Сайтқа кіру Тіркелу

Жастарға арналған мереке

Жастарға арналған мереке

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктерң тілдік және жалпы білім беру дайыңныдығы кафедрасы әлемнің түрлі елдерінен келген шетелдік студенттер білім алады. Көптеген мемлекеттерде жыл сайын 17 қарашада студент жастар Халықаралық студенттер күнін атап өтеді. Осы датаға арналған кураторлық сағат өткізілді.
Куратор бұл мерекенің 1946 жылы 17 қарашада Прагада өткен Бүкіләлемдік конгресте фашизмге қарсы күрескен студенттердің құрметіне белгіленгені туралы айтты. Қазіргі уақытта Студенттер күні – елге, оқу орнына немесе факультетке қарамастан, бүкіл студенттерді біріктіретін символдық мереке болып табылады.
Шетелдік студенттер бұл күннің әлемнің әртүрлі университеттерінде қалай атап өтілетінін, қандай дәстүрлердің бар екенін және осы күннің ерекшелігін білді. Әр елде жастар өз мерекесін өзінше атап өтеді.
Бұл күні әдетте курстастармен және достармен кездеседі. Сонымен қатар фестивальдер, концерттер, қайырымдылық акциялары, интеллектуалдық викториналар, квестер, спорттық жарыстар ұйымдастырылады.
Қазақстанда бұл күні ашық дәрістер, оқытушылар және түлектермен кездесулер, шығармашылық жобалар, волонтерлік акциялар және білім сапасына арналған талқылаулар өтеді.
Қытайлық және корейлік студенттер өз елдерінде бұл күн қалай өтетінін айтып берді.
Мәселен, Қытайда 4 мамыр – Жастар күні ретінде атап өтіледі. Бұл күн құқық пен прогресс жолындағы күрестің символына айналған. Оңтүстік Кореяда 1953 жылы 3 қараша Студенттер күні ұлттық мереке болып жарияланды. 2006 жылы бұл мерекенің атауы Студенттік тәуелсіздік қозғалысы күні болып өзгертілді.
Соңында студенттер барша қауымды мерекемен құттықтап, оқуда табыс, жаңа идеялар және жарқын болашаққа сенім тіледі.

Ешимов М. П., Якубаева К. С.,
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
шетелдіктерң тілдік және жалпы білім беру дайыңныдығы кафедрасы.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Өзге елдердегі студенттер күні

Өзге елдердегі студенттер күні

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында әлемнің түрлі...
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - да ай күнтізбесі бойынша Шығыс Жаңа жылы атап  ...

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - да ай күнтізбесі бойынша Шығыс Жаңа жылы атап ...

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерді оқыту мен тәрбиелеу аспектілеріне әрқашан көп көңіл бөледі. Әсіресе, жоғары оқу орнына...
Мерекеге қарсы өткен тәрбиелік іс - шара

Мерекеге қарсы өткен тәрбиелік іс - шара

Республика күні – тәуелсіз Қазақстанның алғашқы мемлекеттік мерекесі. Ол жыл сайын 25 қазанда аталып өтеді және елдің тәуелсіздікке қарай жасаған...
Қазақстан республикасы күні - ел мерекесі, оның жетістігі және жаңа жетісті ...

Қазақстан республикасы күні - ел мерекесі, оның жетістігі және жаңа жетісті ...

25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі. Бұл күні 1990 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданды....
Наурыз – халықаралық мейрам

Наурыз – халықаралық мейрам

Бұл мерекелік концерт барысында шетелдік студенттер Қазақстанда бұл Наурыз мейрамына ерекше көңіл бөлінетініне, ол елімізде өмір сүріп жатқан сан...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×