Туыстық атаулар сыры
Әлбетте, қазақ халқының тек тану дәстүрі бойынша әр азаматтың үш жұрты болады. Ол ағайын, яғни өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Бұл үшеуі де жанашыр, сүйеніш, қорғаныш болып саналады. Халық осы үш жұртына былай деп баға берген екен:
Өз жұртың – күншіл, бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бере алмайды, жақсы болсаң күндейді, жаман болсаң жүндейді.
Қайын жұртың – міншіл, қолыңның ұзындығына қарайды, жағаңның қызылдығына қарайды, берсең жағасың, бермесең дауға қаласың.
Нағашы жұртың – сыншыл, жақсылығыңа сүйінеді, жамандығыңа күйінеді, әрқашан тілеуіңді тілейді, тілеуқор қамқоршы болады.
Тегін айтылмаған бұл қағиданың шындығы да бар.
Туыстық негіз бен атаулар осы үш жұрттан басталып, жақындық, іліктік қатынас «ағайын», «туыс», «нағашылы - жиенді», «ілік», «жамағайын», «жекжат», «жұрағат», «құдандалы» деп аталады. Мұны бір сөзбен «туыстық атау» дейміз. Қазақтар жүзге, тайпаларға, руларға бөлінгенімен бірін - бірі бөтен санамаған, «Сұраса келе қарын бөле шығармыз» деп аты - жөнін, іліктік қатынасын да сұрастырып, біліп отыру дәстүрге айналған. «Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» дейді. Бұл қазақ үшін бұлжымас заң.
Оны айтамыз - ау, «қаны бір қазақпыз» деп бүкіл үш жүздің азаматын, «түбі бір түркіміз» деп қырғызды, башқұртты да, «өзбек – өз ағам» деп оларды да бауырына тартатын бауырмал халықпыз. Жалпы қазақ халқы кімді де, қай ұлтты да сыртқа теппеген, қайта жақын тартып жанса жүрген. Ал өз қандасына келгенде, әрине, «қанына тартпағанның қары сынсын» деп барын ортаға салған, қауымдасып, туыстықтың туын, ер, ел намысын жоғары ұстаған.
Халқымызда туыстық, іліктік қатынастардың көптеген атаулары және оның соған лайық жол - жоралғылары да бар. Халықтың сол атауларын, оның сырларын білгеннің зияны жоқ. Ескерте кететін бір жайт: туыстық қатынас пен атаулар жігіт жағынан көрсетіледі.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Туыстық атаулар сыры
- ramuk_b
- 23 қыркүйек 2020
- 1873
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қазақтың салт дәстүрлері, адамның үш жұрты туралы
Ұқсас жаңалықтар:
Туыстық атаулар сыры
1. Ағайын жұрт Ағайын. Туыс – деп бір рудан, тайпадан өсіп, өрбіген ұрпақтар қауымы мен бірлігін айтады. «Ағайын» немесе «туыс» деп те атала береді....Туыстық атаулар сыры
Ана (әйел) – өзіңді өмірге әкеліп, түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүт берген аяулы адамың. Әр ұл мен қыз ата - анаға мәңгі қарыздар....Нағашы жұрт жайлы
Нағашы жұрт - туған ананың әке-шешелерінен бастап, барлық аталас ағайын-туыстары мен үрім-бұтақтары. Нағашы (ер, әйел) - ананың төркін жұрты. Нағашы...Қазақтың туыстық атаулары
Қазақ халқының туыстық атауларын біліп жүрейік. Көптеген жастар жиен мен жиеншарды ажырата алмай жатады. Сондықтан жастар туыстарыңызды қалай...Бала тәрбиесіндегі басты мектеп - отбасы
Мақсаты: Отбасындағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата - ана...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.