Сайтқа кіру Тіркелу

Халық емі: Қан қысымын түсіретін тағам

Халық емі: Қан қысымын түсіретін тағам
Қазір қан қысымы мазалайтын адамдар көп. Мұндай мазасыздық кезінде жағдайды дұрыс тамақтану арқылы да бақылауда ұстауға болады екен. Қалай дейсіз бе?
Долананы (боярышник) көбірек жеңіз. Оның тәттісі аздау тосабы да күніне дәрі есебінде бір ас қасықтан күніне үш - төрт мезгіл тұтынғанда қан қысымын қалпына келтіруге көмектесе алады. Оны үш ай бойы үздіксіз қолдану қан қысымын түсіріп, қандағы қант мөлшерін қалпына келтіреді. Бүгінде Ұлыбританияда қант диабетінің 2 - ші типті белгісі бар науқастарға аспен бірге міндетті түрде долана тұтыну ұсынылуда.
Сарымсақты (чеснок) асқа қосып жегеннен бөлек, күніне бір мезгіл (өзіңізге ыңғайлы уақытта) бір бөлігін шикілей, аздап нанға қосып жеп жіберу керек. Оның құрамы ағзаға қажетті витаминдерге бай екенін біз бірнеше рет жазғанбыз. Ол суықты «сорып» қана қоймайды, бактерияны «байлап», ауру атаулыдан аулақ болуыңызға жәрдем береді. Сарымсақтың бір түйірінде 1, 3 миллиграмм аллицин бар, яғни қан қысымын қалпына келтіруге сол себеп.
Даршынның (корица) да денсаулыққа пайдасы зор. Бүгінде АҚШ - тың Огайо штатында жүрек - қан тамырлары мен қант диабеті ауруларына шалдыққан науқастарға ұсынылатын мәзір құрамында міндетті түрде даршын кездеседі. Себебі оның осы екі дертте тұрақты тұтынған, жағдайда оңды нәтиже беретінін дәлелденген.
Пияздың да жөні бөлек. Оның емдік - сауықтыру қасиеті мен күшін оқырман біз айтпасақ та жақсы біледі: суықты қуады, тұмаудан сақтайды, иммунитетті көтереді, көздің көру қабілетін жақсартады, вирус пен бактерияларды өлтіреді. Одан бөлек, қанның қоюлығын қалпына келтіру арқылы қысымын қалпында сақтауға септігін тигізеді. Бірақ ол үшін пиязды шикілей тұтыну керек.
Зәйтүн (оливка) жемісінің қасиеті де жоғарыда аталғандардан кем емес. Неаполь университетінің доценті Альдо Феррар күніне 40 грамм зәйтүн майын тұтынатын адамның ағзасында бір жетіден кейін табиғи түрде тазалану басталып, қан тамырларының қабырғасындағы қақ жойылатынын анықтаған. Ал ағзада қан дұрыс айналса, көптеген жайсыздықтар өздігінен жойылатыны белгілі.
Олай болса, қан қысымынан құтылғыңыз келсе қарапайым осы амалдарды қайталай жүріңіз.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Кептірілген жемісті көбірек жеңіз

Кептірілген жемісті көбірек жеңіз

Жемістердің пайдасы бәрімізге белгілі. Дегенмен қыс маусымында оларды табу қиын. Бірақ бұл мәселенің шешімі бар: оны кептірілген түрлерімен алмастыру...
Қан тамырын тазалайтын тұнбалар

Қан тамырын тазалайтын тұнбалар

Таза бал мен даршын (корица) ұнтағын тең мөлшерде араластырып, емдік тосап әзірлеңіз. Оны күнделікті таңертең нанға жағып жеуді әдетке айналдырсаңыз,...
Ағзадағы тұзды қуатын амал

Ағзадағы тұзды қуатын амал

Ақжелкекте алты түрлі қасиет бар. Медицинада одан гормондық препараттар жасалады. Оның адамның жүрек - қан тамырларын қорғау қасиеті бар....
Халық емі: Асқабақтың дәні де дертке дауа

Халық емі: Асқабақтың дәні де дертке дауа

Асқабақтың ішіндегі дәнегі адам ағзасына қажет витаминдердің, минералдар және аминқышқылдарының қоймасы екенін көп адам біле бермейді....
Денедегі уытты қалай тазартуға болады?

Денедегі уытты қалай тазартуға болады?

Усарымсақ (чеснок) ішкі ағзалар мен тыныс жолындағы бактерияларды, ішек паразиттерін шығарады....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету