Сайтқа кіру Тіркелу

"Алтын күз" кеші – жарқын сәттер мен шабыт кеші

"Алтын күз" кеші – жарқын сәттер мен шабыт кеші!

Сары алтындай күздің самалы сезілген сәтте Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде https://farabi. university/ ерекше бір кеш — «Алтын күз» атты эстетикалық - танымдық шара өтті. Бұл кеш – тек көңіл көтеру ғана емес, сонымен қатар шығармашылыққа, өнерге, тапқырлық пен талғамға толы мереке ретінде есте қалды.
Кештің мақсаты – тыңдаушылардың бойындағы эстетикалық талғамды, шығармашылық қабілетті дамытып, ұжымшылдыққа баулу, сонымен қатар таңдаған мамандықтарына деген сүйіспеншілікті арттыру болатын.
Шара 5 кезең бойынша ұйымдастырылды:
1. Видеотаныстыру. Бұл кезеңде әр команда өздерін таныстырып, мұнда шығармашылық тұрғыдан ерекше болу маңызды. Әр командаға 5 минут уақыт берілді. Барлық командалар бірден бірінші кезеңге шығады және кезекпен таныстырады.
2. Шығармашылық өнер көрсету. Бұл кезеңде әр команда өздерінің шығармашылық өнерін көрсетеді. Әр командаға 7 минут уақыт беріледі.
3. Күзгі сән көрсетілімі («Күзгі подиум»). Бұл кезеңде әр команда өздерінің қолөнерлік туындыларын немесе сәндік элементтерін көрсетеді. Әр командаға 5 минутқа дейін уақыт беріледі. Барлық командалар бірінен кейін бірі шығып, сән үлгілерін көрсетеді.
4. Күзгі композиция. Үйден дайындалған қолөнер бұйымдары, жеміс - жидек композициялары таныстырылады. Әр командаға 2 минут уақыт беріледі.
5. Қорытынды мен марапаттау.
Кешке қатысушы командалар пәндеріне байланысты топ аттарын таңдап, ерекше бейнеде сахнаға шықты.
– “Жарқыра” (Биология - химия) командасы кеш бойы белсенділігімен көзге түсіп, “Күз сұлтаны” және “Қолөнер шебері” номинацияларына ие болды.
– “Starlight Vibes” (Дүниежүзі тарихы – ағылшын тілі) тобы “Ең әдемі таныстыру” номинациясымен марапатталды.
– “Үздік” (Шығармашылық бағыты) атына заты сай өнерімен танылып, “Өнерлі жұп” пен “Күз аруы” аталымдарына лайық деп танылды.
– “Жұлдызды формула” (Физика - математика) — “Ең әдемі сән үлгісі” бойынша үздік деп танылды.
– “Eclipse” (География - математика) тобы шығармашылық композициямен көзге түсіп, “Күзгі композиция шебері” атанды.
– “Алтын жұлдыз” (Информатика - математика) командасы барлық кезеңде жоғары нәтиже көрсетіп, бас жүлдені қанжығасына байлады.
Тыңдаушылар өз өнерлерін паш етіп қана қоймай, бір - бірімен рухани байланыс орнатып, сахнада нағыз достық пен креативтің үлгісін көрсетті. Шара соңында қатысушылар мен көрермендер көтеріңкі көңіл - күймен тарқасты.
«Алтын күз» — жастардың жалындаған өнері мен шығармашылығы тоғысқан, жүректерге жылу сыйлаған, күздің ең жарқын сәтіне айналған кеш болды.

ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушысы Сандуғаш Нұртілеуова
Кері қайту
[tags]
Ілмек сөздер:
Ұқсас жаңалықтар:
ҚазҰУ - де жәрмеңке өтті

ҚазҰУ - де жәрмеңке өтті

Университетте студенттердің патриоттық сезімін және азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған «Алтын күз» жәрмеңкесі мен мәдени бағдарлама өтті....
Күзгі бал мерекесіне арналған құттықтау сөз, тілектер

Күзгі бал мерекесіне арналған құттықтау сөз, тілектер

Бүгін біз алтын күздің тамаша сәтінде жиналып, табиғаттың ең көркем, ең берекелі мезгілін – Күзгі бал мерекесін атап өтудеміз. Бұл мереке – еңбектің,...
Алтын күз сайысы өтті

Алтын күз сайысы өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ үлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында білім алып жатқан тыңдаушылар «АЛТЫН КҮЗ» атты іс -...
ҚазҰУ: Азияның үздік университеттері қатарында – мәдениет пен білімнің үйле ...

ҚазҰУ: Азияның үздік университеттері қатарында – мәдениет пен білімнің үйле ...

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Al - Farabi Kazakh National University) Азияның жетекші 30 университетінің қатарынан лайықты орынды...
Майдангер жазушыға арналған кеш өтті

Майдангер жазушыға арналған кеш өтті

2023 жыл 13 желтоқсан шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық кітапханасында ҚазҰУ - нің 90 жыл...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×