Сайтқа кіру Тіркелу

Қыздардың туған отбасынан ажырауы

Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
ҚЫЗДАРДЫҢ ТУҒАН ОТБАСЫНАН АЖЫРАУЫ
Жара - Шешен бір күні адамдардың ғұмыр мерзімін жария етуге келіп, қыздары көп үйге бұрылыпты. Аттап кіргені сол екен, күлегеш қыздар оның сұсты түрін келеке етіп күліпті.
Бұл мазаққа ызаланған Жара - Шешен сонда оларға былай деп айтыпты:
Үлкен Тәңір мені сендердің ғұмыр шектеріңді белгілеуге жіберді, ал сендер келеке қыласыңдар. Сол үшін жазаларыңды тарттырамын. Әрқайсыңның пешенең мынадай болады:
Туғаныңды жат етер, қара болсын бауырың,
Алсын билеп ойыңды бөтен елдің ауылы.
Ою - өрнек кестемен болып сенің жасауың,
Туған әке - шешеден шарт үзілсің тұсауың.
Болғайсың сен кәрі аттың қабырғасындай төзімді,
Туған үйден тал түсте кетсін алып өзіңді.
Сұлулығың жат үйдің қызығына көрінсін,
Шашың сенің бүгіннен қос бұрым боп өрілсін.
(аударған Қорғанбек Аманжолов)
Осы кезден бастап қыздардың ақыл - ойы мен сезімдеріне өзгеріс енді, олар күйеуге шығып, ата - анасының ошағынан аулаққа кете бастады. Ал оған дейін барлығы бір үйде тұрып ұрпақ жайған, ешқандай туыстық пен жұбайлық заңдарын білмеген, саналары жануарлардан озық болмаған.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сиқырлы жады - тас жайындағы миф

Сиқырлы жады - тас жайындағы миф

Егер Жады - тасты аңдаусызда өзенге түсіріп алса, қырық күн, қырық түн толассыз қар жауады. Кез келген өртті өшіруге де сиқырлы тастың көмегі тиеді....
Құттық

Құттық

«Құттық» /дәстүр/. Келін түсіріп, құдағи, құдашаларын аулына аттандырған келін атасына ауылдың оң жақта отырған бойжеткендері келіп «құтты болсын»...
Еркіліктің он сегіз тозағы

Еркіліктің он сегіз тозағы

Үлкен Тәңір Еркілікті жер астына айдап түсіргеннен кейін Үш Құрбыстан оған өлгендердің жандарын сотқа тартып, жазалауды тапсырды. Осылайша, барлық...
Тяран-Мызықайды сәуегейлігі

Тяран-Мызықайды сәуегейлігі

Жалмауыз аждаһаны жеңген Тяран - Мызықайдың кейпі адам тәріздес болып, жер бетін шарлап жүргенімен, оның кім екенін, қайдан келгенін ешкім білмеген....
Сергей Есенинге

Сергей Есенинге

Әй, Сергей! Сергей, Сергей, Сергей, Сергей! Түстім-ау сергелдеңге мен де сендей. Аулаққа, тым аулаққа кеттім білем, Жаны ашып, ақыл берген елге...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×