Сайтқа кіру Тіркелу

Жүйрік баптаудың негіздері

Атбегілік арналары
Жүйрік баптаудың негіздері
Жүйріктің терін алу
Қара жарыстың, яғни, жаратудың дұрыс - бұрыстығын аттың теріне қарап анықтайды. Аттың терін алу – ат баптаудың басты шарттарына жататын аса маңызды дүние.
Тері дұрыс алынбаған жүйрік тер буып шаба алмайды, тіпті өліп кетуі де мүмкін. Тер алудың білмеген адам атбегі бола алмайды. Бәйге атының терін алу өз алдына бір өнер және бұл ат баптаудың маңызды сатысы.
Тер алуды атбегілер ауызекі тілде арам терін шығару деп те айтады. Термен бірге жүйріктің ағзасындағы артық - ауыс заттар сыртқа шығып, жүйріктің қан айналымы жақсарады.
Тер алудың мәні:
Жүйрікті артық майынан арылтып, тынысын кеңейтіп, аңқасын ашып, дем алдыру үшін қажет. Әрбір алынған тердің маңызы мен мақсаты және түрі болады. Аттың терін бұлтты, салқын күндері алған дұрыс. Өйткені, қаражарыстан қалжырап келген жүйрікті ыстық күннің ащы сәулесіне соқтыруға болмайды.
Тер алу әдістері:
1. Ашық тер. Бұл терді алғанда жүйрікті кәдімгідей ашық қаражарысқа салып, шаптырып алады.
2. Жабық тер. Яғни, жылқыны шаптырмай күн ысыған сәтте жабулап терлету. Кейбір атбегілер арнайы киізден шатыр жасап, оның ішіне маздатып от жағып, ысыған шатырға баптаған жүйрігін кіргізіп тер алатын тәсіл де бар.
3. Жабатталған тер. Бұны ауа райының тымық кезін пайдаланып алады. Жүйріктің сауырынан құлақ түбіне дейін үлкен текеметпен тұмшалай жабулап, үстіне салмақты жігіттің бірін мінгізіп, сүйегіндегі сасық тері шыққанша әрі - бері желе - жортып шоқытады. Содан соң ер - тоқымын сыпырып тастап, қас қарайғанша жаяу жетелейді.
Тердің түрлері:
Арам тер. Жаратуға, яғни, байлап - баптауға қойылған аттың алғашқы терін айтады. Кейде май тер деп те атайды. Арам тер қою, жабысқақ болады. Арам тер тым майлы болса жүйрік әлі де семіз, іш майы кетпеген деп есептеледі.
Ащы тер. Жоғарыдағы арам терге қарағанда сәл тазалау болады. Оны татып көрсеңіз сортаң - ащы дәм шығады. Кейбір жағдайда жүйріктің ащы тері екінші, үшінші қаражарыстан кейін шығатын жайтар да кездеседі.
Батпақ тер. Жараған жылқы артық етінен арыла бастағанда арқасынан шығатын лай терді батпақ тер деп атайды. Ол қою, жабысқақ келеді. Бұл тер арқылы жүйріктің сыртқы жүнді қабатына сіңіп қалған шаң - тозаң шығады. Аттың тынысы ашылады, терісі кеңейеді, мінезі жайдарланады. Сергек күйге енеді. Жүні жылтырайды.
Ет тер. Жүйріктің денесі майдан арылып, еті қата бастағанын білдіретін тер. Ет тер арқылы жүйріктің бұлшық еттеріндегі арам сулар сығымдалып сыртқа шығады. Тердің дәмі кермек, өңі бұлыңғыр болады. Осы ет терден кейін жүйрік бабына келе бастайды.
Көбік тер. Үш - төрт қаражарысқа қатысқан жылқы бабы қанған жағдайда сауырынан көбік терін тастайды. Белгісі: шауып келген жылқының тері түйіршік - түйіршік көбіктеніп тұрады. Көбінесе бұл терді жылқының сауырынан немесе әбзелдеріне жабысқан бөлігінен байқайды. Көбік тері шыққан жүйріктің зәрі бозғылттанып, тезегі қатаяды.
Моншақ тер. Қаражарысқа көп қосылып, бабы келіскенжүйріктің қара терлері толық шығып болып, тазарады. Одан кейін шыққан терді моншақ тер деп айтады. Сипаты: таза мөлдір болады, тұнық судың тамшысына ұқсайды, жылқының денесінен домалап түседі. Бұл аттың бабы қанғанын білдіретін басты белгі. Кейде бұны су тер деп те айтады.
Мөлдір тер. Тердің өңі күмістей мөлдіреп тұрады. Мөлдір терді тану үшін жүйрікті күн көзіне ұстағанда мөлдір тері күнге шағылысып жылтырайды. Атбегілер мөлдір тері шыққан атты бәйгеге қосуға болады деп есептейді.
Сүйек тер. Бабы әбден қанған жүйрік тер терлегіш келеді. Атбегілер жүйрікті қинамай денесін қыздыру үшін соңғы терін алады. Бұл терді сүйек тер дейді. Бұл терде ешқандай қоспа болмайды.
Жалпы айтқанда:
Әрбір жергілікті өлкелік атауға байланысты тердің түрлері көп. Атап айтқанда, тұнық тер, су тер, май тер, қара тер, т. б. әркім әртүрлі атай береді.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Атбегілік арналары: Жүйрік баптаудың негіздері

Атбегілік арналары: Жүйрік баптаудың негіздері

«Жүйріктің ішін тарғаяқтатып (жеңіл шабыс) тарттыр, терін желдіріп ал, тезегін шоқырақтатып түсір, көңілін сылаңдатып сергіт» дейтін көнеден келе...
Он бесінші сын. Ахмет Тоқтабайдың жазғаны

Он бесінші сын. Ахмет Тоқтабайдың жазғаны

Байлаулы тұрған жүйрік жұлдызға қарап, киіз үйдің белдеуінен басын жоғары ұстап, басы уық пен керегенің қосылатын жерінен асып тұрады. Мамағашқа,...
Жүйрік жылқының сипаттары

Жүйрік жылқының сипаттары

Жылқының түбір сипаты дегеніміз – оның табиғи жаратылысын тану ілімі. Яғни, жылқының табиғи бейімділігін тап басу арқылы қолданыс қажеттілігін...
Күй аңызы: Телқоңыр

Күй аңызы: Телқоңыр

Дәулеті шалқыған, елге беделі артқан бір ұлықтың төскейді жайлаған қаптаған қалың жылқысының ішінде мәпелеген қоңыр тұлпары болыпты....
Жылқы түсіне байланысты атаулар

Жылқы түсіне байланысты атаулар

Қара жылқы. Сырт түгі түбіне дейін шымқай қара, ұшы жылтыр қылшықты боп келуі. Сары жылқы. Жылқының сыртқы түгі бірыңғай, сары болып келуі. Жирен...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×