1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар
Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.
Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем.
Биыл мен де мектепке
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер, қаламым.
Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз.
Мектеп – қамқор анамыз
Оқып білім аламыз,
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз!
Өмірімнің көктемін
Сенде өткіздім деп келдім,
Алтын ұя - мектебім!
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім,
Асыл – аннам мектебім
Aйналайын балғындар,
Алға бағыт алғындар
Ертең өсіп толындар,
Ел мақтаны болындар,
Орындалсын ойларың,
Құтты болсын тойларың
Қоңырау сыңғырла, асыға
Үн қосқан қиядан асуға
Білім ал, еңбек ет жас ұлан
Өрле сен биiк шың басына.
Қоңырау үні сыңғырлап,
Естілді жылы жаныма
Күлкідей әсем сылдырлап
Бөбекті жиды маңына
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна, бір жырға.
Шаттықтың үніндей мәңгілік
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Қуаныш әніндей жаңғырып
Жүректер ақ нұрға соғылсын.
Мектебің мынау, классың
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың...
1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар
- ramuk_b
- 14 тамыз 2021
- 17659
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Алғашқы қоңырау, білім күніне арналған тақпақтар, 1 қыркүйек білім күніне арналған
Ұқсас жаңалықтар:
1 қыркүйекке арналған тақпақтар
Соқ, соқ қоңырау Сыңғырлайды қоңырау Сылдырлайды қоңырау Сыңғырлайды, сылдырлайды алғашқы қоңырау!...Мектебім, аяулы мектебім
Мектебім, аяулы мектебім, Өзінсің өмірдің көктемі. Нәр алып, қолымды созамын, Арманға көктегі....Мен мектепке барамын, батаңды бер қазағым
Тақырыбы: Тілашар «Батаңды бер қазағым, мен мектепке барамын» Мақсаты: Оқушылардың мектеп кезеңіне келген қадамдарын тойлату. Отан, ана тілі, отбасы,...Сәлем білім ордасы
Өскемен қаласы, № 26 орта мектебі КММ бастауыш сынып мұғалімі Қабылбаева Алзинат Советбекқызы...Алғашқы қоңырау 2024
«Алғашқы қоңырау» салтанатты жиының сценарийі Жоспары: 1. Сапқа тұрғызу 2. Қонақтармен таныстыру...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.