Сайтқа кіру Тіркелу

Халық емі: Асқабақтың дәні де дертке дауа

Халық емі: Асқабақтың дәні де дертке дауа
Асқабақтың ішіндегі дәнегі адам ағзасына қажет витаминдердің, минералдар және аминқышқылдарының қоймасы екенін көп адам біле бермейді. Оның құрамында В тобының, А, С, D, Е және К витаминдері, сондай - ақ кальций, селен, калий, темір, фосфор және магний бар. Ол мырыш пен асқабақ қышқылына да бай. Денсаулыққа пайдасы көп асқабақ тұқымын қандай ауруларда жеу керек екенін айтамыз.
Ұйқысыздық. Асқабақ тұқымдарын ұйқының бұзылуынан, соның ішінде ұйқысыздықтан зардап шегетін адамдарға жеу ұсынылады. Олардың құрамында бақыт гормоны – серотониннің қалыптасуына қатысатын триптофан деп аталатын құнды аминқышқыл бар. Соның арқасында стресс деңгейі төмендеп, ұйқы жақсарады.
Бүйрек аурулары. Асқабақ тұқымы бүйректі тазартуға, цистит пен холециститті емдеуге, сондай - ақ уролитияның дамуына жол бермейтін күшті табиғи зәр қуалайтын құрал. Сонымен қатар, асқабақ тұқымын зәр шығару жүйесі аурулары мазалағанда қолдануға болады. Осындай аурулары бар науқастарға асқабақ пен зығыр тұқымдарынан қайнатпа дайындап, оны күні бойы ішуге кеңес беріледі.
Сүйектің әлсіздігі. Жоғарыда айтып кеткендей, асқабақ дәнектерінің құрамында мырыш көп. Ал ол сүйек тінінің нығаюына ықпал етеді және остеопороздың дамуына жол бермейді. Мырыш буындарға да пайдалы, демек, артрит сияқты аурулардың да алдын алуға көмектеседі.
Ішектегі паразиттер. Асқабақ дәнегі – ішек құрттарымен күресудің ең танымал әрі тиімді тәсілдерінің бірі. Әрбір дәнекті қаптап тұратын жасыл түсті жұқа қабықша – кукурбитин деп аталатын аминқышқыл. Бұл зат ішек паразиттерін жансыздандырады және олардың тез жойылуына ықпал етеді. Ішек құрттарын түсіретін «дәрі» дайындау үшін бір уыс асқабақ тұқымын ұсақтаңыз, міндетті түрде жұқа қабықшасы болуын қадағалаңыз. Үстіне аздап су мен бал қосыңыз. Дайын болған қоспаны ашқарынға бір шай қасықтан қабылдау қажет. Одан кейін іш жүргізетін дәрі ретінде майсана майын қолдануға болады. Бұл тәсіл ересектер мен екі жастан асқан балаларға арналады.
Қартаю. Қартаю процесі ешқандай дерт, ауру емес, бірақ сонда да бұл процесті баяулатқымыз келіп тұрады ғой. Асқабақ тұқымында кездесетін кальций, калий, темір, натрий, мырыш, фосфор, мыс және марганец қалқанша безінің жұмысын реттейді, жасушалардың қалпына келуін тездетеді және көру қабілетін сақтауға көмектеседі. Омега - 3 және омега - 6 май қышқылдары терінің, шаштың және тырнақтың саулығын сақтайды. Қуырылған емес, шикі асқабақ тұқымдары пайдалы. Күніне бірнеше бөлікке бөліп, 100 грамм асқабақ тұқымын жеуге болады.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бөдене жұмыртқасының пайдасы жайлы ақпарат

Бөдене жұмыртқасының пайдасы жайлы ақпарат

Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың бір жұмыртқасының салмағымен тең болса, оның құрамындағы калий мен фосфор тауық жұмыртқасындағыдан бес есе көп, ал...
Ең пайдалы азықтар жайлы

Ең пайдалы азықтар жайлы

Әлемдегі ең пайдалы азықтарды жариялап отырмыз, мұқият танысып шығып керегіңізді алыңыз!...
Асқабақтың сырлы әлемі

Асқабақтың сырлы әлемі

Асқабақ туралы деректер жинақтау, өңдеу, суреттер жинақтау, сызбалар даярлау. Асқабақтың пайдасын зерттей отырып, біршама ауруларға, әсіресе оның...
Асқабақтың дәрілік қасиеті

Асқабақтың дәрілік қасиеті

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Саға негізгі мектебінің 1 - сынып оқушысы Рахматуллина Анастасия Жетекшісі: саға негізгі мектебінің Мұғалімі м. Т....
Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастары

Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастары

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, №2 Жалпы білім беретін орта мектебінің химия-биология пәнінің мұғалімі Бисенгалиева Асель...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×