Сайтқа кіру Тіркелу

Балаға қатысты тыйымдар мен ырымдар

Қазақтың ырымдары мен тыйымдары
Балаға қатысты тыйымдар мен ырымдар
Ырымдар
Сәбиге көз тимес үшін бетіне күйе жағып, үстіне ескі киім кигізеді.
Бойына бала бітпей жүрген әйел баланың ит көйлегін ырым етіп қалап алады.
Баланың қарын шашын адам аяғы баспайтын жерге көміп тастайды. Өйтпесе, бала бақытсыздыққа ұшырайды.
Сәбидің аяғын басып тез жүріп кетуі үшін тұсауы кесіледі.
Нәрестені тіл - көзден сақтау үшін оның бесігіне, киіміне тұмар ретінде жыланбас, үкі, тоғыз моншақ, күміс тиындарды іліп қояды. Сәбиге «көз тиді» деп секем алған жағдайда сол адамның үйінен бір нәрсесін әкеліп түтетеді.
Баланы асырап алғанда ер балаға – асықты жілік, қыз балаға тоқпан жілік ұстатып, көпшілікті бұған куә етеді.
Үйге кіріп келе жатқан бала есік алдына құлап қалса, үйге береке, ырыс, байлық келді деп қуанады.
Сәби тоңқайып, екі аяғының астынан қараса, күткен жолаушы немесе қонақ келеді.
Бала тұрмай, шетәней берген жағдайда оны басқа адам өтірік сатып алады.
Әйелдің екіқабат кезінде жерігі қанбаса, баланың аузынан су ағып жүреді.
Әйел не еркек жұмыс істеп жатқан үйге келгенде, қолғабыс жасамаса, баласының белі бүкір болады.
Бала алғаш жолға шыққанда тоқым - қағар жасап тойлайды.
Сәби анасынан ұстап отырып емсе – сараң, еркін отырып емсе – мырза, жомарт болады.
Сәби көзін ашып ұйықтаса, жары сұлу болады.
Есіктің тұтқасын жуған сумен көз тиген баланың бетін, екі алақаны мен табанын жуса, тәуір болып кетеді.
Көз жара шыққан балаға сойған малдың немесе құстың көзінің суын жақса, жазылып кетеді.
Бала тілін шығарса, тіл келеді, яғни хабар келеді деп жориды.
Сәбидің тілі мезгілінде шықпаса, нағашысының үйіне апарып бір қойды сойып, соның ішегімен буындырады.
Бөбек алақанын шапалақтаса, қуанышты хабар келеді.
Перзентсіз ерлі - зайыптылар мойнына көгеннің бұршағын салып бала тілейді.
Бала қаспақ жесе, үйлену тойында жаңбыр жауады.
Баланың мойны тез және түзу беку үшін оның шілдеханасына сойған қойдың мойын омыртқасын тұтасымен асып, тесігінен шыбық өткізіп, кептіріп қояды.
Шала туған баланы тымаққа салып, неше күні кем болса, сонша күн кереге басына іліп қояды.
Қалы, меңі үлкейіп кетпесін деп, қалымен туған балаға «Қалдыбай», «Қалдыгүл», «Меңдігүл», «Анарбай», «Анаргүл» деп ат қояды.
Сәби өз үйіне «ассалаумағалейкүм» деп кірсе, ол үйге кешікпей қонақ келеді.
Сәби қолындағы заттарын «шашу» деп шашса, ол үйде той болады.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары: Адамның іс - әрекетіне қатысты

Қазақтың ырымдары мен тыйымдары: Адамның іс - әрекетіне қатысты

Ырымдар Ұртын не тілін тістеп алған адамның үйіне ашыққан кісі келеді. Адамның оң көзі тартса – қуанады, сол көзі тартса – ренжиді....
Адамның іс-әрекетіне қатысты тыйымдар мен ырымдар

Адамның іс-әрекетіне қатысты тыйымдар мен ырымдар

Тыйымдар Ер адам төрге қарап жүрелеп отырмайды, өйткені ол қырық адамның жолын бөгейді. Егер әйел жүрелеп отырса, онда қырық адамның жолын оңғарады....
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары

Қазақтың ырымдары мен тыйымдары

Тыйымдар Нәрестенің бетіне ай сәулесін түсірмейді. Ай сәулесі бетіне түссе, ол ауруға шалдығады. Жаңа туған баланың кіндігі қатқанша, күн батқаннан...
Қайырымды қоян

Қайырымды қоян

Мейрам күні әке - шешесі кішкене баласын қонақ шақырып келуге жұмсайды. «Ана ағаңды, мына атаңды, әне бір жездеңді шақыр...» - деп, екеуі көптеген...
Сәби болғым келеді

Сәби болғым келеді

Құс та болғым келмейді! Қанатым бар.. Қанатым бар күмістен жаратылған. Сәби болғым келеді, сәби болғым, Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×