Бабына келген жүйрік байлаулы тұрғанда шекесінен қарап, кербезденіп оқыранып тұрады. Діңгекке әкеліп жалғыз өзін байлағанда шыр айналып, ұзаққа қарап, елеңдеп, қарауылдап саңлақтанады.
Жүйрік баптаудың ең негізгі көрсеткіштерінің бірі – іш тарттыру. Бұны ауызекі тілде: ішін қатыру, ішін жарату, ішін буу, т. б. (өңірлік ерекшеліктерге байланысты) атай береді.
Қара жарыстың, яғни, жаратудың дұрыс - бұрыстығын аттың теріне қарап анықтайды. Аттың терін алу – ат баптаудың басты шарттарына жататын аса маңызды дүние.