Үздік эссе байқауы
«Ақпараттық - ресурстық орталық» қоғамдық қоры Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті бірлесіп, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - шаралар кешенін өткізуді мақсат еткен «Адал Ұрпақ» жобасын жүзеге асырды. Жоба аясында Алматы студент жастары арасында аталған тақырып бойынша үздік эссеге байқау жарияланды. Байқау 2025 жылдың 1 қарашасынан 21 қарашасына дейін болды.
Аталған іс - шараға университетімізге ауысым бағдарламасымен келіп, ЖОО дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында қазақ тілі тобында оқып жатқан жапониялық Акира Мацумото мен Оңтүстік Кореядан келген Чой Жей Хо қатысты. Байқау туралы ести сала екі студент те өз жұмыстарын ұсынуға ниет білдірді. Эссе тақырыбы «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» деп аталды. Тақырып өз ойын ана тілінде емес, үйреніп жатқан тілде жеткізетін тыңдаушылар үшін үлкен сын болды.
Соған қарамастан, студенттер жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. «Ақпараттық - ресурстық орталық» қоғамдық қорының атынан Акира Мацумото диплом және 50 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталды, ал Джей Хо Алғыс хатқа ие болды. Өз жұмыстарында олар сыбайлас жемқорлықтың тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін өзекті мәселе екендігін атап өткен. Олар жазба жұмыстарында жемқорлықпен күресудің бңрнеше жолын ұсынады.
Мацумотоның пікірінше, «ЖИ - ді адамдардың мансаптық өсуін және қаржы айналымын «үшінші көзбен» бақылау үшін қолдануға болады. Яғни ЖИ - ді тәуелсіз бақылаушы ретінде пайдалану мүмкіндігі бар. Электронды мемлекеттік жүйе – операциялардың ашықтығын арттырып, бәсекелестікті дамытуға жол ашатын жаңа қызмет түрі бола алады» Ал Чой Жей Хо: «Сыбайлас жемқорлыққа қабылдамайтын қоғамды қалыптастыру үшін 18 жасқа дейінгі кезеңде, мектеп қабырғасында сыбайлас жемқорлық туралы арнайы сабақтар өткізу арқылы жастарды сақ болуға тәрбиелеу – тиімді тәсілдердің бірі» деген ой айтады. Сондай - ақ ол адамгершілікке жат кез келген әрекеттің қоғамға, болашақ өз ұрпақтарына үлкен зиян келтіретінін әрдайым есте сақтау да жемқорлықпен күресуге көмектесетінін айтады.
Кінәлілерді жауапқа тартумен ғана сыбайлас жемқорлықпен күресуге болмайды, негізгі міндет – адал ұрпақ тәрбиелеу. Акира Мацумото мен Чой Жей Хо болашақта мықты маман болып, «адал ұрпақ» жалауын тік ұстайтынына сенімдіміз. Студенттеріме үлкен алғыс айтамын!
Гүлбағиза Әбіласымқызы Мұсаева филол. ғ. к. қауымдастырылған профессор
Нұршайықова Жанар Әзілқанхызы филол. ғ. д., профессор
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
ЖОО дейінгі білім беру факултьтеті
Шетелдіктердің тілдік жане жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Үздік эссе байқауы
- ramuk_b
- 27 қараша 2025
- 12
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ақпараттық ресурстық орталық, үздік эссеге байқау жарияланды
Ұқсас жаңалықтар:

«Сыбайсас жемқорлықсыз болашақ»
Жемқорлық - мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі...
Тазалық апталығы
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылып, өтіп жатқан тазалық апталық сенбілігіне әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық...
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы: құрылу тарихы және пайдалану ережел ...
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының шетелдік студенттері ҚазҰУ...
Халықаралық ынтымақтастық аясында өткен шетелдік студенттермен кездесу
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті көлемінде Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім...
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.