Атбегілік арналары
Жүйрік баптаудың негіздері
Жүйріктің ішін тарттыру
Жүйрік баптаудың ең негізгі көрсеткіштерінің бірі – іш тарттыру. Бұны ауызекі тілде: ішін қатыру, ішін жарату, ішін буу, т. б. (өңірлік ерекшеліктерге байланысты) атай береді.
Жүйріктің ішін тарттыруды төрт бөлікке бөліп қараған. Олар: тоғын басуы, ішін тартуы, жарауы, бабына келуі.
Бабына келу дегеніміз – жүйріктің іш тартуы оның денесіне, етіне, қоңына, мінезіне, қозғалысына, физикалық тұрғыдан дәл үйлесіп, қарын терісі қыртыстанбай, оқтай қатып тартылуын айтады. Қазақ оны «сүмбілей жараған жылқы» дейді.
Байлап - баптауға ұстаған жылқының іші тазарып, тартылу кезінде қарын еті кеберіп, қатаюынан қартасына түйін (құмаққата) пайда болады. Бұны кетіру үшін жүйріктің қарын - бауырын жылылап орайды. Ертеңінде керме маңында айналма аяң жасайды. Одан кейін бір сағат таза шөпке жайылтады. Артынан суарады да, түстен кейін екі дүркін айналма аяң салып, соңынп бір шақырымға қиқулатып шаптырады. Осыдан кейін жүйрікті бостатып, бір - екі апта үйірге жіберіп тынықтырады.
Жүйрікті суыту
Ат суыту дегеніміз – терлеп қиналған немесе жолсоқты болған жылқыны физиологиялық тұрғыдан бастапқы табиғи қалпына келтіру немесе дұрыс тынықтыруды айтады. Мысалы, ұзақ жол жүріп келген атты күн батып жатқан кезде отқа қойса – күн таластырып суыту (отқа қою), жатарда қойса – қазансуыт, таңға жуық жіберуді – таң асыру дейді.
Жүйрікті таң асыру дегеніміз – баптауда тұрған жүйрікті күн батқан соң ауыздық салып қаңтарып қойып, таңсәріде босатуды айтады. Яғни, жылқы түнімен нәр татпай айлаулы тұрады. Таң асқан жылқыны түске дейін таза жерге жайылтып, түстен кейін кермеге байлайды.
жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Жүйрік баптаудың негіздері
- ramuk_b
- 21 қазан 2024
- 67
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жүйрік баптау, Жүйріктің ішін тарттыру, Жүйрікті суыту
Ұқсас жаңалықтар:
Жүйрік баптаудың негіздері
Аттың терін сыпырғанда (қырғанда) қандар тәрізді жалпақтап жонған қырма ағашты пайдаланады. Бұны терқырғыш деп атайды....Жүйрік баптаудың негіздері
Аттың терін алу кезінде орынсыз қинап, етін ауыртып, сіңірін создырып, бойын алдырудан сақтану керек....Жүйрік баптаудың негіздері
Қара жарыстың, яғни, жаратудың дұрыс - бұрыстығын аттың теріне қарап анықтайды. Аттың терін алу – ат баптаудың басты шарттарына жататын аса маңызды...Атбегілік арналары: Жүйрік баптаудың негіздері
«Жүйріктің ішін тарғаяқтатып (жеңіл шабыс) тарттыр, терін желдіріп ал, тезегін шоқырақтатып түсір, көңілін сылаңдатып сергіт» дейтін көнеден келе...Жүйрік жылқының сипаттары
Жылқының түбір сипаты дегеніміз – оның табиғи жаратылысын тану ілімі. Яғни, жылқының табиғи бейімділігін тап басу арқылы қолданыс қажеттілігін...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.