Халық емі: Қол ұйып қалуының сегіз себебі бар
Бір қарағанда, қолдың ұйып қалуы елей бермейтін болмашы нәрсе сияқты көрінеді. Бірақ оның да жайсыз тұсы көп. Жиі ұйып қала берсе кейін саусақтардың ұшы ине тыққандай шаншитыны бар. Сосын қолдың ұйып қалуы күз бен қыста көбейеді. Неге? Себептеріне тоқталайық.
Біріншісі – шашыраңқы склероз (рассеянный склероз). Бұл жұлын қабықшасына зақым келгеннен, одан тарайтын жүйке талшықтарының қысылып қалуынан болатын жағдай. Яғни мидан денеге сигнал беру күші бұзылғанын білдіретін патология. Ұйқышылдық – осы аурудың алғашқы белгілерінің бірі. Сонымен қатар, егер бас себепсіз немесе жиі айналса, кейбір нәрсені ұмытып қала беретін болсаңыз, кей - кейде жүрек айнуы, денеде құрысулар, түстерді ажырата алмау байқалса, склероздың алдын алуға асығыңыз.
Екіншісі – кеуде немесе мойын омыртқадағы остеохондроз. Омыртқа дискісінің қажалу барысында тамыр қысылуынан остеохондроз мазалайды. Бұл аяқ - қолдардың ұйып қала беруімен тікелей байланысты кең таралған ауру. Остеохондроздың симптомдарын басқа аурулармен шатастырмау, ажырата білу өте маңызды: кеуде омыртқасының тартылып, дыңылдап ауыруы кейде шыдатпай кетеді. Остеохондроз кезінде қол ұштарының ұйып қала беруі өте көп байқалады. Кейде жүрек ауруында да осыған ұқсас белгі болып, остеохондроз екеуін шатастырып алмаңыз. Жүрек тұсы ауырып, жүрек айнып, бұрқ етіп суық шықса, сол қолыңыз ауырып, қатты ұйып қалса, дереу жедел жәрдем шақырыңыз.
Үшіншісі– веноздық тромбоз. Тамыр бойында қан ұйып, тұрып қалған жағдайда ағзада қан айналымы баяулайды да, нәтижесінде оттегі мен қоректік заттар тиісті жерге, әсіресе аяқ пен қол ұштарына жетпей қалады. Вена қан тамырындағы бұл жайсыздық біраз уақытқа созылса аяқта, қолда аздап ісіну байқалады. Себепсіз әлсіреу, зейіннің нашарлауы да осы аурудың салдарынан орын алады.
Төртіншісі – қан аздық пен диабет. Бұл екі диагноз да әдетте аяқ - қол ұштарына жеткілікті мөлшерде қан бармай қалуына себепші болады. Нәтижесінде саусақтар салқын болып жүреді, мұздап, ұйып қала беретін болады. Қан талдамасын тапсыру арқылы анықтап, ем алған жағдайда бұл жайсыздықтан құтылу аса қиын емес.
Бесіншісі – инсульт немесе жүйке тамырының жарақаттары. Бұл қолдың ұйып қала беруінің ең қауіпті себебіне жатады. Егер қолдар ұйып қалу барысында есеңгіреу, бас айналғандай сезім болса, бастың кенеттен қатты ауыруы, сөйлеу мәнерінің бұзылуы мен көз бұлдырауы қатар байқалса, оқыс қимыл жасауға болмайды. Тез арада дәрігер шақыру керек.
Алтыншысы – перифериялық нейропатия. Бұл жүйке сигналдарының денеге берілуінің бұзылуы. Ол екінші типті қант диабеті, В12 витамині жетіспеушілігі және алкоголизм аясында дамиды.
Жетіншісі – туннельді синдром. Ол әдетте бір орында отырып, күнұзаққа тек саусақпен жұмыс істейтін (тоқыма, қарындашпен сурет салу, қорап қаптамасын жабу, оператор, т. с. с.) адамдарда болады. Күні бойы қайталана беретін, ұзаққа созылған мұндай жұмыс барысында саусақ сіңірлері тартылып, ондағы жүйке талшықтарына салмақ түседі де, буындар іседі, қол ұйып қала беретін болады. Туннельді синдромда әдетте негізгі үш саусақ ұйып қалады.
Сегізінші – инфекция салдары. Аяқ - қолдың ұйып қалуы түрлі инфекция салдарынан да орын алады. Яғни ағзада инфекция болса байқалатын жағдай. Сонымен бірге Е, Р және В тобындағы витаминдер жетіспеуінен болады.
Саусақ ұштары мен аяқтағы башпайлар жүйке талшықтары мен қан тамырларының «соңғы станциясы» деуге болады. Егер ол аймақта ұйып қалу орын алса, онда қандай да бір себептермен ол жерге қан толық жеткізілмей тұр, жүйке сигналдары дұрыс жұмыс жасамай жатыр деген сөз. Яғни жолда кедергі бар. Мұны елемей қоюға болмайды, өйткені ол жай ғана ұйып қалу емес, ағзадағы ақау. Оның себебін тауып, ем жасамаса, сегіз себеп аталған аурулардың бірі бастау алуы мүмкін. Жағдайды оған жеткізбеу өз қолыңызда!
Халық емі: Қол ұйып қалуының сегіз себебі бар
- ramuk_b
- 20 қараша 2024
- 192
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қолдың ұюы, себептері, емделу жоладары, халық емі
Ұқсас жаңалықтар:
Остеохондроз ойбайлатпасын десеңіз...
Қазір үлкенде де, кішіде де кездесетін остеохондроз негізі ем қонуы қиын ауру. Ол асқынса басыңызды бүріп ауырғаннан бастап белді қақсатып, тіпті...Еш нәрсенің керегі жоқ
Еш нәрсенің керегі жоқ! Керегі жоқ, шаршадым! Басымда ұйып тұрып алды әлемдегі бар сағым, Өніп-өскен топырағыма апарыңдар,...Жүктіліктің белгілерін анықтау
Әйел жүкті боп қалғанын, дәрігерге бармай - ақ, өзі біле ала ма? Әрине, біледі. Өйткені бала бітудің бірнеше айқын белгілері бар. Солардың бірі -...Онегиннің өлердегі сөзі
(А. С. Пушкиннен) Жарым жақсы киім киіп, Келді жанға жылы тиіп. Диуана болды бұл көңілім, Басылмай бір құшып, сүйіп....Сүйген - сұлу
Сенің көзің көк те емес, қара да емес - қой көзді деп атайды мұндайларды. Ол көздердің оты да ғажап емес, бірақ маған сол жанар нұрдай мәңгі....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.