Ақан сері ел аралап жүріп атақты Мейрам болыстың үйіне түседі. Кіріп келіп сәлем бергенде, Мейрам болыс орнынан ұшып тұрып: – Қарауылдың саңлақ серісі - ай! – деп келіп от деңгейінде көрісіп амандасады.
Əйелді қорлаған еркекті өмір өкінішсіз жібермейді. Өйткені əйел - өмірдің анасы, ал асыл перзент анасын ешкімге де қорлатпайды. Өйткені əйел - киелі халық. Оның киесі өзін қорлаған еркекті бір атпай кетпейді. Әзілхан Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз"
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Бірде Мәмен күйші жолаушылап келе жатып, Шолпан атты қыздың ұзатылу тойына тап болады. Шолпан атына заты сай, төңірегі ақыл көркімен ұнаған аяулы ару болса керек.
Театр — сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі. Ешбір өнерді тілек, құрғақ бұйрық туғызбайды. Қай елдегі, қай түрдегі өнерді алсақ та сән - салтанатпен ырғалып - жырғалып, бір күннің ішінде ғайыптан көшіп келген жоқ.
Мен қара мрамор, қара таспын. Адам қолынан өткен соң айнадаймын. Алдымдағының бәрін көремін, түгел көремін. Адам күнге қарай алмайды. Мен қарай аламын. Адам қызыға қарайды, қуана қарайды, қорқа қарайды.