығармашылығы

Махамбет Өтемісұлы. Өмірі мен шығармашылығы

Оқушыларға ақынның кім екендігін, оның шығармаларының тақырыбын, мақсатын, тарихын аша отырып, ақынды тағы да жаңа қырынан таныту Оқулық пен қосымша...
1836 - 1838 жылдардағы Ішкі (Бөкей) Ордасындағы шаруалар көтерілісі.

1836 - 1838 жылдардағы Ішкі (Бөкей) Ордасындағы шаруалар көтерілісі.

"Білген сайын келеді біле бергім, біле беру емес пе тілегі елдің"- демекші, туған жердің тарихын, соның ішінде Махамбет Өтемісұлының өмірі,...
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс

1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс

Қазақстан аумағындағы отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, негізгі кезеңдерін, тарихи маңызын аша отырып, оны Ресей халықтарының...
Өр тұлғалы Махамбет

Өр тұлғалы Махамбет

Қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздікке қолымыз жетті. Осы Тәуелсіздікке жету жолында талай тарихи өр тұлғаларымыз өмірін қиды. Рухты...
ХІХ ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес

ХІХ ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы. Қ.Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының тарих пәні мұғалімі Абжаппарқызы Мира...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×