ЫСҚЫРМА
Әбілет пен Тәбілет балаларын үйге шақырғанда ысқырады екен. Ысқырықты естігенде жын - пері, диюлар әке - шешесіне қарай асығатын болыпты. Діни аңыздардың баяндауынша, періштелер әке - шешесін тозаққа алып кеткелі, жындар күл - қоқыста жасырынып жатады екен. Егер біреу байқаусызда ысқырса, «әке - шешеміз келіп қалған ба?» деп қуана сол адамға жүгіреді дейді. Егер оның адам баласы екенін көріп, сонша жерден жетіп келген алданғанын білсе, ашуланып адамды ұрады екен. Ондай адам ақыл есінен айырылып, жынданады деседі. Сондықтан «ысқырма, шайтанды шақырасың» деген тыйым пайда болыпты. Әсіресе, үйдің ішінде, қорада ысқыруға болмайды дейді. Үйді жын - жыпыр жайлап алуы мүмкін деген сенім бар.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Ысқырма
- ramuk_b
- 29 шілде 2020
- 2209
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ысқырма, үйде ысқырма, қазақтың тиым, ырымдары
Ұқсас жаңалықтар:
Ашына атауы
Әбілет пен Тәбілеттің алғаш туған баласы Ібіліс екен. Онан кейін Ашына деген қызды туыпты. Артынша Дию мен Жын деген егіз баласы дүниеге келіпті...Туыстық атаулар сыры
Ана (әйел) – өзіңді өмірге әкеліп, түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүт берген аяулы адамың. Әр ұл мен қыз ата - анаға мәңгі қарыздар....Самұрықтың зары
Ертеде самұрық атты құс болыпты. Оның жан - жануар біткенге қастығы жоқ екен. Бұл өңірге жазда келіп балапандап, балапанын ұшырғаннан кейін, басқа...Бет айғақ
Халықтың құқықтық салтында малды, затты тапқан, көрген адамдарға сүйіншісін береді немесе «қалағаныңды ал» дейді....Дәуітке тиіспе
Дәуіттің тұсында Ғайдуна деген қаланы ордалы жылан басады. Олардың көптігі сондай күрек басындай жерге он жылан сыяды екен. Қарсы келген адамға...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.