Сайтқа кіру Тіркелу

Жүйрік баптаудың негіздері

Атбегілік арналары
Жүйрік баптаудың негіздері
Тер қырудың жөні:
1. Аттың терін сыпырғанда (қырғанда) қандар тәрізді жалпақтап жонған қырма ағашты пайдаланады. Бұны терқырғыш деп атайды.
2. Тер шығарып шауып келген жүйріктің терін қырғанда желдің ығына қарай сылбыр аяңмен жетектеп жүріп қырған дұрыс.
3. Әсіресе, су терін қырған жүйрікті ет тері кепкенге дейін тоқтатпай жетелеу керек.

Атбегілердің ауа - райын болжау тәсілі:
Жүйріктің терін алу үшін атбегілер ауа - райын болжап, білуі өте қажет. Өйткені, жүйріктің терін алу барысында кейде жауын - шашынды, кейде ыстық күндер қажет болады. Ерте уақытта қазіргідей ауа райын дәл болжайтын мүмкіндік болмағандықтан атбегілер өзінің айналасында болып жатқан табиғи және тұрмыстық құбылыстарға қарап келер күннің райын анықтайтын болған.
Мысалы:
1. Сиыр малы таңертең өріске шығарда мөңіреп кетпей кешіксе;
2. Сиырлар бұзау байлаған желінің маңынан ұзамай сүзіссе;
3. Жылқы малы дүркін - дүркін пысқыра берсе;
4. Бота - тайлақ ойнақтаса;
5. Түйе жыра - жылғаны паналап шөгіп жатса;
6. Інген ботасынан ұзамай боздай берсе;
7. Қорадағы қой - ешкі таңертең желге қарсы қарап жатса;
8. Дала тышқаны інінің аузына көп топырақ үйсе;
9. Бал арасы омартадан алыс кетпей айналсоқтап ұшса;
10. Мысық босағаны тырналап мазаланса;
11. Шаян судан шығып жағада ұзақ жатса;
12. Жауынқұрты жердің бетіне ашық шықса –
ауа - райы жауынды - шашынды болатынын білдіреді.
1. Ешкі малы өрісте ашық қыратты қуалап жайылса;
2. Бие бауда құлындар кісінеп, жылқылар үйездесе;
3. Інген ботасын тастап өріске тез кетсе;
4. Қой - ешкі уақытынан бұрын қорадан өрсе;
5. Өрістегі малдар алаңсыз, еркін жайылса;
6. Ит керіліп - созылып жайланып жатса;
7. Мысық бұйығып ұйықтаса;
8. Өрмекші жаңадан өрмек тоқыса;
9. Көбелек гүлге қонбай ұшса;
10. Шегіртке күн батарда ұзақ шырылдаса;
11. Маса топтанса;
12. Құмырсқа илеуінің көзін ашып тастаса;
13. Құрбақа судан шықпай қойса;
14. Кешке күн қызарып батса –
күн ашық, жайлы болатынын білдіреді.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жүйрік баптаудың негіздері

Жүйрік баптаудың негіздері

Аттың терін алу кезінде орынсыз қинап, етін ауыртып, сіңірін создырып, бойын алдырудан сақтану керек....
Жүйрік баптаудың негіздері

Жүйрік баптаудың негіздері

Қара жарыстың, яғни, жаратудың дұрыс - бұрыстығын аттың теріне қарап анықтайды. Аттың терін алу – ат баптаудың басты шарттарына жататын аса маңызды...
Атбегілік арналары: Жүйрік баптаудың негіздері

Атбегілік арналары: Жүйрік баптаудың негіздері

«Жүйріктің ішін тарғаяқтатып (жеңіл шабыс) тарттыр, терін желдіріп ал, тезегін шоқырақтатып түсір, көңілін сылаңдатып сергіт» дейтін көнеден келе...
Мал момыны – қойдың әрекеттерінен күн райының өзгерістерін болжау

Мал момыны – қойдың әрекеттерінен күн райының өзгерістерін болжау

Жаңа басталған Жаңа жылдың Жаңа күні, бірінші күні – Ұлыс күні қой қораға алшаңдай басып, еркін кірсе, көктем ерте келмек; Таңертең тұрғанда қой...
Ауа райын болжау хақында

Ауа райын болжау хақында

Әлбетте, халқымыз табиғат тылсымын бағзы заманнан - ақ түсініп, оны өзінің тұрмыс - тіршілігіне арқау етіп қолдана да білген. Солардың бірі халықтың...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×