Адам қарны ашқанда тамақты талғап ішуді ұмытып, «жыланның бетін» тезірек қайтарғысы келеді. Мұндайда майлы, тұзды, қуырылған асты тоя жегің келетін тәбеттің ақылға бет қаратпайтыны бар.
Халық емінің зерттеушісі, алматылық Сейітқамза Қалиевтің бірнеше рецептін ұсынуды жөн көрдік. Бүйрек пен қуықта құм жиналса, күн сайын таңертең ашқарынға астан бір сағат бұрын 1 стакан қайың шырынын ішеді.
Лимон, зімбір (имбирь), сарымсақты тең мөлшерде алып, еттурағыштан өткізіңіз. Бәрін араластырып, банкаға салып, тоңазытқышта сақтайсыз. Осыны шай ішкенде бір ас қасық қосып ішіп жүрсеңіздер еш артықтығы жоқ.
Қыстыгүні қазан асып, қазы мен ет жеп, майлы сорпа сіміру – қазақ үшін қалыпты жай. Әйткенмен осы ет жеуге деген құштарлық өтімізді толтырып, өмірімізді қысқартуы мүмкін екен.