Сайтқа кіру Тіркелу

Адамның іс - әрекетіне қатысты тыйымдар мен ырымдар

Қазақтың ырымдары мен тыйымдары
Адамның іс - әрекетіне қатысты тыйымдар мен ырымдар
Тыйымдар
Белді таянбайды. Себебі жақын адамы қайтыс болғанда жоқтау айтып жылаған әйел ғана белін таянады.
Жақты таянбайды. Қайғы - қасіреттен әбден қажыған адам ғана жағын демеу етіп, таянады.
Жер таянып отырмайды. Жақынынан айырылған адам ғана жер таянады.
Бетті басуға болмайды. Қайғы - қасіреттен қажыған адам ғана бетін басады.
Қолды тарақтауға, артқа қусырып жүруге болмайды. Бұл – қолы байланған тұтқынды еске салатын жаман ырым.
Белді босқа буынбайды. Өмірінде перзент көрмеген адам ғана белін босқа буынады.
Тізені, табанды тартуға болмайды. Ауруға шалдыққанда ғана тізе мен табанды тартады.
Тізені құшақтамайды. Бұл – «Ұрпақсыз қалдым», «Қу тіземнен басқа құшақтар қалмады» деген жаман ырымды білдіреді.
Жуған қолды сіліксе, ырыс - несібе кетеді.
Адамға қарап қолды шошайту әдепсіздік болып саналады.
Саусақты, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды, бұл да әдепсіздік белгісі.
Екі қолды төбеге қойып отыруға болмайды. Басына қайғы - қасірет түскен адам ғана екі қолын төбесіне қойып отырады.
Аяқ - қолды жіппен байлауға болмайды. Себебі бұл қол - аяғы байланған тұтқынды еске салады.
Басты шайқауға, тісті қайрай беруге болмайды. Жүйке ауруына шалдыққан адам ғана осылай істейді.
Таңдай қағуға болмайды. Үй ішінде таңдай қаға беру – жаманшылық (өлім - жітім) шақыру белгісі.
Біреуге қарап ерін шығаруға, үлкен адам алдында аяқты созып отыруға, адамға қарай түшкіруге, түкіруге, үлкен кісінің жолын кесіп өтуге болмайды: бұл қылықтардың бәрі де әдепсіздік болып саналады.
Құран оқығанда күлуге болмайды. Құранды жерге тастауға болмайды. Өйткені ол киелі нәрсе.
Кісіге қарап бейберекет күлуге болмайды. Жүйке ауруына шалдыққан адам ғана бейберекет күле береді.
Адамға қарап керілмейді, әдепсіздік болып саналады.
Жатқан кісінің үстінен аттамайды.
Кемтар адамға күлуге болмайды. Кемтар адамға күлсең, өз басыңа келеді.
Екі езуді керуге болмайды. Жаманшылық шақыру белгісі болып саналады.
Ішекті тартуға болмайды. Жаманшылық шақыру белгісі болып саналады.
Құдайға тіл тигізуге болмайды.
Тырнақты тістесе, ырыс - несібе кетеді.
Тырнақ пен бастың шашын бейсенбі мен жұмадан басқа күндері алады.
Сейсенбі күні үлкен іске кіріспейді, түнгі қонаққа мал сойылмайды, жаңа мекенге көшпейді, тіпті малды да санамайды. Қазақ халқында сәрсенбі сәтті күн болып есептеледі. Сондықтан барлық істі сәрсенбі күні бастайды.
Түнде айнаға қарамайды. Адам түнде айнаға қарағанда қатты шошынуы мүмкін.
Итті, мысықты тебуге болмайды. Өйткені әрбір жан - жануардың киесі болады.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Адамның іс-әрекетіне қатысты тыйымдар мен ырымдар

Адамның іс-әрекетіне қатысты тыйымдар мен ырымдар

Тыйымдар Ер адам төрге қарап жүрелеп отырмайды, өйткені ол қырық адамның жолын бөгейді. Егер әйел жүрелеп отырса, онда қырық адамның жолын оңғарады....
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары

Қазақтың ырымдары мен тыйымдары

Тыйымдар Нәрестенің бетіне ай сәулесін түсірмейді. Ай сәулесі бетіне түссе, ол ауруға шалдығады. Жаңа туған баланың кіндігі қатқанша, күн батқаннан...
Құйылған тегін ақша құт болмайды

Құйылған тегін ақша құт болмайды

Құйылған тегін ақша құт болмайды, Ешқашан еңбекшіл қол сұқ болмайды. Тер төккен адал істе ер басынан құт таймайды... үйінде жұт болмайды!...
Өсиет өрнектері

Өсиет өрнектері

Әлбетте, ата - бабалардан аманат - мирас болып қалған һәм ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнегелі өсиет, жаһандану мен өркениеттенудің...
Қауіпсіздік ережелері (технология пәні бойынша)

Қауіпсіздік ережелері (технология пәні бойынша)

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ Қол инесімен жұмыс: 1. Үнемі арнаулы қобдишада сақтау керек. 2. Инені киімге қыстыруға болмайды. 3. Тігіс кезінде ине жібін...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×