Сайтқа кіру Тіркелу

Күз тақырыбында шығарма, эссе

Күз – бұл өте тамаша мезгіл
Күз – бұл өте тамаша мезгіл. Күз мезгілі адамның көңіл - күйі секілді құбылмалы. Бірде жаңбыр жауып жатса, енді бірде күн шайдай ашылып тұрады. Күзде білім күні басталады. Бұл күнде енді мектеп табалдырығын аттайын деп жатқан кішкентай балалар қуанады.

Олар үшін бұл күн өте ерекше. Жалғыз кішкентай балалар үшін ғана емес, біз үшін де бұл күн өте ерекше. Себебі, бұл күнде біздің өмірге деген көзқарасымыз ашылып, әлемді тани бастаймыз. Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып, айнала алтын түске боялады. Жерге алтын кілем төселгендей болады. Арасында шыршалар ғана түсін өзгертпеген.

Барлығы әсерлі, өте керемет. Құстар жылы жаққа ұшып барады, ал балалар аула жұмысын бөлісіп тазалауда. Кейбіреулері жеміс - жидек жинаса, біреулері ауланы түскен жапырақтардан тазартуда. Балалар әрі еңбек етіп, әрі ойын ойнауда. Барлығы көңілді. Жануарлар да қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа дайындалуда. Қоян, қасқыр, түлкі сияқты жануарлардың жүндері қалыңдай бастайды. Адамдар да қызу еңбек үстінде. Диқаншылар егіс даласында дән жиса, ауыл адамдары отын, көмірлерін түсіріп, қыстан қысылмай шығудың қамын жасауда.

Осы мезгілде бізде «күзгі бал» атты байқау болды. Біз өзіміздің тамаша өнерімізді көрсеттік, және де түрлі дәнді - дақылдар мен жеміс - жидектерден керемет туынды жасап шығардық. Басқа сыныптың оқушылары да неше түрлі жемістерден керемет нәрселер жасады. Біз үшін бұл байқау өте керемет өтті. Бәрі де көңілді болды. Күз кереметі осы шығар деп ойлаймын.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Қ. И. Сәтбаев атындағы №216 орта мектеп оқушысы


«Күз мезгілі» тақырыбындағы шығарма
Төрт мезгілдің ішіндегі ең шұрайлысы күз де келіп жетті. Күн суыта бастады. Айналаны жапырақтар сары кілемге толтырды. Күн қысқарып, түн ұзарды. Арасында аспанды қара бұлт қаптап жаңбыр да жауып қояды. Күз мезгілінде адамдар үлкен шаруаға көшеді. «Қыстың қамын жаз да ойла» дегендей егіндерін теріп, қыстық отын жинайды.

Бұл мезгілдің тағы бір ерекшелігі күздік мерекелерге толы болуы. Солардың бірі: күз ханшайымы мен ханзадасы. Олар ханшайым мен ханзада ретінде салтанат кешін құрады. Ән айтады, би билейді. Түрлі - түрлі көкөністерден, жеміс - жидектерден көрмелер болады. Бәрі де көңіл - күйді көтеретін тамаша, әсерлі мерекелер.

Күз мезгілі әсерлі мерекелерімен, қоңыр - салқын ауасымен, қыңыр мінезімен біздің есімізде түрлі оқиғалар арқылы қалатыны рас. Менің есімнен кетпейтін оқиғаларымның бірі - бірінші қыркүйек яғни, білім күні. Ол кезде мен бастауыш сыныпты тәмамдап, бесінші сыныпқа бармақшы едім. Балалықты тастап, мектепке асығыс бардым.

Есіме сынып жетекшіміздің де өзгеретіні түсті. Күз мезгілі де қырсық екен деп ойладым. Сол кезде мен сыныпқа кірдім. Жаңадан тағайындалған сынып жетекшіміз әлі де келе қоймапты. Бірнеше минуттарда сынып жетекшіміз де кіріп келді. Жетекшіміз өңі шырайлы, сымбатты адам екен. Ол кісінің адал жан екені көзқарасынан - ақ белгілі болды. Мен өзімнің сыныбыма лайықты мұғалім екенін аңғардым. Күз қоңыр болса да сәттілікке толы күндері мені өзіне баурап алды. Мен күз мезгілін ұнатамын. Әсіресе, осы оқиға есіме түссе күз мезгілін одан әрі ұната бастаймын.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Қ.И.Сәтбаев атындағы №216 орта мектеп оқушысы Шынтемірова Ақтолқын


Алтын күз
Міне, күз де келіп жетті. Күн салқындады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып,түсіп, шөптер де қурап қалған. Сабаққа бара жатқан кезімде күз ауа райы маған қатты ұнады. Себебі, таза ауа, әдемі табиғат менің бойыма күш береді. Мен рахаттанып, жігерленіп қаламын. Күз тұмансыз, дауылсыз, жаңбырсыз болмайды. Ауа райы сан рет құбылады. Күз мезгілін «Алтын күз» деп атайтын себебіміз айналаның бәрі сары түске айналады. Күн қысқара береді. Егін піседі, мал семіреді. Жыл құстары тізбектеліп, жылы өлкелерге ауып кетеді. Күзде осы секілді көптеген өзгерістер орын алады. Мектептерде,балабақшаларда «Күзгі бал» атымен аталып көптеген іс-шаралар өтеді. Онда күзге байланысты әндер, тақпақтар айтылады.

Күздік дастархан мәзірі дайындалады. Онда әр түрлі күздік дақылдардан неше түрлі бейнелер жасайды. Сахнаны мерекеге сай жабдықдайды. Күз – молшылық, береке айы. Иә, расымен де молшылықтың айы. Себебі, адамдар астығын жинайды, қоймасын астыққа толдырады,қыс мезгіліне дайындалады. Маған күз мезгілі алтындай жапырақтарымен, сұлу бейнесімен, таза ауасымен ұнайды. Кейбір адамдарға бұл мезгіл ұнамауы мүмкін. Оларға салқан, құбылмалы ауа райы ұнамауы мүмкін. Дегенмен, әр мезгілдің өзіне тән қасиеті болады. Сол қасиеті ұнатпайтын адамдарға да ұнауы әбден мүмкін.

Күз мезгілінде көптеген дәнді дақылдар піседі. Олар: тары, бидай, сұлы, күріш, арпа дақылдары. Табиғатпен,ауа райымен адам тығыз байланысты.Күз мезгілінде күн бұлттанып, қабағын түйіп, жаңбырлы болады. Сол адамның көңілін түсіруі мүмкін. Маған да ондай ауа райы ұнамайды. Себебі, қызықсыз, көңілсіз болады. Көшеде кетіп бара жатсам сарғайған, әдемі жапырақтарға көзім бірден түседі. Адамның көзін тартады. Өте әдемі. Жерге қарасаң жерде өте әдемі. Алтын кілем төсеп қойғандай. Осы сияқты әдемі, көрікті көріністер күзде орын алады. Күз – сиқырлы, сұлу мезгіл.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Қ.И.Сәтбаев атындағы №216 орта мектеп оқушысы Нияз Нұрбану


Қош келдің, алтын күз!
Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілімен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай. Мысалы, қыс –мамықтай жұмсақ, кіршіксіз таза көңілдей аппақ қарымен көрікті болса, ал көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атып, ағаштар ақ гүлден моншақ тағынады, төрт түлік те төлдеп тіршілікке жан бітеді. Айналасын жасыл кілемге төсеп дала біткенді суға жүгіртіп, қарынын үзілген жеміске тойдырған жаз да бар.

Ал мен үшін орны бөлек, жаныма жақын – күз мезгілі. Иә, көне шаһар төріне өзімнің басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен күз де келіп жетті. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаушы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет. Күз мезгілін «алтын күз» деп атайтын себебіміз айналаның бәрі сары түске айналады.

Біз төменгі сыныпта оқитын кезімізде жыл сайын міндетті түрде «Күз» деген тақырыпта шығарма жазушы едік. Ылғида «Күз келді. Күн суып, жапырақтар сарғайды. Құстар жылы жаққа қайтты. Адамдар жылы киіне бастады. Диқандар өнімін жинап алды…» деген сарынмен жазып кете беретінміз. Иә, бала қиялы, бала көзі күздің сыртқы бейнесін, сипатын баяндап жазуға қауқарлы. Ал бойында, ойыңда өскен кезде күзді басқа қырынан көре бастайды екенсің.

Өз басым жыл мезгілдерін адам өмірінің кезеңдерімен салыстырар едім. Көктем- бүр жарған тіршілік оянған жастық шағымыз. Бәрі де таза, бәрі де табиғи. Табиғат-ана оянып, тіршілік жанданып, күн тек мейірім төгіп тұрады. Ал жаз мезгілі- тіршіліктің нағыз қайнаған шағы. Өсімдіктер өз өнімдерін беруге дайындалып жататыны секілді, адамның да жаз маусымы оның отбасын құрып, бала өсіріп, солардың болашағы үшін барын салып, бойындағы қаны қайнап тұрған уақыты деп білемін. Адамдардың ұрпақ тәрбиелеп, оларды орындарына жайғастырып, еккен егіндерінің жемісін көретін мезгілі – күз мезгілі. Адам ғұмырының соңғы ұзақ ұйқыға кететін шағы қыс мезгілі. Суық та ызғарлы. Көктемді аңсайтын мезгіл. Бірақ қолдан келер дәрмен жоқ. Осылайша өмір аяқталады

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Қ.И.Сәтбаев атындағы №216 орта мектеп оқушысы Бектұрған Бексұлтан


Күз— береке бастауы
Қоңыр салқын тарады.
Қайнаулар мен сайлардан,
Қаздар қөайтып барады,
Қайтқан елден жайлаудан.

Соңғы шуақ төгіліп,
Салқындатып тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап.

Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен түзеді,
Қара бұлт қабағын түйеді,

демекші міне, қабағын түйіп жаңбырлы күз келді. Күз — молшылық, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез. Кешеден бері аспанды суық бұлт торлап алды. Түс мезгілі болса да, ауыл іші түнеріп, сұрланып тұр. Жаңбыр тамшылары есікті, терезені, қаңылтыр шатырды қаққылай жөнелді. Ауыл іші суға толып, ойық жерлерде көлшік пайда болды. Күн лезде суытты, ертең тіпті қар жауады деген болжам да бар. Өткір суық жел арық малды жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Күн қысқарып, түн ұзарады. Адамдар күзді: «жаңбырлы күз», «суық күз», «қара күз» деп айтып жатады. Ал біз оны «алтын күз» деп айтамыз. Себебі күзде жапырақтардың барлығы дерлік сары түске еніп, жерге түсіп дала алтынға оранғандай болады.

Бір жылда төрт мезгіл бар. Осы төрт мезгілдің әр мезгілінің өзіне тән қасиеті бар. Бірі жаныңа жылулық сыйласа, бірі қайтып туған жауқазындай бүршік атып жатады, бірі айналаны ақ мамыққа бөлеп, терезеге салған өрнегімен таң қалдырса, енді бірі суығына үйретіп те үлгереді.Осы төрт мезгіл ішінде ең кереметі менің жаныма жақыны да осы күз мезгілі деуіме болар. Күздің кереметі сағынышқа толы жүректі жұлып алып, әуеде әуелетіп ән салдыртып, көңілді күңірентсе де ішкі жан дүниеңе шынайы бір сезімсыйлататындай. Мен үшін күзді сүю деген сағынышты аңсаумен пара-пар.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Опорный орта мектебінің оқушысы Мусина Аружан
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×