АҚШОЛПАН
Бірде Мәмен күйші жолаушылап келе жатып, Шолпан атты қыздың ұзатылу тойына тап болады. Шолпан атына заты сай, төңірегі ақыл көркімен ұнаған аяулы ару болса керек.
Сонсоң да ел-жұртқа еркін, ерке болып бой жетіп еді дейді. Той үстінде, бір жағы сол еркелігі бар, Шолпан қыз төңірегіндегі құрбы-құрдастарына бір базына айтады: «Қадірлі көз көрген құрбы-құрдастарым, қыз дәурені қызғалдақтай келте екен, бауыр басып, бой жеткен ел-жұртымды қимай, көңілім алабұртып отыр. Менің осы бір көңіл-күйімді күй тілінде сөйлетер кім бар?!» - депті.
Ойын-тойдың өнерпазсыз болмайтыны қашанғы әдеті емес пе, сол жерде аққу мойын домбыра қолдан-қолға көшіп, небір әсем күй күмбірлей тартылады. Бірақ бұл күйлердің ешқайсысы Шолпанның көңілінен шықпайды. Бәрі де бұрын талай тартылып, талай естіліп жүрген күй болса керек. Шолпанның нәзік жүрегі жаңа саз, тың сарын тілеп, қазіргі көңіл-күйіне үндесер күй іздейді.
Осы кезде домбыраға Мәмен қол созады. Отырғандар алғашқыда көлденеңді көк аттының үйреншікті қонақкәдесі болар деп мән бере қоймайды. Бірақ Мәмен домбыраны баптап алып, лекіте қағып жөнелгенде үйдің іші сілтідей тынады. Күй сұлу сазына қоса мұңды сырымен жан тербейді. Сол қалпында қызуы басылмастан лекілдеп келіп тынады. Шолпан қыздың жанарына таңғы шықтай мөлдіреп жас іркіледі. Ризашылығының белгісіндей Шолпан орнынан тұрып, өз қолымен Мәменнің иығына шапан жабады.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Ақшолпан
- ramuk_b
- 26 шілде 2020
- 4556
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ақшолпан, күй аңызы, қызықты аңыз әңгімелер, Мәмен күйші
Ұқсас жаңалықтар:
Бет айғақ
Халықтың құқықтық салтында малды, затты тапқан, көрген адамдарға сүйіншісін береді немесе «қалағаныңды ал» дейді....Боркемік, бұла
Бос, болбыр, осал, жасық. Мысалдар: 1. Бой түзеген, боркемік. Күлкі ғой, күйшіл, көңілшек! (Д. Бабатайұлы, Замана сазы)...Жолжелкен
Жолжелкен жапырағы ішекке пайдалы. Бір деректерден жер бетіндегі халықтың 10-15%-ында іш қату (запор) бар дегенді оқып едік. Америка Құрама...Бізге қуыршақтар келді
Түрлі қуыршақтар туралы қысқа сипаттау мәтінін құрастыруға үйретуді жалғастыру. Заттардың белгілерін атауға үйрету (үлкен, кішкентай, әдемі, сәнді)....С. Сейфуллин «Дала» өлеңі
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қазиева Гүлмира...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.