Әке (ер) – ұрпақ иесі, панасы, айбары, үй басшысы және асрыушысы. Жеті атадан санағанда екінші ұрпақ. Ол тек бір отбасы ғана емес, ауыл, ру қамқоршысы, үлкен - кішіге бірдей қамқор азамат, ел ағасы ретінде көрінеді.
«Бәс» /салт/. «Осындай даңқ пен атаққа ірі ас пен тойға бәс жеңімпаздары да ие болған» /Жас Алаш/. Ел ішінде ертеден келе жатқан қызықты салт пен әдеттің бірі – бәс тігу.
Белді таянбайды. Себебі жақын адамы қайтыс болғанда жоқтау айтып жылаған әйел ғана белін таянады. Жақты таянбайды. Қайғы - қасіреттен әбден қажыған адам ғана жағын демеу етіп, таянады.
«Бұлайша қызқашар дәстүрін өткізетін үйді «болыс үй» дейтін көрінеді» /Х. Арғынбаев/. күйеудің алғашқы келісуі «ұрын келу» десе, қыздың атастырылған күйеуін көру «қызқашар» дейді. Бұл «ұрын той» өтетін күні болады.
Сәукеле кигізу /салт/. «Қара мақпал сәукеле, Шашың басар жар - жар - ау» /Жар - жар/. Өмірде қазақ салт - дәстүрлерінің түрі көп. Соның ішінде қалыңдыққа сәукеле кигізудің орны бір бөлек.