Білім алудағы толеранттылық – шетелдік студенттер арасындағы түсіністік
Қазіргі әлемде азаматтар арасында толеранттылыққа тәрбиелеу қоғамдық білім беру саясатының басты мақсаттарының біріне айналды.
Бүгінде әлемнің әр түкпірінен келген көптеген шетелдік студенттер үшін әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – сапалы әрі заманауи білім беретін беделді оқу ордасына айналып келеді. Университет оқытушыларының алдында студенттерде өзара сыйластық, достық, басқа мәдениетке төзімділік сияқты қасиеттерді қалыптастыру міндеті тұрады.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония, Түркия, Канада, АҚШ және т. б. елдерден келген шетелдік студенттердің жаңа әлеуметтік - мәдени ортаға бейімделу барысында түрлі психологиялық қиындықтарға тап болады. Бұл қиындықтар тек оқу процесімен ғана емес, сонымен қатар олардың тұлғалық дамуымен, эмоциялық тұрақтылығымен және әлеуметтік байланыс орнату қабілетімен тікелей байланысты. Шетелдік студенттердің жаңа оқу ортасына бейімделу процесі - күрделі әрі көп қырлы процесс. Бұл тек жаңа академиялық пәндерді меңгеру ғана емес, сондай - ақ мәдени, әлеуметтік және психологиялық кедергілерді жеңуді де қамтиды. Студенттердің сәтті бейімделуі олардың оқу үлгеріміне, стресстік деңгейіне, тұлғалық дамуына және оқу процесінен алған қанағаттануына тікелей әсер етеді. Осы бейімделудің психологиялық ерекшеліктерін түсіну маңызды, себебі білім беру процесінде қолдау көрсету студенттердің оқу ортасымен өзара әрекеттесуін жақсартып, әртүрлі стресстік факторлар мен мәдени шоктың теріс әсерін азайтуға мүмкіндік береді.
Бірінші күннен бастап кафедра оқытушылары шетелдік студенттердің қаладағы өмірге бейімделуіне, білім алуына қолайлы жағдайлар жасауға ерекше назар аударады. Кафедрада шетелдік студенттермен толеранттылық, ынтымақтастық және серіктестік идеяларына негізделген түрлі іс - шаралар өткізеді. Жалпы шетелдік студенттер оқу жылы барысында іс - шараларға қатысып, өз елдері туралы әңгімелейді, ана тілінде ән айтады, ұлттық билер билейді. Оқытушылар елдегі мерекелерге, оның тарихына, көрнекті жерлеріне, Қазақстанның танымал тұлғаларына арналған дөңгелек үстелдер өткізеді. Мұндай іс - шаралар тек шетелдік студенттердің толерантты қарым - қатынасын қалыптастыруға әсері мол.
Кафедрада ұйымдастырылатын түрлі халықаралық, ұлттық деңгейдегі тәрбиелік, мәдени, ашық кураторлық іс - шаралар, табиғат аясына, көлдерге, тауларға, театрларға, концерттерге және спорт кешендеріне бірлескен экскурсия, саяхаттар өзара түсіністік пен достықты біріктіруге, тәрбиелеуге ықпал етеді.
А. Е. Саденова
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Білім алудағы толеранттылық – шетелдік студенттер арасындағы түсіністік
- ramuk_b
- 17 қыркүйек 2026
- 10
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Білім алудағы толеранттылық, шетелдік студенттер арасындағы түсіністік
Ұқсас жаңалықтар:

Шетелдік студенттер арасында толеранттылықты тәрбиелеу тәсілдері
Бүгінгі таңда жаһандық коммуникация және әлемдік қоғамдастықтың интеграциясы кезеңінде мәдениетаралық мәселе бірінші орынға шығады. Бұл білім беру...
Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі мамандарды даярлайтын ғылыми орталыққа...
Шетелдік студенттермен тәрбие жұмысы
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында...
25 қазан – Қазақстан Республикасы күні!
25 қазан - Қазақстан Республикасы күні мемлекеттіліктің символы болып саналатын маңызды мереке, еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған айтулы...
Халықаралық ынтымақтастық аясында өткен шетелдік студенттермен кездесу
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті көлемінде Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.