Ағзадағы тұзды қуатын амал
Ақжелкекте алты түрлі қасиет бар. Медицинада одан гормондық препараттар жасалады. Оның адамның жүрек - қан тамырларын қорғау қасиеті бар. Қан қысымын төмендетеді, қандағы май құрамын азайтады. Оны көбірек жеп жүрсе денедегі ішкі ыстықты шығарады.
Қыстыгүні ерні кезеріп, тынысы тарылуы іште ыстық барын білдіреді. Бұл бауырдың ыстығын қайтарады. Ауыз ойылуы, бас ауыруы, іштің қатуы, терінің құрғауы, ұйқының қашуы бауырдағы ыстықтың белгісі. Тәбетті ашатын да қасиеті бар. Ақжелкек ішекті де тазалайды. Салмақ тастауға да септігі бар. Бет - әлпеттегі дақты кетіруге көмектеседі. Ақжелкек темір мен кальцийге бай. Оны өсіп - жетілу барысындағы балалар мен жүкті әйелдер жиі қолданса өте пайдалы.
Жалпы, ақжелкектің (петрушка) өзі ағзаны тазалайтындықтан оны жиі жеп жүруге кеңес беремін. Сығып алып, шырынын ішіп жүрсе өте жақсы. Осы шырынның бір өзі біртіндеп бірнеше кеселден арылуға, аурудың өршуіне тосқауыл болады. Ақжелкекті қайнату, өзге өсімдіктерге араластыру, түю дұрыс емес. Күніне 1 - 2 рет 50 - 100 миллилитр жаңа сығылған шырынын ішіп жүрген жөн. Кемінде 7 күн. Осының өзінде оңды нәтиже байқалады. Он күн демалып, емді қайталаған жақсы.
Мандарин қабығынан 10 грамм, петрушкадан 10 грамм алып, оны 150 - 200 миллилитр суда қайнатып ішсе, асқазанды тазалайды, бауырдың ыстығын қайтарып, жұмысын жақсартады, уытын қайтарады.
Ағзадағы тұзды қуатын амал
- ramuk_b
- 9 қараша 2024
- 189
- 0
- 0
Ілмек сөздер: тұздан арылу, ағзадағы тұз, халық емі, ақжелкек шөбі
Ұқсас жаңалықтар:
Қанды тазартатын төрт тұнба
2 литр суға 30 грамм кептірілген қырмызыгүл (календула) мен бүрген (калина) ұнтағын салып, отқа қоясыз. Қақпағын мықтап жауып, баяу отта 3 минут...Жаңбыр суымен емделіңіз
Ерекше бір рецептпен бөлісейік. Бұл оңай, әрі «қызық» амал. Дегенмен көмегі күшті, өзіміз қолданып көрген соң жазып отырмыз....Бүйректегі тасты шалқанмен түсірген
Үлкендеу екі қызыл, екі қара шалқанды (репа) еттартқыштан өткізіп, сығып, шырынын 300 грамм араққа араластырады....Денедегі уытты қалай тазартуға болады?
Усарымсақ (чеснок) ішкі ағзалар мен тыныс жолындағы бактерияларды, ішек паразиттерін шығарады....Қар суымен емделіңіз
Қар (немесе жаңбыр) суын жинаңыз да, қайнатып, тұндырып, 1 литрін бөлек ыдысқа құйып алыңыз. Осы суға 90 грамм ас тұзын араластырыңыз....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.