Сайтқа кіру Тіркелу

Тілдер күні – ортақ құндылықтарға, рухани бірлікке шақыратын мереке

Тілдер күні – ортақ құндылықтарға, рухани бірлікке шақыратын мереке

5 қыркүйек – елімізде Қазақстан халқы тілдері күні ретінде аталып өтетін ерекше күн. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл»,- деп ұлағатты сөз қалдырған қазақ тілі әліппесінің атасы, Алаш арысы, қазақ мәдениетінің тарихында үлкен бір дәуірді алып жатқан алып тұлға, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа - тұс келіп, ұлттық руханият пен тілдің қадірін айқындай түседі.
Әр халықтың тілі – оның тарихы мен мәдениетінің айнасы. Тіл арқылы ұрпақтар сабақтастығы сақталып, дәстүр жалғасады. Қазақ тілі – біздің мемлекетіміздің мемлекеттік тілі, ұлттың айбыны мен мерейі.
Шын мәнінде тілдер мерекесі – Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерінің ана тіліне құрмет көрсететін ортақ мейрам. Қазақстан елінде түрлі ұлттар мен ұлыстар өмір сүреді, олардың әрқайсысының ана тілінің басқа халықтар тіліне қатысты тағдыры бар, тіл арқылы адамдар бір - бірін танып біле алады және кез - келген халықтың рухани мәдениетімен, дәстүрлерімен, салттарымен танысу үшін де тілге жүгінеді.
Осы мерекеге орай әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары Қытай, Корея, Жапония, Түркия және басқа да елдерден келген шетелдік студенттерге жыл сайын «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесі аясында іс - шаралар өткізеді.
Кафедраның оқытушылары бұл мереке туралы, тілдің мәні туралы, ұлты үшін аянбай қызмет етіп қоймай, жастарды ұлттық дүниетаным негізінде оқыту, ана тілін дамыту, осы ретте қазақ даласында оқу орындарын ашу жолында үлкен еңбек сіңірген, өзінің барлық саналы өмірін қазақ қоғамында білім - ғылымының дамуына, мектеп ағартушылық ісіне арнаған, ауыл мектептерінде, семинарияларда бала оқытып, оқу - тәрбие жұмысын жетілдіру саласында көп ізденген Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы туралы шетелдік студенттерге түсіндіріп, бейнежазбалар, танымдық тапсырмалар, тілдің құдіреттілігіне байланысты музыкалық шығармалар ұсынады.
Бұл іс - шаралардың жалпы мақсаты – шетелдік студенттердің мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді үйренуіне, тілдің әлеуметтік - коммуникативтік қызметін кеңейтуге, тіл байлығын дамытуға байланысты қолдау көрсету, ынталандыру, тіл туралы білімін жандандыру және кеңейту, тілдерге сүйіспеншілік пен қызығушылықты, төзімділік, достық пен өзара түсінушілікті тәрбиелеу болып табылады.
«Халықтың мәңгі ғұмыры - оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы – ұлы»,- деп Шыңғыс Айтматов айтқандай, әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей де білуге міндетті. Тілдің құдіретін сезіну, тазалығын сақтау, құрметін еселеу елдегі әрбір адамның алдында тұрған парызы. Тілі шұрайлы да оралымды ана тіліміздің мерейі үстем болсын!


А. Е. Саденова.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тіл – достықтың алтын көпірі

Тіл – достықтың алтын көпірі

5 қыркүйек – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл»,- деп ұлағатты сөз қалдырған қазақ тілі әліппесінің атасы,...
Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем

Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем

Кафедраның оқытушылары бұл мереке туралы, тілдің мәні туралы шетелдік студенттерге түсіндіріп, бейнежазбалар, танымдық тапсырмалар, тілдің...
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі

Жыл сайын Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлап, атап өтеді. Осы мерекеге орай әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық...
«Тіл - біздің тұтастығымыз»

«Тіл - біздің тұтастығымыз»

Жыл сайын Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлап, атап өтеді. Осы мерекеге орай жақында әл - Фараби атындағы Қазақ...
Тіл - тарихтың үні

Тіл - тарихтың үні

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі. Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - қазақ халқының...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, ҚазҰУ, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×