Дәстүрлі дүниетаным
Деген екен
Ақан сері ел аралап жүріп атақты Мейрам болыстың үйіне түседі. Кіріп келіп сәлем бергенде, Мейрам болыс орнынан ұшып тұрып:
– Қарауылдың саңлақ серісі - ай! – деп келіп от деңгейінде көрісіп амандасады. Үйдегі Мейрамның алты ұлы не сәлем бермейді, не сәлем алмайды. Болыстың үлкен ұлы Сейілбек Жанайдаров деген орысша оқыған шенеуік екен, сол:
– Қарауылдың қаршадай қара сақалтайына қатындарша көріспей - ақ отырып амандасу да жететін еді ғой, – депті жақтырмай.
Сонда Ақан сері отырмастан:
– Атандың Мейрам қажы жұрттан асқан,
Атағың асып шықты алты Алаштан.
Ақ сұңқар үйде болмай түзде түнер,
Бір нәрсе балаларға араласқан.
Сәлемімді не алмайды, не бермейді,
Алланың рахматынан безіп қашқан.
Бір келген жолаушыға сыр алғызды,
Болмай ма тәкаппардың досы дұшпан.
Әкеге бала тартып туу қайда?
Туған ба балалардың бәрі ойнастан.
Өз басың артық туған адам екен,
Қуандық пен Сүйіндікке үлгі шашқан.
Қажыға бармасам да жаным таза,
Ішпейді Ақан сері шүбәлі астан.
Қырқылып қызыл тілім қалмаса егер,
Бастаймын Жанайдардан етіп дастан, – деп шығып жүре береді. Мейрам болыс соңынан жүгіре шығады.
– Балалардан бір білместік іс өтті. Кешіре гөр. Үйге түс, – дейді шылауына оралып.
Ақан: «бір шығып қалған соң қайта кіру әбестік болады» деп оралмайды.
Мейрам: «балалардың айыбы» деп 25 сом ақша ұсынады.
Ақан ақшаны ұстап тұрып:
– Емес пе айтылған сөз атылған оқ,
Ызалы сөз жалыны қып - қызыл шоқ.
Өзің ал мынауыңды, мен алмаймын,
Ақымаққа айып сала шыққаным жоқ, – деп ақшасын кері қайтарып, жүріп кетіпті.
Түсінік: «Туған ба балаларың бәрі ойнастан» дегені Мейрамның үшінші әйелі жылқышымен көңілдес болып, Мейрамның өзі ұстап алған.
«Бастаймын Жанайдардан етіп дастан» дегені Мейрамның әкесі Жанайдар батыр Кенесары, Наурызбайдың қолында болған. Наурызбай төре Жанайдардың келіншегімен көңілдес болады. «Мейрам Наурызбайдың баласы» деген сөз ел ішінде жиі айтылады. Мейрам бетке таңба осы оқиғаларды Ақан сері өлеңіне қоса ма деп қысылғандағы ақиқат еді.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Деген екен
- ramuk_b
- 17 ақпан 2021
- 2081
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ақан сері, Ақан сері туралы әңгіме, Бастаймын Жанайдардан етіп дастан
Ұқсас жаңалықтар:
Бір сөзден тұратын өсиет
Шебер шешім, көркем сөздерімен халық арасында шешен атанған Қазыбек би жыл сайын қасына жолдас - жораларын ертіп, өзінің даналық тапқырлық сөзімен...Тектілік туралы ұлағатты сөздер
Көріп алған көріктіден, Көрмей алған текті артық....Наурызбай батыр
Наурызбай батыр Бурабай баурайында дүниеге келген. Мүсіні қолмен құйғандай. Жауырыны қақпақтай, күпшек кеуде, биік бойлы, денесі тіп - тік, белі...Ақан сері Қорамсаұлы
Зырян ауданы, “Зырян қаласының №9 орта мектебі” КММ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Саньязова Бекзат Қабдуалиқызы...Г дыбысы мен әрпі
Қызылорда қаласы № 211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Берекенова Роза Құрбанбайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.