Сайтқа кіру Тіркелу

Әдістемелік нұсқаулық хат 2026-2027 оқу жыл (жоба)

Кіріспе
Жаңартылған конституциялық нормалар мен құндылықтарды білім беру практикасына енгізу 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының (бұдан әрі – Конституция) тікелей талаптарына сүйенеді.

Конституцияның 33 - бабының 1 - тармағына сәйкес мемлекет азаматтарға мемлекеттік мекемелерде ақысыз және міндетті бастауыш және негізгі орта білім алуға кепілдік береді. Ал осы баптың 4 - тармағына сәйкес білім беруұйымдарының қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына (бұдан әрі – МЖМБС) сәйкес жүзеге асырылады.

Осы жоғары құқықтық нормаларды орындау мақсатында МЖМБС, үлгілік оқу жоспарлары (бұдан әрі – ҮОЖ) және барлық пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына (бұдан әрі – ҮОБ) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Білім беру мазмұнын конституциялық нормалармен сәйкестендірудің негізгі бағыттары жүйеленді

«Конституция негіздері» және «Заң мен Тәртіп» курстарын тарих және құқық негіздері мұғалімдері, ал «Жеке қауіпсіздік» курсын педагог-психолог бейнематериалдарды пайдалана отырып, тренинг форматында жүргізеді.

Қазіргі білім беру жүйесін дамытудың маңызды шарттарының бірі – сапалы, сенімді және қолжетімді цифрлық деректердің болуы. Бүгінгі таңда білім беру саласындағы деректердің едәуір бөлігі цифрлық форматқа көшірілді, дегенмен олардың толықтығына, өзектілігіне және келісілдігіне байланысты жекелеген мәселелер сақталып отыр.

Сапалы деректер тек құжаттама жүргізу үшін ғана емес, білім беру процестерін талдау және негізделген басқарушылық әрі педагогтік шешімдер қабылдау үшін де қажет. Мысалы, үлгерім, сабаққа қатысу және білім беру нәтижелері туралы өзекті мәліметтер білім алушылардың қиындықтарын уақтылы анықтауға, олардың білім алу қажеттіліктерін айқындауға және қажетті педагогтік қолдауды жоспарлауға мүмкіндік береді. Цифрлық деректердің сапасы көбінесе олардың әрбір сабақта қалыптасу сапасына байланысты.

Оқытудың әрбір нәтижесі, баға, білім алушының оқу қызметін бақылау, тапсырмалардың орындалуы және анықталған қиындықтар туралы ақпарат кейіннен білім беру нәтижелерін талдау және педагогтік шешімдер қабылдау үшін пайдаланылуы мүмкін.
Цифрлық деректерді тек есепті ақпарат ретінде ғана емес, педагогтік талдау құралы ретінде де қарастырған жөн: олар білімдегі олқылықтарды анықтауға, оқу жетістіктерінің динамикасын бақылауға, білім алушылардың жеке білім алу қажеттіліктерін айқындауға және оқытудың мазмұны мен әдістерін уақтылы түзетуге көмектеседі.

Әдістемелік нұсқау хат 2026-2027 оқу жылы жүктеп алу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Балабақшаларға арналған Әдістемелік нұсқау хат 2024-2025 оқу жылы

Балабақшаларға арналған Әдістемелік нұсқау хат 2024-2025 оқу жылы

2024 - 2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары (бұдан әрі - МДҰ) мен жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен...
Әдістемелік нұсқау хат 2019 - 2020 оқу жылы

Әдістемелік нұсқау хат 2019 - 2020 оқу жылы

2019 - 2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы...
Әдістемелік нұсқау хат 2018 - 2019 оқу жылы

Әдістемелік нұсқау хат 2018 - 2019 оқу жылы

2018-2019 оқу жылында Қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік...
«Құқық негіздері» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

«Құқық негіздері» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану - математикалық бағыттағы 10 - 11 - сыныптарына арналған «Құқық негіздері» пәнінен жаңартылған...
«Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

«Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану - математикалық бағытындағы 10 - 11 - сыныптары үшін «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, ҚазҰУ, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×