Ұмытылған ұлт дәстүрлері
СӘУКЕЛЕ КИГІЗУ
Сәукеле кигізу /салт/. «Қара мақпал сәукеле, Шашың басар жар - жар - ау» /Жар - жар/. Өмірде қазақ салт - дәстүрлерінің түрі көп. Соның ішінде қалыңдыққа сәукеле кигізудің орны бір бөлек. Себебі – сәукеле әйел киімдерінің ішіндегі ең асылы ғана емес, оның жұбайлық өміріндегі елеулі сәтінің естен кетпес ыстық сәті. Бұлғақтап өскен оң жақтағы және ақ босаға арасын аттар арасындағы қимас та қызықты кездің ескерткіші. Олай болса келіншекке сәукеле кигізудің өзі бір ерекше салтанат. Бұған құда - құдағилар шақырылады. Шашу шашылады. Ақ бата арналады. Сәукеле байғазысының бағасы да олқы болмайды. Сәукелелі келіншек ажарлы да базарлы көрінеді. Оны жұрттың бәрі көруге ынтық. Оның көрімдігі де соған лайық болуы керек. Жас отау, сәукелелі келіншек, ойын - сауық, көңілді күлкі жаңа өмірдің алтын есігін ашқандай әсер береді.
Сәукеле туралы бірер сөз. Сәукеле – келіншек киімі. Ол бас киім ғана емес, қазақ сән - салтанатының, салт - дәстүрінің мәдениеті мен шеберліктің озық үлгісі, өнер туындысы. «Алтынмен апталып, күміспен күптеліп» дегендей ол інжу маржан, гауһар, лағыл, жақұт сияқты асыл тастар тізбегімен әрленіп, әшекейленеді. Негізі мақпал, барқыт сияқты қымбат маталардан тігіліп, бұлғын, құндыз терілерімен жиектеліп оқамен оюланып, түрлі - түсті моншақтармен шашақталып, көркем жіптермен кестеленіп, алдыңғы жағы көзді тастармен қапталып, түрлі тағым, алтын, күміс теңгелермен безендіріледі, төбесіне үкі тағылады. Көрсе көздің жауын алатын осы бұйым тек келіншек сәні ғана емес, той салтанаты мен құдалар беделін де көтере түсетін ерекше көрініс! ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген Кіші жүздің Байсақал атты байының қызының сәукелесін Кенесары ханның ағасы Саржан төре 500 байталға бағалаған. /М.- Ж. Көпеев/
Әдет бойынша оң жақтағы қызға сәукеле кигізбейді.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Сәукеле кигізу
- ramuk_b
- 13 тамыз 2020
- 1906
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ұмытылған ұлт дәстүрлері, Сәукеле кигізу
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақтың салт-дәстүрлері №3
Қазақ халқы салт-дәстүрге бай халық, оны білу әр қазақтың парызы. Біразын төменде жазып өттік, оқи отырыңыз....Зергерлік және тігін бұйымдары
Алқа – омырауға тағатын көбіне күмістен соғылатын әйелдердің сән, әсемдік, көркемдік бұйымы. Білезік – күмістен, алтыннан соғылатын, білекке салатын...Қазақ халқының ұлттық киім түрлері
Қазақ халқының салт - дәстүрін, мәдениетін және ұлттық киімдерінің мәні мен мағынасын үйлесімділігі туралы айта отырып, оқушылардың ұлттық сана -...Сәукеле тігу
Көкпекті ЖББОМ Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі Хасенова А. Қ....«Ұлттық бас киім - Сәукеле» атты ғылыми зерттеу жұмысы
«Ұлттық баскиім. Сәукеле атты ғылыми зерттеу жұмысының негізгі мақсаты қазақтың ұлттық бас киімдерінің ерекшеліктеріне, ерлер мен әйелдердің бас...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.