Халық емі: Асты тез қорытатын ас
Адам қарны ашқанда тамақты талғап ішуді ұмытып, «жыланның бетін» тезірек қайтарғысы келеді. Мұндайда майлы, тұзды, қуырылған асты тоя жегің келетін тәбеттің ақылға бет қаратпайтыны бар. Оның соңы өзіңді жайсыз сезінуге соқтырып жатады. Сондай сәттерде дертіңізге қарай мына жеміс түрлерін жеп жіберіңіз:
Жүрек - қан тамырлары дерті мазалайтындар тым тоя тамақтанудан кейін өзін жайсыз сезінсе бір дана құрма, апельсин, грейпфрут, алма немесе сәбіз жеп жібергені дұрыс. Оны асықпай, нәрін ала жеп тауысу астың тезірек әрі дұрыс қорытылуына, қан қысымының қалпына келіп, зиянды холестериннің ыдырауына жәрдемдеседі.
Буын аурулары немесе ревматизм кезінде астан кейінгі жайсыздықты лимон арқылы жоюға болады. Ол бұлшық ет тарамдары мен сүйек тіндерін бекітеді.
Инфекциялық ауру кезіндегі жайсыздықтарда лимон мен зәйтүн майы ағзаны вирустардан қорғайды, ал құлпынай вирусты бейтараптандырады. Йогурт ағзаны әлдендіріп, астың дұрыс қорытылуына көмектеседі.
Демікпе мазаласа апельсин мен тәтті бұрышты жиі қолдануға кеңес беріледі.
Семіздік кезінде астан бас тарта алмай, тоя тамақ ішсеңіз көп ұзамай түсті капустасының салатын жеп жіберіңіз. Ол астың тез қорытып, қалдықтарды сыртқа шығарды.
Көз аурулары кезінде сәбіз, қарақат пен көк шайдың пайдасы зор.
Стресс, уайым мен күйзеліс салдарынан маза қашса лимон, кофені жиі пайдаланыңыз. Ол жүйкенің ширығуын басып, ағзаны әлдендіреді.
Көңіл - күй болмаса алмұрт, ақжелкек пен көк пиязды көп тұтыныңыз. Құлпынай, шие, бүлдірген де белсенділікті арттырып, жаныңызды тыныштандырады.
Ұйқы қашса жылы сүтке бал қосып ішіңіз. Ол жүйкені жайландырып, уайымнан арылтады.
Халық емі: Асты тез қорытатын ас
- ramuk_b
- 8 сәуір 2025
- 187
- 0
- 0
Ілмек сөздер: асты қорыту, тамақты талғап жеу, денсаулықты күту, халық емі
Ұқсас жаңалықтар:

Пияз – ең ащы, әрі пайдалы көкөніс
Пияз – әлемдегі ең кең таралған және пайдалы көкөністердің бірі. Оның ерекше ащы дәмі мен өткір иісі бар, бірақ сонымен қатар ол адам ағзасына зор...
Халық емі: Иммунитетті көтерудің төте жолы
Лимон, зімбір (имбирь), сарымсақты тең мөлшерде алып, еттурағыштан өткізіңіз. Бәрін араластырып, банкаға салып, тоңазытқышта сақтайсыз. Осыны шай...
Өтті қалай тазартқан дұрыс?
Қыстыгүні қазан асып, қазы мен ет жеп, майлы сорпа сіміру – қазақ үшін қалыпты жай. Әйткенмен осы ет жеуге деген құштарлық өтімізді толтырып,...
Саулық кілті: Ашығу
24, 36, 42 сағат ашығуды дұрыс өткізу туралы. Бүгін таңертең (сағат 7 - 8 кезінде) үгілген сәбіз бен қырыққабаттың салатын жеп тамақтанғаннан кейін...
Бас ауруы, емдеу жолдары
Бас ауырғанда ауырсынуды жоятын дәрілер ішу міндетті емес. Халық емінің бас ауырғанда көмектесетін көптеген әдістері бар, бірақ алдымен дәрігерге...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.