ЕЛІМ ДЕП ӨТКЕН ЕСІЛ ЕР
Махамбет Өтемісұлының 210 жылдық мерейтойына арналған кештің сценарийі
Кештің ашылуы.
1 - оқушы: Жалынды жырдың көсемі
Ел үшін туған кешегі
Махамбет батыр бабамның
Еңбегі елге еселі.
2. оқушы: Махамбетттің әлі биік еңсесі.
Сол еңседен шығып жатыр ел сесі
Ақын жүрек мәңгі сөнбес жанартау.
Жалын атып тұрар мәңгі өр төсі.
3 - оқушы: Елінің азаттық жолында отаршыл озбырлыққа қарсы қасқайып
тұра білген ұлы күрескер, һәм батыр, өршіл рухты ақын, дауылпаз
Махамбет бабаның 210 жылдық мерейтойы тәуелсіз еліміздің
айбынын асқақтатып, тағылымды тарихын терең танытатын,
мәдениетіміз бен өнерімізді биікке көтеретін айтулы мерейтой
болмақ.
1 - оқушы: Махамбет - ақын, ұраны болған қазақтың
Толғаулары мен жырлары толы азаттық
Теңдік үшін алысқан ата жауымен
Өр мінездік қанына сіңген қазақтың.
2 - оқушы: Ұрпағың бүгін намысты ерлер жетелі.
Жайды, міне қазақ халқы өркенін
210 жылдық осынау мерейтойында.
Махамбет баба, рухыңа тағзым етемін.
«Махамбет баба» толғауы орындалады. /терме/
Уа, халайық, халайық,
Көңілді жырға салайық
Екі шекті домбырам
Сені қолға алайын
Махамбеттей бабамның
Құрметіне бүгінгі
Хабар етіп көрермен
Толғап, толғап алайын.
Махамбеттің мерейін
Асқақтату парызым
Елдік пенен ерліктің
Өрлік пенен теңдіктің
Туын қолға ұстаған
Еліменен жерінің
Жырын жырлап толғаған
Махамбеттей бабамның
Ерлігінен үлгі алам.
Елдік пенен ерліктің
Өшпес рухын қолдаған
Еділ үшін егесіп,
Жайық үшін жандасып,
Қиғаш үшін қырқысқан
Тағдырын да ойға алам.
Қадір тұтқан халқымыз
Ақын мен батырын
Бір басынан байқатқан
Екі бірдей асылын.
Шашақты найза қолға алып,
Шалқар күймен толғанып,
Жебелі ақын шығарған,
Көңілдің назы жеті күй,
«Жайық асу», «Өкініш»,
«Жұмыр, Қылыш»,» «Нарынды»,
Қайран, «Қиыл қырғыны»!
Аңсаған халық бірлігін
Танытқан ақын өрлігін
Ұрандап жауғатигені
Күн - түн қатып жүргені.
Жас баланың қамы үшін,
Ереулі ат мінгені.
Дулыға берен кигені.
Толарсақтан саз кешіп,
Жауына бас имеді.
Қорлықта жүрген халқыма
Бостандық алып берем деп.
Жанкештілік өр еңбек,
Танытқанын бабамның
Халқы қадір тұтқаны
210 жылдық мерейтой
Құрметтеп жасап жатқаны.
Бастаушы: Енді Махамбет Өтемісұлының өмір дерегін ұсынамыз.
Махамбеттің туған жері, өскен ортасы, шығармашылығы туралы мәліметтер айтылады. Кейбір өлеңдері «Жәңгір ханға айтқаны, «Ереуіл атқа ер салмай», Соғыс», «Әй, Махамбет, жолдасым», «Айныман», «Қызғыш құс», «Күн қайда?»жатқа айтылады
Бастаушы: Біреуі еді от ұлдың
Шапқан заман көшіне.
Сұр жебе боп атылдың.
Сұм орданың төсіне.
Құм Нарында бір түнеп,
Көрінгенде шаңдағың
Бұлтты күндей күркіреп,
Бүлкілдеттің хан тағын.
«Соғыс», «Әй, Махамбет, жолдасым», өлеңінің шығуы туралы көрініс көрсетіледі.
Көрініс. Жәңгір хан билерімен отырады
Шабарман:- Уа хан ием! Ел шетіне жау келді.
Ордаңызды Махамбет - Исатай бастаған қисапсыз
қарулы қол қоршап тұр.
Хан. – Не дейді! Не ақыл қосасыздар.
- Шыман төре! Тегіміз бір еді, мынау Исатай - Махамбетке не істеймін.
Ақылымнан адасып тұрмын. Көмектес.
Шыман төре. – Қазақ - қара қарға, шулайды да қалады. Ордадан кетпе, ктсең тағыңнан айрыласың. Одан да Исатайға адам салып, тарту - таралғы жібер. Он күн мұрсат сұра. Егер берсе, соны пайдаланып, Орынбордан шұғыл әскер шақырт. Осы айтқанымды істесең, Орда да, өзің де орныңда қаласың.
Хан.- Мынау дұрыс ақыл екен. Оған Егіз бен Балқы би бастаған елші жөнелтейік.
Балқы би келеді
Хан.- Бар бауырыңа, туысың ғой. Ештеңені аяма! Басына бақты сөйлесең, Исатай жібімес дейсің бе? Ердің ері болғанымен, екі аяқты бір басты пенде ғой.
2 - көрініс (Екі жігіт найзасын ұстап, тұра қалады.)
Балқы.- Исатайға айтатын өтінішім бар, жібере көріңдер!
(Исатай келеді)
Исатай.- Не сауалмен келдің?
Балқы. – Жәңгір ханнан хат әкелдім/ұсынады/
Исатай.- Ханның хаты мен оқуға лайық па? Әлде бізді желкемізден қиятын бидайық па? Оқып көрейін. Әкел бері.(үндемей оқиды)
- Жарайды, бердім он күн мұрсатын.
3 - көрініс (Исатайдың қасына Махамбет келеді)
Махамбет.- Исеке, жаңағы сіздің шешіміңізді естіп келдім. Ханға мұрсат берем деп кешірілмес қате жібердіңіз. Артынан өкінесіз.
Хан баласы - жылан,
Жүрген жері - лаң,
Басын шап та,
Белін ез.
Бүгін оны шаппасаң,
Ертең өзің шабыласың.
Дүр көтеріліп, Орданы бүгін шабайық,
Бүгін шаппасаң, қазірден бастап тарайық.
Исатай.- Екі айтпаушы ем. Ханға 10 күн мұрсат бердім. Бір айтып ойғасын, сөзімді қайт қылмаймын. Ауыздан шыққан сөз - атылған оқ. Жәңгір тілекті орындайды. Алдамайды. «Ер екі айтса, ез». Хан екі айтса, қатын. Мен оған уәде бердім. Қайтсем де сол уәдемде тұрамын, қайтпаймын, екі айтпаймын.
Бастаушы: Махамбет бабам,
Тұтандырған қорданы
Дауыл болды, өрт болды
Құс төсекті Орданың
Түн ұйқысын төрт бөлді.
«Махамбеттің Баймағамбет сұлтанмен кездесуі»
(Баймағамбет бір топ билермен қонақта отырады.)
(Шабарман жүгіріп келеді)
Шабарман.- Уа, биеке, бір топ жолдастарымен қару - жарақ асынған Махамбет кеп, түсіп жатыр.
Баймағанбет.- Мұнда алып келіңдер, сөйлесейік, бірақ оғаш сөз сөйлемеңдер, не десе де көне беріңдер. Біз бұл ауылға қонақпыз, жай отырғанда бізге тиісе алмайды. Ал шалыс клсек, қару - жарағы бар, өлтіріп кетуі мүмкін, дегенмен сақтанып отырыңдар.
(Махамбет кіріп келеді)
Махамбет.- Ассалаумалейкум!
Билер.- Уағалейкасалям! Кел, төрлет, отыр!
Баймағамбет.- Әй, Махамбет! Атаққа қанық, түске анық едік. Бір - бірімізбен тағы да бетпе - бет жүздесіп, қалдық. Байқаймын, әлі сол баяғы мінезің, әлі сол бұрынғы тілің көрінеді. Қашып - пысып жүріп, еркінсіп сөйлеу - сенің не теңің? Тіл безеу сенің қай сәнің?
Махамбет.- Қам көңілді ер қанаты сынған құспен тең. Самғап ұшар көгінен айырылған сол қыран ұшармын деп ұрынса, несі айып? Тілім уы жыланның тіліндей екі айыр, бірі сізге тисе, бірі өзіме тиеді.
Баймағанбет.- Ал, кәне, сонда Исатай екеуің не істемекші едіңдер. Соны айтшы.
(Махамбет «Баймағанбет сұлтанға айтқаны»өлеңін оқиды.)
Баймағанбет.- Бұлай айтпаса, ол Махамбет бола ма? Ондай сөзді көтермесем мен Баймағанбет сұлтан болам ба?
(«Қайран Нарын» күйі орындалады)
(Махамбет өмірінің соңғы кезеңдері және Махамбет қазасы туралы айтылады)
Бастаушы: Тынып жатты тыншып ел,
Өшпей - сөнбей шоқ қайғы
Құм Нарында сыңсып жел
Әлі сені жоқтайды
(Мұхтар Шахановтың «Нарын трагедиясы» поэмасынан алынған «Әке үкімі»деген бөлімі бойынша көрініс көрсетіледі.)
ЕЛІМ ДЕП ӨТКЕН ЕСІЛ ЕР
- Бико
- 20 ақпан 2014
- 7515
- 0
- 0
Ілмек сөздер: әдебиет, ашық сабақ, Махамбет Өтемісұлы
Ұқсас жаңалықтар:
Өр тұлғалы Махамбет
Қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздікке қолымыз жетті. Осы Тәуелсіздікке жету жолында талай тарихи өр тұлғаларымыз өмірін қиды. Рухты...Махамбет өлеңдерінің ерекшеліктері, мәні
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Ә. Молдағұлова атындағы орта мектептің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жубанова Амангул Ермековна...М. Өтемісұлының "Соғыс" өлеңі
Сабақтың мақсаты: білімділік - өлеңнің авторы туралы мәлімет беріп, өлеңнің айтайын деген ойын, Исатай - Махамбет бастаған көтерілістің мақсатын,...Махамбеттің ақындық, азаматтық бейнесі
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп- гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каримова Гульмира Сафиуллиевна...Махамбет Өтемісұлы "Соғыс"
Атырау облысы,Исатай ауданы, Нарын селосы, жалпы білім беретін Нарын орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бөбек Есмағанбетова...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.