Сайтқа кіру Тіркелу

Кітап үзіндісі: Əйелді қорлаған еркекті өмір өкінішсіз жібермейді

Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...

Əйелді қорлаған еркекті өмір өкінішсіз жібермейді. Өйткені əйел - өмірдің анасы, ал асыл перзент анасын ешкімге де қорлатпайды. Өйткені əйел - киелі халық. Оның киесі өзін қорлаған еркекті бір атпай кетпейді.
Әзілхан Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз"

Әйел затын, жалпы нәзік деп айтады ғой. Бос сөз. Мықтының ең мықтысы; көнбісе әйелдер екеніне мен кіммен де дауласуға бармын.
Еркектер зорығып өлетін ауыр жұмыстарды бұл күнде қыңқ деместен әйелдер атқарып жүр. Оның сыртында, үй ішінің тіршілігін істейді, бала өсіреді, кәрі ата - енелерін күтеді.
Құдай біледі, еркек бұған төзбеген болар еді.
Бердібек Соқпақбаев "Өлгендер қайтып келмейді"

Италияда бір әйел: «Сенен әнші шығады. Сен әнді күннен - күнге жақсы айтып келесің», – деп ұлына айтудан жалықпайды екен. Ал сол бала ұлы әнші Энрико Карузо атымен бүкіл әлемге әйгілі болды. Бұдан шығатын қорытынды тәрбие жүйелі болуға тиіс.
Зәкім Жайлыбай "Күн көзінде мұз жатпас"

Біреуден жaқсылық көрсең, сен де біреуге жaқсылық көрсетуге борыштысың. Өйтпeсең, жақсылықтың ұрығын өлтіресің: aлғанын қайтармаған қарыздаp адам cияқтысың. Әpкім ала беріп, ала беpіп, алғанын қайтаpмайтын болса, өмір де жұтaйды.
Бексұлтан Нұржекеұлы "Бір өкініш, бір үміт"

Тегінде, адам өмірдің ыстығы мен суығына, аштығы мен жалаңаштығына шыдамды - ақ, бірақ бір нәрсеге мәңгі - бақи көнбек емес. Ол ажалға ғана өз бетімен мойынсұнбайды. Оған еңбектеген бала да, еңкейген қарт та жайдан - жай беріле салмайды. Адам өмір үшін, азаттық үшін жаратылған. Сондықтан ол өлім мен құлдыққа туғаннан қас. Сол үшін ажалмен белдеседі.⠀
Әди Шәріпов "Партизан қызы"

Бақыт өмірдің өзі секілді ауыспалы: кейде мынау толқи аққан өзен секілді аяғының астында жатады, кейде мұз болып қатып, бойын аулақ салады.
Ілияс Есенберлин "Алыстағы арпалыс"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Кітап үзіндісі

Кітап үзіндісі

Ал, музыка тыңда, кітап оқы, қиял кез. Түбі сен осы бөлмеден не данышпан боп шығасың, не ақылыңнан адасып шығасың. Дулат Исабеков «Қарғын»...
Кітап үзіндісі

Кітап үзіндісі

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау...
Кітап үзіндісі

Кітап үзіндісі

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау...
Кітап үзіндісі

Кітап үзіндісі

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау...
Кітап үзіндісі

Кітап үзіндісі

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×