Халық емі: Бүйректегі тасты түсіруге бола ма?
Халық емінің зерттеушісі, алматылық Сейітқамза Қалиевтің бірнеше рецептін ұсынуды жөн көрдік.
Бүйрек пен қуықта құм жиналса, күн сайын таңертең ашқарынға астан бір сағат бұрын 1 стакан қайың шырынын ішеді. Ол құмды қуалап, тасты үгітуге ықпал жасайды. Аталған ағзаларда фосфат, карбонат тастары болса жасушаларды қажап бүлдіре бастайды. Бүйрек жасушаларын тітіркендіріп, жұмыс қабілетін арттыруға көмектеседі.
Үлкендеу екі қызыл, екі қара шалқанды еттурағыштан өткзіп, сығып, шырынын 300 грамм ақ араққа қосып араластырады. Аузын мықтап жауып, 15 күн қараңғы жерге қояды. Күн сайын үш рет, әр жолы 30 грамнан ішеді. Бүйрек аузында жиналған құм - тасты зәрмен тысқа айдайды.
Бүйрек тасын түсірудің қарапайым бір әдісі – зығырдың дәнінен 100 грамды 2 литр суға 10 минут ақырын қайнатып, әр екі сағат сайын жарты стаканнан ішеді. Мұны таңертең ашқарынға бастап, ол күні басқа тағам ішпейді. Келесі күні де жалғастырады. Екінші күннен бастап тастар түсе бастайды.
Тастарды үгітіп шығарудың тағы бір әдісі – 2 кило қызғылт сәбізді еттурағыштан өткізіп, оған бір кило жүзім қосып, үстінен 3 литр тазартылған су құяды да, ақырын жанған отта 3 сағат қыздырады. Бұқтырып қойып, әбден суыған соң 50 грамды ас алдында 30 минут бұрын ішеді. Осындайды екі рет ішіп тауысса тастар үгітіліп, зәрмен шығады.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Халық емі: Бүйректегі тасты түсіруге бола ма?
- ramuk_b
- 24 ақпан 2025
- 16
- 0
- 0
Ілмек сөздер: халық медицинасы, бүйректегі тасты түсіру, халық емі
Ұқсас жаңалықтар:

Жазылмайтын жараға ем
100 грамм жаңғақ дәнін бір литр зығыр майына салып, жақсылап араластырады. Екі апта бойы жабық ыдыста, қараңғы жерде сақтайды....
Қан тамырын тазалайтын тұнбалар
Таза бал мен даршын (корица) ұнтағын тең мөлшерде араластырып, емдік тосап әзірлеңіз. Оны күнделікті таңертең нанға жағып жеуді әдетке айналдырсаңыз,...
Бүйректегі тасты шалқанмен түсірген
Үлкендеу екі қызыл, екі қара шалқанды (репа) еттартқыштан өткізіп, сығып, шырынын 300 грамм араққа араластырады....
Қан қысымы төмендегенде
Итмұрын, шетен, қара қарақат, тау алшасы жемістерін кептіріп, соның әрқайсысынан 2 ас қасықтан алып ұнтақтайды. Осы қосындыны 2 литр қайнаған суға...
Өттегі тасты қалай түсіруге болады?
Өт қалтасындағы тастардан бір - ақ тәулікте құтылудың мынадай оңай жолдары бар....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.