Сайтқа кіру Тіркелу

Махамбет Өтемісұлы. Өмірі мен шығармашылығы

Атырау қаласы
№11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бағытжанова Айжан

Әдебиет 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы. Өмірі мен шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ақынның кім екендігін, оның шығармаларының тақырыбын, мақсатын, тарихын аша отырып, ақынды тағы да жаңа қырынан таныту
Дамытушылық: Оқулық пен қосымша деректерді пайдалануға, өз ойларын еркін айтуға, өз пікірлерін қорғап, ақын поэзиясын насихаттап, әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Ақын өміріндегі ұлтжандылықты ұғындыру, батылдыққа, бірлікке, туған жерін, елін, сүюге, қорғауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, ой қозғау, мағынаны тану, сұрақ – жауаптар, СТО әдістері
Сабақтың көрнекілігі: Ақынның портреті, оқулықтар, интербелсенді тақта, хронологиялық кестелер, тірек - сызбалар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) түгендеу, оқу құралдарын тексеру
б) зейіндерін пәнге аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасына А. Байтұрсыновтың өмірі мен «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары» әңгімесін Венн диаграмма әдісі бойынша талқылау
IІІ. Жаңа сабақ
Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы - 20. 10. 1846, қазіргі Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылы Қараой жерінде - ақын, күйші, Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің (1836 - 38) көсемі әрі жалынды жыршысы. Бала кезінен мұсылманша, орысша оқыған. Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған.

ІV. Өмір жолын хронологиялық кестемен түсіндіру.
Жыл ------- Оқиға
1803 Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жанқұс жерінде туған.
1816 Сүйінішқали сұлтан шауып, дүние - малын алып кетеді.
1817 Өтеміс (Махамбеттің әкесі) қайтыс болды. Махамбет анасымен, Исатай ағасымен тәрбиеледі.
1824 - 1828 Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайының қасында болды.
1829 Махамбет Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталын, Калмыков бекетіндегі абақтыға 2 жылдай қамалды.
1831 Түрмеден қашып шықты, бірақ артынша ақталды.
1833 Орынбордағы Неплюев кадет корпусында оқиды.
1834 Исатай батырымен бірігеді.
1836 - 1838 Бөкей ордасында көтеріліс.
1837 Көтерілістің кульминациясы. 15 - қарашада Тастөбе деген жерде жарыс болды.
1838 12 - шілдеде Қилы өзеннің сағасындағы Ақбұлақ деген жерде кездесіп, ұрыс салады. Махамбет Хиуаға жүгіріп кетті.
1839 Бұқараға экспедиция (жетекшісі - Ковалевский).
1841 7 - шілдеде сот "бүліншілікке" тағы араласса, қатаң жазалансын деген үкіммен тұтқыннан босатып, шекарадан өтпеуін қатаң есертті.
1846 20 - қарашада Атырау облысында жалдама өлтірушілер Махамбетті өлтірді.

V. Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына тоқталу.
Өлеңдері
«Мұнар күн»
«Ереуіл атқа ер салмай»
«Ұлы арман»
«Еріскедей ер болса»
«Арғымаққа оқ тиді»
«Исатай деген ағам бар»
«Азамат ердің баласы»
«Біртіндеп садақ асынбай»
«Қызғыш құс»
«Тарланым»
«Исатай сөзі»
«Баймағамбет сұлтанға»

VII. Өзіндік жұмыс. М. Өтемісұлы өлеңдерін мәнерлеп оқу. Кеспе қағаздарға жазылған өлеңдерді таратамын.
Мен - мен едім, мен едім!
Мен Нарында жүргенде
Еңіреген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Қай қазақтан кем едім?
Бір қазақпен тең едім.
Өздеріңдей хандардың,
Қарны жуан билердің
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көкке шаңыртып,
Сұлтанын суға сұлатып,
Ханшасын қақпа алдында

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мен - мен едім, мен едім!

Мен - мен едім, мен едім!

Мен - мен едім, мен едім! Мен Нарында жүргенде Еңіреген ер едім. Исатайдың барында Екі тарлан бөрі едім....
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі

Туған жердің тарихын, соның ішінде Махамбет пен Исатай бастаған көтерілістің себеп - салдары, қозғаушы күші, нәтижесі, Тастөбе түбіндегі шайқас оның...
Өр тұлғалы Махамбет

Өр тұлғалы Махамбет

Қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздікке қолымыз жетті. Осы Тәуелсіздікке жету жолында талай тарихи өр тұлғаларымыз өмірін қиды. Рухты...
ХІХ ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес

ХІХ ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы. Қ.Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының тарих пәні мұғалімі Абжаппарқызы Мира...
Махамбет Өтемісұлы

Махамбет Өтемісұлы "Соғыс"

Атырау облысы,Исатай ауданы, Нарын селосы, жалпы білім беретін Нарын орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бөбек Есмағанбетова...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×