Дәрісіз емнің бір түрі
Кешкі астан кейін бір сәт теледидар қарап, кино көретін әдем көпшілігімізде бар ғой. Осындай сәтте мен табанды уқалауды әдетке айналдырдым. Яғни теледидар қарап отырып аяқты тобықтан төмен қарай белгілі тәртіп бойынша уқалап, тиісті нүктелерін басып отырамын. Пайдасы көп. Аяқ табандарында бүкіл ағзаның дұрыс жұмыс жасауына жауап беретін негізгі нүктелер орналасқан деп жатады. Түсігенім, табанды уқалау бүкіл ағзадағы қан айналымын жақсартады. Шаршағанды басады. Жүйкені тынықтырады. Әйтеуір 5 - 10 минуттық массаж менің күні бойғы шаршағанымды әп - сәтте басады. Егер бас жиі ауыратын болса, аяқтың ұштарын уқалаңыз. Солай ми қызметін де жақсартуға болады. Мойын омыртқасы тартылып, желкесі құрысатындар көп қой. Олар үлкен бақайдың айналасын жарты сағаттай уқалап тұрса, соған тікелей әсер ететін рефлекстық нүкте арқылы жағдайды жеңілдете алады. Өкпе ауруымен күресу үшін табанның орта жағын уқалау керек екен. Осылай бронхит кезінде патологиялық жағдайды жеңілдетіп, ентігуді басуға болады. Жүрегі ауыратын адамдар үлкен бақайдан аздап төмен орналасқан аймақты күніне 30 - 40 минут уқалап тұрғаны дұрыс. Рефлексотерапевтер мен белсенді нүктелер арқылы сауықтыратындар осылай жүректің еш шалыссыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.. Табандағы дөңес бар. Соның ішкі жағын уқаласаңыз, бауырға түскен күшті азайтып, оның жұмысы жақсаруына көмек бересіз. Өкшені де уқалаңыз. Сонда беліңіздің ауырғаны басылады. Ең дұрысы, кешкі тынығу уақытында табанды жоғарыда айтқан тәсілмен уқалауды әдет ету. Мен өзім осылай жасаймын, сізге де солай етуге кеңес беремін. Бұл дәрісіз емнің бір түрі.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Дәрісіз емнің бір түрі
- ramuk_b
- 27 наурыз 2025
- 111
- 0
- 0
Ілмек сөздер: массаж жасау арқылы емделу, дәрісіз ем, халық емі
Ұқсас жаңалықтар:

Халық емі: Тәспі тартсаңыз, ауырмайсыз
Тәспінің қасиеті мен пайдасы жайлы не білесіз? 1. Жолыңыз ашылмай, жоспарларыңыз кері айналып, қатты ашуға булыққанда “Субхан Аллаһ” деп тәспі...
Табандағы белсенді нүктелер – сауығудың кепілі
Аяққа күні бойы күш түсетіндіктен қатты шаршайды. Кешқұрым уақытта. әсіресе. биік өкшелі аяқ киімді ұнататын әйелдер қауымы аяқ шаршауынан зардап...
Адамның іс - әрекетіне қатысты тыйымдар мен ырымдар
Белді таянбайды. Себебі жақын адамы қайтыс болғанда жоқтау айтып жылаған әйел ғана белін таянады. Жақты таянбайды. Қайғы - қасіреттен әбден қажыған...
Ояну сырлары
Әлбетте, денсаулықтың мықты болуы, күннің сәтті басталуы, күні бойы сергек, көңілді жүрудің кілті – жақсы ояну. Ояну жаңа күннің керемет бастамасы...
Жолжелкен
Жолжелкен жапырағы ішекке пайдалы. Бір деректерден жер бетіндегі халықтың 10-15%-ында іш қату (запор) бар дегенді оқып едік. Америка Құрама...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.