Сайтқа кіру Тіркелу

Кітап үзіндісі

Кітап үзіндісі

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...


Жүрекпен көргенді, көзіңмен көре алмайсың,
Жүрекпен ұққанды, ақылмен ұға алмайсың.
Ілияс Есенберлин «Көлеңкеңмен қорғай жүр»


Бұрын қазақтар ер баланы еркелеткенде басынан сипамаған. Арқасынан қаққан. «Басынан сипау ұл баланы аяп, мүсіркеу сезімдерін туғызады, төмен қарап жүретін жасық болып қалады» деп түсінген. Ата - ана, ер - жұртына қорған болатын, шаңыраққа ие болатын ұлдың көзін жерден алмайтын жігерсіз, есіркеуді тілеп тұратын ынжық болғанын қаламаған. Ал арқасынан қаққанда ер бала батылданады, жігерленеді, еңсесін тік ұстап, тура қарауға дағдыланады. Неге болса да тайсалмай қарайтын қайратты, батыл болып ержетсін деп ұлды арқадан қағыпты. Ал қыздарды керісінше басынан сипаған. Қыз – жатжұрттық, қыздың бағы – үйде емес, түзде. Қыз басқа босағаны аттап, өзге үйдің отын жағады, ұрпағын өсіреді. Қызды «кететін бала ғой» деп еркелетеді. «Алдынан не күтіп тұр екен, тағдыр - талайы қалай болады» деп басынан сипап аялаған. Қыз баланы басынан сипағанда басы еріксіз еңіс тартады, көз жанары төмен түсіп, жасырынады. Кісі бетіне бажырайып қарамайтын әдетке үйреніп, қызға лайық биязы мінез қалыптасады. Арқадан қағу мен бастан сипаудың осындай талғамды астары, тәрбиелік мәні бар екен!
Зейнеп Ахметова «Бабалар аманаты»


Қиянат!
Не нәрсе сұлу болса, отап тастауға, не нәрсе биік болса, құлатып тастауға, не нәрсе аппақ болса, қаралап тастауға, не нәрсе сау - саламат болса, жаралап тастауға, не нәрсе адал болса, арамдап тастауға әуес жұмыр басты пенденің өз оңбағандықтарынан ақталар «ақиқаты» әрқашанда дайын...
Оралхан Бөкей «Кербұғы»


Егер адам өзін көрсетпесе, ол көз алдында болса да ұмытыла береді емес пе. Кей адамдар бірінің - бірі кінәсін кешірген - ақ тұрады, бірақ соған да болар - болмас түрткі керек қой. Бәлкім, махаббат деген – адамның барлық сн - сипаты толып, ой - сезімінің ең бір жетілген шағы шығар?!
Шыңғыс Айтматов «Жәмилә»


Біз өкпелей алмайтын, тек кеудесі кекке толы мейірімсіз ұрпақпыз. Қауқарсыз құр ашуды бойға жинап болдырған, бордай тозып бара жатқан буынбыз. Өкпелеудің өзі зор махаббат екен. Махаббаттың екінші беті «өкпе» десек те болатындай.
Ырысбек Дәбей «Әкелеріміз айтатын әңгіме»


Сүйген адамың әманда сүйкімді. Әркімнің сүйгені өзіне ардақты. «Жаным десе жан семіреді», бұл әсіресе төмен етектіге қатысты. Әйел заты сылап - сипағанды жас баладан бетер жақсы көреді. Сүйген адамы еркелетсе оған дүниенің жұмағы керегі жоқ. Ерлі - зайыпты боп бақытты ғұмыр сүру үшін екі жағынан да секемсіз сенім, айнымас адалдық қажет. «Ер адам қандай болу керек» деп әйелден сұрар болса: «Шаңырақтың егесі» дер еді. Ал ерлерге осындай сұрақ қояр болсақ: «Әйел – адалдығымен ардақты» дер еді. Алғаның жаман болса, өліспей бітіспес жау отыңның басынан табылды дей бер. Мінезді әйелдің міні жоқ, мінезсіз әйелдің көпірген аузы мен көгерген бетінен басқа дымы жоқ.
Өтебай Қанахин «Ата қоныс»


Кейде адамның ішкі күйзелісі ортақ болса, қимас жандарға айналатын секілді.
Ырысбек Дәбей «Әкелеріміз айтатын әңгіме»


Егер біз өзімізге дейінгілерден біршама ілгеріледік десек, мұның себебі – Ньютон тамаша тауып айтқанындай «біз ұлы ғалымдардың иығына шығып тұрмыз».
Шоқан Әлімбаев «Данышпандық субстанциясы»


Бұрынғы кезде шалдар күнім өтіп барады деп жылаушы еді, ендігі жас күнім өтпейді деп жылап жүр. Қарқынымыз қатты, қайда барар екенбіз?! Ақсақалдарды тыңдай бергің келеді, бірақ олар осы күні аз сөйлеп, тақыстанып алған, кәрі қойдай тартқыншақ. Көңілі шаппаса, жаратпай кіржіңдейді - ай. Бұрынғыдай «Тәйт әрі, тек отыр» деп зекуге батылы бармайды. Осы күнгі шалдар біртүрлі қызық, әрі барған сайын жұмбақтанып, барған сайын қазымырланып барады; барған сайын азайып барады. Олар барған сайын дүниені дүр сілкіндірер әр жаңалықтан іштей сескеніп, бүгінім тынышты өтсе екен деп тілейді. Ие, олар көп дүние тілемейді де, тыныштық тілейді болғаны.
Оралхан Бөкей «Өліара»


Әттең еңбегімнің еш болғаны өкінішті, - деген әкесі сонда, - бірақ біз тіршілік иесін ажал аузынан құтқардық. Есіңде болсын, шарасыз халдегі тіршілік иесіне қол ұшын беру – әр адамның басты борышы.
Нарбинь Кенжеғұлова «Қиын шешім»


Ақылы кеніш адамдардың күнделігі – кітаптарынан да қызық.
Шоқан Әлімбаев «Данышпандық субстанциясы»


Әрбір іс - әрекеттің тууына түрткі бір себеп болады. Мен іс - әрекетті ғана көрмей, оны тудырған себепті түсінуге, үйдегілердің жан - күйінің толғаныстарына, сезім сырларына терең үңілуім керек екенін білдім. Рухани бірлік, рухани түсінісу болмаса менің ас әзірлеп, дастарқан басына жинағаным жартылай қызмет, оны жат та істей алады деген қорытындыға келдім.
Зейнеп Ахметова «Шуақты күндер»


Адам затқа емес зат адамға қызмет етіп, мұқтажынан шығып, қажетіне жарап жатса ғана мүлік болады екен.
Зейнеп Ахметова «Шуақты күндер»


Сәлемдескенде қолды жүрек тұсына қоюы – «мен сізге шын жүректен амандық тілеймін», «Алланың сәлемін жүрегімнен жолдаймын» деген ниетті білдіреді.
Зейнеп Ахметова «Бабалар аманаты»


Қайран сол балалық, қайта келермісің, сен! Кей кезде сол бір алаңсыз балалығыңды аңсап, еріксіз сағынасың. Әлдеқайдан асыр салып, жол шаңын бұрқыратып, тұлымын жалбыратып, екі бетін албыратып, дүниені даңғыратып сол балалығым шыға келетіндей, айналаңа жалтақтай беретін кездерің жиі болады. Алайда бал балалық қайдан келсін. Ойыңа сол шақтардың өрнектері ғана, үзік - үзік бөлшектері ғана, сапырылысқан ретсіз саздары ғана оралады. Сен соны тұшынасың да тамсанасың. Тамсанасың да еріксіз жымиясың. Осы сәтте бір шеттен балалық дәуірдің бір елесі де жымиып тұрғандай сезіледі.
Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»


Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Адамның іс - әрекетіне қатысты тыйымдар мен ырымдар

Адамның іс - әрекетіне қатысты тыйымдар мен ырымдар

Белді таянбайды. Себебі жақын адамы қайтыс болғанда жоқтау айтып жылаған әйел ғана белін таянады. Жақты таянбайды. Қайғы - қасіреттен әбден қажыған...
Өміріңізді сапалы қылып өткізіңіз. өмір уақытымен емес, сапасымен өлшенеді  ...

Өміріңізді сапалы қылып өткізіңіз. өмір уақытымен емес, сапасымен өлшенеді ...

Өміріңізді сапалы түрде өткізіңіз. Өзіңізді әрдайым бақытты сезініңіз. Егер бақытты болуға бір нәрсе жетіспей тұрса, соны зерттеңіз, соған тартылыңыз....
Кітап үзіндісі

Кітап үзіндісі

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау...
Кітап үзіндісі

Кітап үзіндісі

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау...
Әйел туралы мақал-мәтелдер

Әйел туралы мақал-мәтелдер

Жақсы әйел – ырыс, Жаман әйел – ұрыс. Жақсы әйел теңі жоқ жолдас, Түбі жоқ сырлас....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×